Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 22:14, реферат

Описание

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.
Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер және т.б.) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Жануарлар дүниесінің құқықтық қорғау және пайдалану объектісі ретінде ұғымы.
1.2. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері, жануарлар дүниесін пайдалану құқығының пайда болу, тоқтату негіздемесі.
1.3. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі..doc

— 271.21 Кб (Скачать документ)

                                      Жоспар:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Жануарлар дүниесінің құқықтық қорғау және пайдалану объектісі ретінде ұғымы.

1.2. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері, жануарлар дүниесін пайдалану құқығының пайда болу, тоқтату негіздемесі.

    1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.

              ҚОРЫТЫНДЫ

              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

                                КІРІСПЕ      

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.

Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер және т.б.) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне негізделеді.

2004 жылғы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.

Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.

ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1-бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық үғымы беріледі.

Жануарлар дүниесі, Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың жиынтығы. Бұл ретте заң, нақты қандайжануарлардың осы заңның аясында реттелетінін де анықтап берді, яғни олар табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырмен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ молюскілер, бунақ денелілер және т.б.).

ҚР Конституциясының 6-бабына және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңға сәйкес Жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікте болады.

Жануарлар дүниесінің тіршілік ету ортасынан әкетілген, сондай-ақ еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын объектілері оларды тапқан, өсіретін және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады. Осылайша, ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі заңнамасы табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейді. Ауыл шаруашылық және үйге үйретілген басқа да жануарларды, сонымен қатар еріксіз ұсталатын жануарларды қорғау және пайдалану саласындағы қатынастар басқа заңдар мен нормативті құқықтық актілермен реттеледі.

Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлі алуандылығын сақтау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі (Осы Заңның 3-бабы).

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды қамтамасыз ету үшін жануарлар дүниесі түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы, олардың саны, тұрақты жүргізілетін бақылаулардың нәтижелері, оларды шаруашылық мақсатта пайдаланудың көлемі сияқты басқа да қажетті мәліметтердің жиынтығын қамтитын мемлекеттік есептеу, кадастр және жануарлар дүниесінің мониторингі жүргізіледі (Осы Заңның 11-бабы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жьілғы 5 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі. Су ресурстары мен басқа да су жануарларын және су ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы жануарлардың басқа түрлерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және мониторинг жүргізуді жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

1.2. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері, жануарлар дүниесін пайдалану құқығының пайда болу, тоқтату негіздемесі.

Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түріне - жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілігінің өнімдерін тіршілік ету ортасынан алып пайдалану жатады.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға - жануарлар дүниесі объектілері мен олардың пайдалы қасиеттерін табиғи ортадан алып қоймай пайдалану жатады. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми, мәдени ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

Аңшылық;

Балық аулау, бұған омыртқасыз су жануарлары мен су сүтқоректілерін аулау да кіреді;

Аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану;

Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану;

Жануарлардың пайдалы қасиеттері мен олардың тіршілік өнімдерін пайдалану.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға мынадай мерзімдер бөлінеді:

Аңшылық және балық аулау шаруашылығы үшін биологиялық-экономикалық зерттеулердің, аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру конкурсына қатысушыларға қойылатын санаттық талаптардың, аңшылық және балық аулау шаруашылығын дамыту жоспарларының негізінде конкурстық комиссия белгілеген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының бекітілген мерзіміне байланысты 9 жылдан 49 жылға дейін;

Қалған түрлеріне 1 жылдан артық емес.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану ешқандай рұқсатсыз, тегін жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға пайдалану мерзімі белгіленбейді (Осы заңның 24-25-баптары).

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларына сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.

Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарларды табиғи ортадан алғаны үшін төленеді.

Төлем жануарлар дүниесінің келесі категориялары үшін белгіленеді:

Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері; Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері;

Басқа шаруашылық мақсаттар үшін (аңшылық пен балық аулаудан бөлек) пайдаланылатын жануарлар түрлері.

Аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдалану үшін, осы жануарлардың құнды түрлеріне ғана төлем белгіленеді.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін төлем әрбір бөлек жағдайда, осы жануарларды табиғи ортадан алуға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленеді.

Төлемшілер жеке және заңды тұлғалар, яғни жануарлар дүниесін пайдаланушылар болып табылады.

Төлем ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Төлем мөлшері жануарлар санына (су жануарларының кейбір түрлерінің салмағына) және ставкілерге байланысты анықталады.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен аң аулау объектілері болып табылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері; балық аулау объектілері болып табылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері; басқа шаруашылық мақсатта пайдаланылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері бекітілген.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға беру Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат ету негізінде жүзеге асырылады.

Осылайша ҚР Үкіметінің 2004 жылы 31 желтоқсандағы қаулысымен жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін арнайы падалануға рұқсат беру тәртібін анықтайтын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру Ережелері бекітілді.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беретін уәкілетті органдар:

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, балық және басқа да су жануарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;

Су ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.

Рұқсат беру талаптары және тәртібі. Уәкілетті орган пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсат береді: аңшылық пен балык аулау объектілері болып табылмайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға; Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалануға; Жануарларды мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эсте-тикалық мақсаттар үшін пайдалануға; Жануарлар тіршілігінің өнімдерін және пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатына.

Аңшылық шаруашылығы ұйымдарына аң аулауға рұқсатты тиісті уәкілетті органның аумақтық органдары бекітілген жануарларды алу квоталары шегінде береді. Аңшылық алқаптарының резервті қорында аң аулауға рұқсат беру уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

Балық шаруашылығы ұйымдарына балық аулауға рұқсатты тиісті уәкілетті органның аумақтық органдары бекітілген жануарларды алу квоталары шегінде береді.

Саны реттеуді қажет ететін жануарлар түрін алуға рұқсат тиісті уәкілетті орган анықтаған, жануарлар санын реттеу тәртібіне сәйкес беріледі.

Әуесқойлық (спорттық) аңшылық пен балық аулаудан бөлек, жануарлар дүниесін пайдаланудың түріне қарай пайдалануға Рұқсат алуды көздеген тұлгалар тиісті уәкілетті органға немесе аумақтық органдарға өтінім табыс етеді.

Өтінім нысаны тиісті уәкілетті органмен бекітіледі. Өтінімде:

өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттері, жеке тұлғалар үшін төлқұжат деректері, шетелдіктер үшін қосымша - келу, кету датасы көрсетілген Қазақстан Республикасында бөлу мерзімі, келу мақсаты, қозғалу бағыты, уақытша тұратын мекен жайлары);

Жануарлар дүниесін пайдалану түрі;

Алып қою мақсаты;

Тіршілік ету ортасынан алып қоюды жоспарлаған жануарлар дүниесі объектілерінің тізімі және мөлшері;

Жастық, жыныстық құрамы (қажет жағдайда); алып қою мерзімі;

Информация о работе Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі