Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 22:14, реферат

Описание

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.
Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер және т.б.) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Жануарлар дүниесінің құқықтық қорғау және пайдалану объектісі ретінде ұғымы.
1.2. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері, жануарлар дүниесін пайдалану құқығының пайда болу, тоқтату негіздемесі.
1.3. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі..doc

— 271.21 Кб (Скачать документ)

Алып қою көзделген аудан (аймақ) және учаске шекаралары;

алып қою тәсілдері (аулау, ату, жинау) көрсетілуі тиіс.

Өтінімге келесі құжаттар қосылып тапсырылады:

Құрылтайшылық қүжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе заңды түлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем құжаты;

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі;

Алып қою және аулау құралдарының, жүзуші құралдардың тізбесі;

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрін алып қоятын жағдайда Қазақстан Республикасының шешімі;

Берілген рұқсаттар туралы есеп (алдын ала рұқсаттар берілген жағдайда).

Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты көрсетілген құжаттардан бөлек, өтінімге қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

Аң аулау және балық аулауға (алғашқы өтінім беруде):

Облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекіткені жөнінде шешімінің көшірмесі;

Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарын бекіткені жөнінде шешімінің көшірмесі;

Балық аулауға келісім шарттың көшірмесі;

Аңшылық шаруашылығын жүргізуге келісімшарттың көшірмесі;

Балық шаруашылығын жүргізуге келісімшарттың көшірмесі;

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін жағдайда - аңшылық шаруашылығы ұйымымен шетелдіктердің аң аулауды ұйымдастыру туралы келісімшартының көшірмесі;

Аң аулау мен балық аулаудың объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін (алғашқы өтінім беруде):

аң аулау мен балық аулаудың объектілеріне жатпайтын жануарларды пайдалану арқылы шаруашылық қызмет атқаруға негіз болатын құжат (лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, аталмыш шаруашылық қызметті жүргізуге құқық беретін басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық са-раптаманың қорытындысы);

Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану үшін (алғашқы өтінім беруде):

ғылыми ұйымның ғалымдар кеңесімен бекітілген ғылыми-тақырыптық жоспардан үзінді көшірмесінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

аймақтық уәкілетті орган бекіткен ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшірмесі (бақыланатын балық аулау кезінде);

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - уәкілетті органмен арадағы келісімшарттың көшірмесі.

Рұқсаттама беру кезінде:

өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық көлемде берілмеуі;

өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі;

экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.

Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өтінім мен оған қосылған құжаттарды қарап, 10 күн ішінде рұқсаттама беруді жүзеге асырады немесе бас тартқан жағдайда себебін түсіндіріп кері қайтарады.

Рұқсаттама өтініш берушіге немесе сенімхат арқылы басқа адамға рұқсаттама жүргізу журналына қол қою арқылы беріледі.

Рұқсаттаманы басқа заңды немесе жеке тұлғаға қайта тапсыруға жол берілмейді. Рұқсаттама формасын, соған қатысты түгендеу және есеп жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті орган белгілейді.

Келісім шарттың ережелеріне сай балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында жүргізілсе, онда рұқсаттаманың иесіне уәкілетті органның аумақтық органымен расталған уәкілетті органның аумақтық органында тіркелген әрбір учаскеге берілген рұқсаттаманың көшірмесі беріледі.

Рұқсаттамада:

Рұқсат берген уәкілетті органның аумақтық органының атауы;

Занды түлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының аты, жөні, әкесінің аты немесе рұқсаттама берілетін жеке тұлғаның аты, жөні, әкесінің аты.

Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;

Алып қою мақсаты;

Алып қоюға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі немесе олардың тіршілік өнімдері, салмағы (биомасса); жастық, жыныстық құрамы (қажет жағдайда); алып қою мерзімі;

Алып қою тәсілдері (аулау, ату, жинау);

Алып қою көзделген аудан (аймақ) және учаске шекаралары;

Жануарлар дүниесінен немесе олардың тіршілік өнімдерін алып қою тәсілдері және құралдары, пайдаланылатын жүзуші құралдар;

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың саны;

Аңшының куәлігінің нөмірі мен берілген күні (тек аңшылық мақсатқа рұқсаттама берілген жағдайда);

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдер сомасы, төлем фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасау арқылы көрсетілуі тиіс.

Аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрін пайдалануға берілетін рұқсаттама марка түрінде де болуы мүмкін. Маркада: әрекет мерзімі, жануардың бейнесі мен атауы, бір дараққа төленетін төлем ставкасы көрсетіледі. Пайдалануға берілетін рұқсаттама марка түрінде болуы мүмкін аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар тізбесін тиісті уәкілетті орган бекітеді.

Рұқсаттама беру тиісті уәкілетті органның аумақтық органымен арнайы «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру есебі мен тіркеуі» журналында тіркеліп отырады.

Журнал нысаны тиісті уәкілетті органмен бекітіледі.

Бір жыл көлемінде берілген рұқсаттамалар туралы ақпарат уәкілетті органға беріледі.

Аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрін пайдалануға берілетін рұқсаттаманың жарамды мерзімі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

Рұқсаттаманың жарамды уақыты аяқталғаннан соң бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға оны пайдалану нәтижелері туралы есеп беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.

 

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде:

Жануарлар дүниесін пайдаланудың оларға рұқсат етілген түрлерін ғана жүзеге асыру;

Жануарлар дүниесі объектілерін олардың ұсынылу жағдайларына сәйкес пайдалану;

Өндірген жануарлар дүниесі объектілері мен сол кезде алынған өнімге меншік ету; жолдамалар беру;

Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасасу құқығына ие.

Арнайы пайдалану кезінде жануарлар дүниесін пайдаланушылар: Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын орындауға;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасыида көзделген тәртіп бойынша жануарлар дүниесін пайдалану үшін төленетін төлемдерді уақтылы жүргізуге;

Шаруашылық ішілік аң аулау ұйымдастыруға;

Шаруашылықішілік балық аулау ұйымдастыруға;

Жануарлардың тіршілік ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;

Жануарлар дүниесін пайдалану кезінде халық пен қоршаған ортаға қауіпсіз, табиғи қауымдастықтардың бүтіндігін бұзуға және жануарларға қатыгездік танытуға жол бермейтін әдіс-тәсілдерді пайдалануға;

Жануарлар дүниесі объектілерінің сандық есебін жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы тәртіппен есеп беруге;

Жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз етуге;

Биологиялық-экономикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралар өткізуге міндетті.

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жалпы пайдалану кезінде өздерінің мәдени және эстетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға құқылы.

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жалпы пайдалану кезінде:

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын орындауға

жануарлардың тіршілік ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басқа да талаптарды орындауға міндетті.

Жануарлар дүниесі объектілерін биологиялық қару ретінде пайдалануға тыйым салынады (Заңның 23-бабы).

Мемлекеттік органдар, жауапты түлғалар мен ұйымдар тарапынан жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметіне заңсыз араласуға тыйым салынады (Заңның 27-бабы).

Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді.

Жануарларды алып қоюға лимит дегеніміз, жануарлардың табиғи өсімі мен саны сақталатын алып қоюдың жол берілген шекті көлемі.

Жануарларды алып қоюға лимит, жануарлардың өткен жылғы санының есебі мен жануарлар дүниесі объектілеріне және олардың тіршілік ету ортасына жүргізілген мониторингтің, ғылыми зерттеулердің материалдары негізінде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес анықталады және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

Бірнеше мемлекеттердің аумағында жылыстайтын немесе мемлекетаралық маңыздағы су айдындарында мекен ететін жануарларды алып қоюға лимит халықаралық келісімдер негізінде, ал ол болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

Жануарлар дуниесі объектілерін алып қоюга лимит жыл сайын ҚР Үкіметімен бекітіледі.

Жануарларды алып қоюға квота жануарларды алып қоюға аңшылық және балық шаруашылығымен айналысатын ұйымдар үшін белгілі бір мерзімге белгіленетін лимиттің бөлігі.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін уәкілетті орган бөлек квота тағайындайды (Заңның 29-бабы).

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану 
саласындағы нормативтер жануарлар дүниесін, олардың тіршілік 
ету ортасын сақтауды және оны тұрақты пайдалануды қамтама- 
сыз етуге қажетті көрсеткіштердің сандық және сапалы құқығы 
маңызын анықтайды.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулердің негізінде белгіленеді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жүргізілетін іс-шараларды өткізу мен шаруашылық және басқа да қызмет түрін жоспарлау мен жүргізуде міндетті болып табылады (Заңның 31-бабы).

ҚР Үкіметі 2000 жылдың 28 маусымында «Республикадағы жануарлардың жекелеген түрлерін пайдалану тәртібі туралы» Ережелерді бекітті. Оған сәйкес, арнайы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің және ғылыми-зерттеу мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі өсімін молайту, ғылыми және басқа да мақсаттарды көздейтін ерекше жағдайларда, табиғаттан құс аулауға (алып қоюға) байланысты әрбір жеке жағдайда рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті органның Республика Үкіметінің тиісті шешімінсіз немесе Республика Үкіметінің шешімінде көрсетілмеген тұлғаларға құс аулауға, оның ішінде қыран аулауды ұйымдастыруға рұқсат беруіне тыйым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.

Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер және т.б.) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне негізделеді.

2004 жылғы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.

Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.

ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1-бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық үғымы беріледі.

Информация о работе Жануарлар дүниесінің құқықтық режимі