Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:01, курсовая работа

Описание

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

1.1.Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
1.2.Кәсіпкерлік қызметті дамыту.
1.3. Шағын бизнестің мазмұны.
1.4. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы.

Работа состоит из  1 файл

10.Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет тиімділігін талдау.doc

— 170.00 Кб (Скачать документ)


1.1.Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.

1.2.Кәсіпкерлік  қызметті  дамыту.

1.3. Шағын бизнестің  мазмұны.

1.4. Қазақстанда  шағын  бизнестің  қалыптасуы  мен дамуы.

 

 

1.1Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.

     Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

      Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

      Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл – ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың аажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

         Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай – ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары құрал – жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамыту күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

   

 

  1.2     Кәсіпкерлік  қызметті  дамыту.

            Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.

           Кәсіпкерлік мәселелерді бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «Кәсіпкерлік жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.

           Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды:

«Белсенді іс-әрекеттер арасында» келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:

1.      Өз қызметінің стратегиялық бағыт-бағдарын жеке түсіне білетін;

2.      Уақытты, жаңалықтар  мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз  ағымынан қалып қоймай,  оларды тиімді  пайдалана  алатын;

3.      Ұйымдастырудың,  жұмыс  режимінің  тиімді  түрлерін,  ресурстар  мен  жұмыскерлер  күш  жігерінің  тиімді үйлесімін,  арақатынасын  таба білген;

4.      Біріккен  еңбек  оның  барлық  қатысушыларын  қанағаттандыратын  жағдайда  ғана  табысқа  жетуге  болады.

        Кәсіпкерлікті  дамытудың  бұл  шарттары  нарықтық  экономикаға  өтудің  бастапқы  кезеңінде  тұрған  елдер  үшін  өте  құнды.  Бұл  әрине,  Қазақстанға  да  қатысты.

        Кәсіпкерлікті  жетілдіру  экономиканың  тұрақтылығы  мен  оның  бәсекелік  сипатын  қалыптастыруда  басты  күштерінің  бірі  болып  табылады. Кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  субъктінің  белгілі  бір дәрежеде  еркіндігі  мен  құқығы,  шаруашылық  қызметінің  бағытын  таңдауда  еріктігі,  қабылданатын  шешімдерге,  одан  туындайтын  нәтижелерге  тәуекелдіктің  болуы  қажет.  Кәсіпкерлік  даму  үшін  оның  құқықтық  базасы,  әлеуметтік-экономикалық  шарттары  қалануы  керек.  Республикамыздағы   кәсіпкерліктің  экономикалық  мәнін  тереңнен  түсінуге   «Қазақ  КСР-індегі  шаруашылық  қызмет  еркіндігімен  кәсіпкерліктің  дамуы»  туралы  заңның  қабылдануы  жол  ашты.  Бұл  заң  азаматтар мен   заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметінің  еркіндігін   қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік  шаралар  мен  кепілдіктерді  анықтап  береді.

    Еркін  кәсіпкерлік  меншіктің  әр  түрлі  формада,  түрде,  типте  болуын қалайды.  Кәсіпкерлік  қызметтің  орын  алар  жері  ең  алдымен –кәсіпорын.  Заңмен  бекітілген  іскерлік  қызметті  ұйымдастырудың  әдістері  бизнестің  немесе  кәсіпкерліктің   ұйымдық-құқықтық  формасы  деп  аталады. Нарықтық  қатынастарға  өтуде   халықты  кеңінен  кәсіпкерлікке  тарту  қажет.  Нарықтық  экономиканың  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  нарықтық  іс  басындағы  субъктілердің  толық  өзін-өзі  басқаруы  мен  олардың  экономикалық  тәуелсіздігі  болуы  қажет.

      Халық  шаруашылығында  жұмыс  істейтін  кәсіпорын  ұйымдық-құқықтық  құрылысы,  масштабы,  қызмет  ауқымы  жағынан  әр  түрлі  болып  келеді.  Құқықтық  және  өндірістік  жағынан  алғанда  олар  жекелеген  топтар  мен   түрлерге  бөлінеді.  Олар:  шаруашылық  серіктестіктері,  акционерлік  қоғамдар,  өндірістік  кооперативтер,  сондай-ақ  мемлекеттік  секторында – мемлекеттік  немесе  ұлттық  және  муниципалдық  кәсіпорындар.

       Серіктестікке  қатысушылар  мүлікті  жауапкершілігінің  деңгейіне  қарай: толық,  аралас,  шектеулі  болып  бөлінеді.  Акционерлік  қоғамдар –бұл  жарғылық  капиталы  акцияларға  аударылған  шаруашылық  бірлестігі.  Олар  екі  түрге  бөлінеді: ашық  және  жабық  түрденгі  акционерлік  қоғамдар.

        Кәсіпорын  есейген  сайын,  оның  табысқа  жету  мүмкіндігі  де  арта  түседі.Басшысы  бір,  ұзақ  өмір  сүрген  кәсіпорын,  басқа  кәсіпорындарға  қарағанда  жоғары  және  тұрақты  табыс  табады.  Бизнес  субъктілерінің  сәтсіздікке  ұшырауы  кәсіпкерлердің   дайындығы  төмен  болуымен  айқындалады.  Кәсіпорын  басшылары  жұмысты  бірлесіп  атқарса,  онда  тиімділік  артады.  Себебі  бірлескен  шешім  қабылдаудың  маңызы  өте  зор.  Бір  мезетте  пайда  болып,  содан  кейін  жоқ  болатын  қоғамдық  қажеттіліктерді  тұрақты  түрде  іздестіру  және  оған  бейімделу  бизнес  стратегиясының  негізін  құрайды.

        Бизнес –бұл  адамдарды,  яғни  тұтынушыларды  өз  қаржысын  сізге  беруге  ынталандыратын   өнер.  Бұл  өнер  коммерция  заңдарына,  кәсіпкерлердің  үлкен  еңбегі  мен  тәжірибесіне  негізделеді.  Кәсіпкерлік  өндірістің,  нарықтың  және  бүкіл  қоғамның  дамуына  ықпал  етеді.

        Сонымен,  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік-шаруашылық  қызметінің  маңызды  түрі.  Оның  ролін  Адам  Смит  былай  деп  бағалаған  болатын: «Кәсіпкер  өз  мүддесін  өзі  үшін  ұтымдылық  жағдайды  көздейді  дей  тұрғанмен,  ол  қоғам  мүддесіне  де  қызмет  етеді».  Қазіргі  экономикакәсіпкерлікті   шаруашылықты   ұйымдастырудың  түрі  ретінде  анықтайды.  Кәсіпкерлердің  экономиканы  өрлетуге  қосар  үлесі  өте  зор.

         Кәсіпкерлердің  өздеріне  ғана  тән  ерекше   этикасы  және  дүниетанымы  бар.  Бұл  жағдайға  қарап,  біз  кәсіпкерліктің   ерекше  бір  философиясы  бар  екенін  айтуымызға  болады.  Кәсіпкерлік  философиясы  өндіріс  пен  қоғамның  дамуының   әсерінен  өзгеріп  тұрады.  Ал  кәсіпкерлік  философиясыныңнегізі  тұрақты  болып  келеді.  Себебі  қоғамдық  өмір  мен  адамдардың  қатынастары  өзгеріп  тұрады,  ал  нарықтық  орта  мен  заңдар  өзгеріссіз.

        Кәсіпкер  әрқашанда  анықталмаған  жағдайда  қызмет  жасайды.  Әр  нәрсе,  әр  тенденция  мәңгі  болмайтындықтан  нарық  субъетілерінің  мінез-құлқы   әрқашанда  өзгермелі.  Егер  кәсіпкер  экономикалық,  саяси,  технологиялық,  әлеуметтік  ортаға  бейімделе  алмаса,  онда  оның  орнын  басқа  кәсіпкер  басады.  Кәсіпкер  әрқашанда  күтпеген  жағдайларға  дайын  болуы  керек,  оларды  болжай  алуы  қажет.

         Қазақстанда  жүргізіліп жатқан  реформалардың түпкі  мақсаты  әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға  қызмет ету» режиміне ауыстыру  қажет.  Әлемдік тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  бұл  мақсатқа  экономикалық  қатынастардың  кәсіпкерлік  типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл  бастама толық еркіндік  пен жауапкершілік, нарық  конъюктурасын бақылау  мен  қажеттілікті  іздеу,  бәсекелік  күрес  тактикасы мен инвестициялау  мәселелерін  талдау. 

         Индустрия, энергетика, Сауда министрлігі  мен  Қаржы  министрлігі  министрліктердің,  ведомстволардың және кәсіпкерлер бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың 1998-2000  жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын  жасап,  оны  Үкіметтің  қарауына  берді. 

         Республикада  кәсіпкерлікті  дамытуға  үлкен  ден  қойылып, біратар  заңдар  мен жарлық,  қаулылар  қабылданған.  Атап  айтқанда,  алғашқы құжаттардың   бірі  болып  «Жеке кәсіпкерлікрті қорғау және қолдау туралы»  Заңы 1998  жылдың  4 шілдесінде  қабылданып,  онда  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қорғау және қолдауддың мәні  мен  мазмұны,  басты  мақсаттары  мен  бағыттары  айқындалды.  Кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қорғау  және  қолдау  дегеніміз  -  аталған  қызметті  орындаудағы  құқықтық ,   экономикалық  және  ұйымдастырушылық  жағдайды  орнату  болып  табылады.  Республикада  «Кәсіпкерлікті  қолдау  мен  бәсекені  дамыту  жайындағы»  мемлекеттік  комиссия  өз  қызметін  бастады.  Жалпы  бағыттық  іс - әрекеттерді  жүйелі  орындау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қорғау  және  қолдаудың  1994 – 1996 жж.  Арналған  бағдарламасы  жасалынды.  Аталған бағдарламаның  басты  мақсаты  -  экономикада  жеке  меншіктік  секторын  қалыптастыру  және  дамыту,  кәсіпкерліктің  инфрақұрылымын  қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің  инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел  Президентінің «Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлікпен  айналасуға  еріктілігі  жөніндегі  құқығын  қорғау  туралы»  Жарлығының қабылдануы мемлекеттің  кәсіпкерлікті  дамыту  мәселесіне  зор  маңыз  бергенін  дәлелдейді.  Әр  жылдың  сәуір  айында  Алматыда  өтетін  республика  кәсіпкерлерінің  жыл  сайынғы  форумында  да осы  мәселеге  көп көңіл  бөлінеді.  Мұнда  кәсіпкерліктің  дамуына  баға  беру  мәселесі  қаралып,  оның  нәтижесінде  кәсіпкерлікті  дамытудағы  кедергілер  мен  оларды  жою  бағыттары  қарастырылады.

          Әрине,  кәсіпкерліктің  құқықтық – ұйымдастырушылық  негізін  құруда  әлі  де  болса  шешімін  күткен  мәселелер  айтарлықтай.  Оның  үстіне  лицензия  беруші,  тексеруші  органдардың  көптігі,  кеден  және салық  заңдарының  жетілмегені,  кемшіліктер,  несие  алудың  қиындығы,  кәсіпкердің  мүддесін  қорғайтын  органның  елеулі  кедергі  жасайды.  Сондықтан  да  экономикада кәсіпкерлік  субъектілерінің  сандық  үлесі  артса  да,  одан  түсетін  салықтың  кіріс  мөлшерің  аз.  Бюджетке  салықтың  аө  түсуі  салық  жүйесінің  жетілмегені  де  әсер  етеді.  Себебі  салықтың  жоғары  болуынан  кәсчіпкерлер  табыстарын  жасырады.

           Кәсіпкерлік  қызметті  дамыту  мақсатында  мынадай  іс – шараларды  жүзеге  асыру  қажет:

-         мемлекет  тарапынан кәсіпкерлікті  барынша  қолдау;

-         мақсатты бюджеттік  қаржыландыру  саясатын  жүргізу;

-         жеңілдетілген  несие  беру  саясатын  жүргізу;

-         кәсіпкерлер  құқығын  қорғайтын  орган  жұмысын  жандандыру;

-         кәсіпкерлік  қызметті  тіркеуден  өткізу  кезіндегі  қиыншылықтарды  жою;

-         тексеруші  органдар  санын  қысқарту;

-         заңдардың  орындалуын  қамтамасыз  ету, т.б.

Жоғарыда  аталған  факторлар  кәсіпкерлік  субъектілерін  «көлеңкеліэкономикаға», салық  төлеуден  жалтаруға  итермелейді.  Қазіргі  кезде  бизнестегі  кризистік  процестер  оның  жүйесіз  және  хаостық  түрде  құрылғандығымен  айқындалады.  Бұл  жағдайдың  басты  себебі  -  несие  алудың  жоқтығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  кәсіпкерлікті  қолдаудың  мемлекеттік  стратегиясының  жоқтығы.  Бұл  шараның  көмегімен  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  нарықта  өз  арнасын,  жаңа  нарықтарды,  жаңа  тауар  түрлерін  алады,  сонымен  қатар  экономикада  бәсекені  жақсартады.

          Сондай – ақ  кәсіпкерліктің  дамуына,  әр  түрлі  ресурстардың  жылдам  айналуына, кәсіпорындар  арасында  тиімді  қатынастар  орнауы  үшін  қолайлы  жағдай  құрылуына  нарық  инфрақұрылым  элементтерінің  дамуы  да  үлкен  әсер  етеді.  Бизнесті  дамыту  үшін  нарық  инфрақұрылымына  үлкен  көңіл  бөлуі  қажет.  Өйткені  нарықтық  инфрақұрылым  дамымай  шағын  және  орта  бизнесте  алға  баспайды.  Банктер,  тауарлық  және  басқадай  биржалар,  сақтандыру  компаниялары,  аудиториялық  және  консалтингтік  компаниялар,  транспорттық  және  байланыс  кәсіпорындары  нарық  инфрақұрылымының  басты  элементтері  болып  саналады.

          Қазақстанда  құрылған  кәсіпкерлік  субъектілерінің  басым бөлігі  сауда  саласында  қызмет  жасайды.  Өйткені  сауда  немесе  коммерциялық  бизнес  басқа  бизнес  түрлеріне  қарағанда  жақсы  дамыған.  Бұның  дәлелі,  Қазақстан  қалаларындағы  әр  түрлі  дүкендер  мен  базарлар  саны.

        Ұзақ  мерзімде  кәсіпорындар  тек  саудамен  ғана  емес,  экономиканың  әр  саласында  жұмыс  істеуі  қажет.  Сол  үшін  мемлекеттік  органдар  кәсіпкерлік  субъектілеріне  жан – жақты  көмек  көрсетуі  қажет.

        Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі мен  әлеуметтік  бағдар  ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  топтарына  жататындығы  емес,  оның  дәулеті мен  тұрмысының  нақты  шынайы  меншікке  негізделуі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  істеп  тұрған  барлық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  80  пайызын  құрайды.  Сонымен  бірге  кәсіпкерлікті  дамытуға  бағытталған  шешімдерді  орындауда  іркіліс  байқалады.  Бұл  жерде  басты  себеп – бюрократиялық  қысымдар.  Осындай  және  басқа  да  себептерге  байланысты  кәсіпкерлер  бөлігі  жасырын  салаға  өтіп жатыр.  Осы  жағдайда  ескеретін  жәйт,  органдардың  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау,  тексеруші  органдардың  және  рұқсат  беруші  құжаттарының  санын  азайту.  Кәсіпкерлердің  70  пайызы  оларды  қоолдайтын  аймақтық  программа  туралы  хабары  жоқ.  Мұның өзі  әкімдер  жұмысы  формальді  сипатта  жүретінін  көрсетеді.  Кәсіпкерліктің  күрделі  мәселелерінің  бірі  -  несиелік  ресурстарды  алудың  қиындығы.  Себебі  несие  алу  үшін  кепілге  қоятын  мүлік,  бизнес – жоспар  жоқ.  Осы  себептен  банктерге  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қаржыландыруға  асықпайды.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері