Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:01, курсовая работа

Описание

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

1.1.Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
1.2.Кәсіпкерлік қызметті дамыту.
1.3. Шағын бизнестің мазмұны.
1.4. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы.

Работа состоит из  1 файл

10.Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет тиімділігін талдау.doc

— 170.00 Кб (Скачать документ)

        Шағын  бизнес  субъектілерінің  бірқатар  кемшіліктері  де  бар.  Негізгі  кемшіліктері:

-         тәуекелдің  жоғары болуы;

-         нарықтағы  тұрақсыздықтың  жоғары  деңгейі;

-         ірі  кәсіпорындарға  тәуелді  болу;

-         басшылықтың  біліктілігінің  төменгі  деңгейі;

-         қаржы  ресурстарын  тартудағы  қиындықтары;

-         істі  басқарудағы  жетіспеушіліктер.

Әрине,  шағын  бизнес  субъектілерінің  сәтсіздіктері  ішкі  және  сыртқы  факторларға  байланысты  болады.

         Тәжірибе  көрсеткендей,  шағын  кәсіпорындардың   сәтсіздікке  ұшырауы  басқарушылық  білімнің  төмен  болуына  байланысты.  Жұмыстың  сәтсіз  аяқталуның  басты  себептері:

-         біліктіліктің  төмен  болуы;

-         тәжірибенің  жоқтығы;

-         коммерцияда,  қаржы  мәселесін  шешудегі  тәжірибенің  аздығы;

-         бизнеске  салқын  қарау;

-         кәсіпкер  денсаулығының  нашар  болуы  немесе  ерсі  әдет – қылықтары;

-         алаяқтық;

-         табиғи  апаттар,  өрт  және тағы  басқалар.

Сонымен  қатар  өндірістік  және  сауда  кәсіпорындары  дебиторлық  қарызды  өтеудегі  қиындықтарды  көрсетеді.  Сауда  саласына  жоғарыда  аталғандармен  бірге  дұрыс  орынның  болмауы  және  қойма  шарушылығын  басқарудағы  қиыншылықтар  жатады.

         Қазіргі  уақытта  шағын  бизнесті  жүргізу  үшін  арнайы  білім  қажет.  Кей  кезде  шағын  бизнестің  басшысы  жақсы  коммерсант  болғанымен,  өндірістік  мәселерде  ешқандай  тәжірибесі  жоқ  болады  және  керісінше  жағдай  да  болуы  мүмкін.

 

1.4 Қазақстанда  шағын  бизнестің  қалыптасуы  мен дамуы.

       Республикамызда  нарықтық  қатынастарды  қалыптастырудағы  маңызды  міндеттердің  бірі  -  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту.  Шағын  кәсіпорындар  экономиканың  құрылымдық  қайта  құруын  жеделдетеді,  тұтынушылардың  сұранысына  жедел  әрекет  етеді.  Республикада  шағын  бизнестің  дамуы  мен  қызмет   жасауына  қажетті  ұйымдастырушылық,  экономикалық  және  құқықтық  шарттарды  қалыптастырудың  алғашқы  қадамдары  жасалуда.  Оған  келесі  жағдайлар  бекітілген:

-         шағын  кәсіпорындар  кез  келген  халық  шаруашылығының  саласында,  кез  келген  меншік  формасы  негізінде  құрыла  алады.

-         өнеркәсіп  пен  құрылыста  жұмыскер  саны  200-ге  дейін;

-         ғылым  мен  ғылыми  қызмет  көрсету  саласында:  жұмыскерлер  саны  100  адамға  дейін;

-         өндірістік  сфераның  басқа  салаларында:  жұмыс  істейтіндер  саны  25  адамға  дейін;

-         бөлшек  саудада:  жұмыс  істейтіндер  саны 15  адамға  дейін.

Шағын  кәсіпорындарды  азаматтар,  мемлекеттік,  ұжымдар,  біріккен  ассоциациялары,  мемлекеттік  органдар  құрады.  Шағын  кәсіпорын  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  күннен  бастап  заңды  тұлға  статусына  ие болады.   Кәсіпорын  шаруашылық  қызметін  жүргізуде, шығарған  өнімге,  міндетті  төлемдерді  төленгеннен   кейінгі  қалған  пайдаға  тәуесіз  иелік  етеді.  Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  реформалардың  түпкі  мақсаты  әлеуметтік  проблема,  ол  халықтың  өмірін  жақсарту  проблемасын  шешуге  бағытталған.  Ол  үшін  экономикагы  «тұтынушыға  қызмет  ету»  режиміне  ауыстыру  қажет.  Әлемдік   тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  бұл  мақсатқа  экономикалық  қатынастардың  кәсіпкерлік  типі  сәйкес  келеді.  Оның  негізгі  белгілері:  батыл  инициатива,  толық  еркіндік  пен  жауапкершілік,  нарық  коньюкатурасын  бақылау  мен  қажеттілікті  іздеу,  бәсекелік  күрес  тактикасы   мен  инвестициялау  мәселелерін  талдау.

           Республикамыздағы  шағын  бизнестің  экономикалық  мәнін  тереңнен  түсінуге  «Қазақ  КСР – індегі  шаруашылық  қызмет  еркіндігі  мен  кәсіпкерліктің  дамуы»  туралы  заңның  қабылдануы  жол  ашты.   Бұл  заң  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық ,  экономикалық ,  әлеуметтік  шаралар  мен  кепілдіктерді  анықтап  берді.

           Қазақстанда  шағын  кәсіпорындар  Одағы  құрылды.  Бұл  орган  шағын  кәсіпкерлікті  қорғау,  қолдау  қызметін  атқарады,  олардың  қызметін  жүйелейді.

   Ол  мынадай  бағыттар  бойынша  жүргізіледі:

-         Қазақстанда  шағын  кәсіпорындарды  қолдау  қорын  құру;

-         жеңілдік  жағдаймен  несиелесу;

-         шағын  кәсіпкерлікті  қаржыландыратын  инвесторларға  төмендетілген  салық  мөлшерлемесін  қолдану;

-         шағын   кәсіпорындарды  несиелеу  және  сақтандыру  бойынша  кепілдіктер  беру;

-         шағын  кәсіпорындар  мемлекеттік  тұрақты  бағалар  мен  тарифтерді  қолданған  кезде,  олардың  орнын  толтыру  үшін  қаржыландыру;

-         шағын  кәсіпорындарға  сыртқы  экономикалық  қызметпен  айналысуға  көмек  көрсету.

Кәсіпкерлікті  қолдаудың,   дамытудың  жоғарыда  аталған  бағыттардан  басқа  шағын  кәсіпкерлікке  көмек  көрсетуге  арналған  аймақтық  құрылымдар  құрылған.  Ол  құрылымдарға  кәсіпкерлікті  қолдаудың  территориялық  орталықтары  мен  инновациялық  орталықтарды  жатқызуға  болады.

        Республика  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  кәсіпкерлікке  барынша  қолдау  көрсету  мәселелеріне  айрықша  көңіл  бөлуде.  Оның  «Шағын  кәсіпкерлікті  дамытуға  мемлекеттік  қолдауды  күшейту  және  оны  жандандыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  Жарлығы    осы  мәселеге  арналған.  Мемлекет  басшысы   құқықтық  және  қаржы  -  материалдық  базаны  одан  әрі  жетілдіріп,  жер – жерге  азаматтарды  шағын  бизнеске  тарту  үшін  қолайлы  жағдай  жасалуына  жоғары  талап  қойып,  бұл  мәселені  ұлттық экономиканың  стратегиялық  аса  маңызды  секторы  ретінде  қарастырып  отыр.  Алайда,  қабылданған  шаралардың  іс  жүзінде  нақты  жүзеге  асуы  жеткіліксіз  болып  отыр.  Шағын  бизнеске  қолдау  көрсетуге  бөлінетін  қаржы  мардымсыз  болып  тұр.  Шағын  кәсіпорындарды  қаржыландырудың  ықтимал  көздерін  іздестіру  жұмысының  жолға  қойылуы  да  қанағаттанғысыз.  Екінші  деңгейдегі  банктердің  шағын  және  орта  кәсіпорындарға  бірінші  кезекте  несие  беру  тәртібі  баяу  енгізілуде.

           Шағын  бизнесті  дамыту  мемлекеттік  маңызы  бар,  күрделі  іс  болып  саналады.  Бұл  арада  халықпен  тығыз  байланыс  жасамай,  оның  қолдануына  сүенбей  ілгері  басу  мүмкін  емес.  Жеке  және  шағын  бизнестің  дамуына  заңдық  база  жасау  және  оған   мемлекеттік  қолдау  көрсету  шағын  бизнеске  үлкен  серпін  береді.     

 

Қазақстанда  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдауды  жетілдіру.

      Шағын  бизнес  бірқатар  экономикалық  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешуде  маңызды  рөл  атқарады.   Шағын  бизнес  қалыптасуы  мен  дамуы   барысында  мемлекеттік  қолдауды  талап  етеді.  Себебі  ірі  кәсіпорындардың  монополиялық  әрекетінен,  экономикалық  өзгерістер  кезінде  шағын  бизнес  қиын  хал – жағдайда  болады.  Мемлекет  бизнестің  алдында  тұрған  кедергілерді  жоюға,  құқықтық  жағынан  көмек  көрсетуге,  өркениетті  нарықтық  қатынасты  орнатуға  ықпал  етуге  тиіс.

      Республикада  қабылданған  «Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  заңға  сәйкес  ел экономикасының  маңызды  салаларының  бірі  -  ауыл  шаруашылығында  бизнесті  дамытуда  орындалуы  тиіс  шараларды  атап  өткен  қажет.

          Мемлекеттің  агробизнес  жүйесіне  араласуының  қажеттілігі  бақылау  мен  реттеуге  жататын  негізгі  парметрлері,  тіпті  дамыған  нарық  жағдайында  да  орын  алатын  объективті  факторлармен  анықталады.

         Кез  келген  экономикалық  жүйеде  нарыққа  бағынбайтын,  мемлекеттің  араласуын  қажет  ететін:  бюджеттік,  несиелік,  салықтық,  инвестициялық  сферасында  мемлекеттік  реттеу  проблемалары  бар.

          Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  бағдар  ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  топтарына  жататындығы  емес,  оның  дәулеті  мен  тұрмысының  нақты  шынайы  меншікке  негізделуі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  істеп  тұрған  барлық  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  80  пайызын  құрайды.   Республикада  шағын  бизнеспен  бір  миллионнан  аса  адам  айналысады.

         Шағын  бизнесті  дамыту  үшін  үш  факторлық  жағдайды  ескеру  қажет.  Олар:

-         кәсіпкерлердің  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау;

-         тексеруші  органдардың  санын  азайту;

-         рұқсат  беруші  құжаттардың  санын  азайту.

Шағын   және  орта  бизнестің  күрделі  проблемаларының  бірі  несиелік  ресурстарды  алудың    қиындығы.

        Кәсіпкерлер  банктен  несие  алдан  бес  түрлі  себеппен  бас  тартады:

-         пайыздық  өсімнің  жоғары  болуы;

-         кепілдік  талаптың  тым  қатаң  болуы;

-         ақпараттың  жетіспеушілігі;

-         несие  алу  мүмкіндігіне  сенімнің  жоқтығы;

-         банктердің  кәсіпкерлерден  аймақтық  алшақтығы.

Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі  қағидалары:

-         шағын  кәсіпкерлікті  дамытудың  басымдылығы;

-         шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  кешенділігі;

-         инфрақұрылымды  дамытуда  және  кәсіпкерліктің  ұйымдастырушылық  формаларын  таңдауда  жағдай  туғызу;

-         алдыңғы  қатарлы  шетелдік  тәжірибені  қолдану.

Қазақстан  Республикасының  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  жөніндегі  агенттігі  Экономикалық  зерттеулер   институтты  және  Кәсіпкерлер  форумы  кеңесңмен  бірлесіп,  Қазақстант  Республикасында  Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  және  қолдаудың  1999 – 2000  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  жобасын  жасады.  Бағдарламада  бірқатар  шараларды  жүзеге  асыру  белгіленген:

 

Шағын  кәсіпкерлікті  қаржы – несиелік 

және инвестициялық   қолдау.

           Кәсіпкерлікті  қаржылай  қолдау  едәуір  шығындарды  талап  етеді,  ал  мемлекеттік  бюджеттің  мүмкіндігі  шектеулі.  Мұндай  жағдайда  қаржыны  пайдаланудың  коммерциялық  механизмдеріне  көшу  қажет.  Қазір  банктер  сату – сатып  алуды  несиелейді,  немесе  ірі  тауар  өндірушілерді  несиелеуді  қолайлы  көреді.  Шағын  бизнес  өтімді  кепілдік  базаның  жоқтығынан  несиелік  ресурстарға  қолы  жете  алмай  тұр.  Осыған  байланысты  шағын  кәсіпкерлікке  лизингтік  несиелер,  сақтандыру,  франчайзингті  дамыту  қажет.

          Кәсіпкерлік  қаржылай  қолдау  саясаты  орташа  және  ұсақ  мерзімді  несиелеуді,  аймақтық  деңгейде  кепілдік  қорлар  мен  несие  серіктестіктерін  құруға  бағытталуы  қажет.

                     Салық  салу  және  кеден  саясаты.

        Шағын  бизнес  субъектілеріне  салық салудың  әдл  жүйесін  құрудың  негізгі  принцпі  жалпы  экономикалық  мүдделердің  фискальдық  мүдделерден  басым  болуы  тиіс.  Шағын бизнес  субъектілеріне  салық  салудың  әділ  механизмі  кәсіпкерлердің  табысын  анықтаудың  байыпты  тәртібінің  болуын  көздеуі  керек.   Кәсіпкерлердің  табысына  бірыңғай  жеңілдікті  мөлшерлеме  енгізу  немесе  патендік  төлем   кәсіпкерлердің  жұмысын  жеңілдетеді.  Ағымдағы  және  аванстық  төлемдер  төлеудің  қазіргі  тәртібін  жою  керек.  Өндірісті  дамытуға,  бәсекеге  түсе  алатын  экспортқа  бағдарланған  немесе  импортты  ауыстыратын  өнімдер  шығаруға  қаржы  жұмсайтын  шағын  кәсіпкерлер  үшін  табыс  салынған  есептеген  кезде  салық  салынатын  табысты  осы  қаржыға  кеміту  қажет.

        Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  басты  бағыттарының  бірі  - кеден  баждарын  төлеу  кезінде  шағын  кәсіпорындарға  жеңілдіктер  беру.  Қазақстанда  өндірілмейтін  шикізаттарды  импорттаған  кезде  қосымша  құн  салығын  салуды  кейінге  қалдыру  қажет. 

        Салалық  бағдарламаларды  жетілдіру.

        Шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды жағы салалық минстрліктітер  мен ведмоствалар, сондай – ақ ірі отандық кәсіпорындар  тарапынан қолдау бағдарламасы  транспорт  және коммуникация салаларында , сондай – ақ жекелеген кәсіпорындарда жасалынған.

        Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.

         Шағын кәсіпкерлікті қолдау  мен дамытудың  инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін  болашақта Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қорының  жұмысын  қайта қарау қажет.

        Нарық  инфрақұрылымын  дамыту  шағын  кәсіпкерліктің  дамытудың  маңызды  бөлігі  болып  келеді.  Шағын  бизнестің  тиімді  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін  нарықтық  инфрақұрылымға  мынадай  элементтер  жатады:  аудиториялық ,  консалтингтік,  бухгалтерлік  және  басқа  қызмет  түрлері,  қаржы – несие  институттары,  сақтандыру  компаниялары  әр  түрлі  оқу  орындары  жатады.  Сонымен  қатар  бұл  нарық  инфрақұрылым  субъектілерінің  өзіндік  проблемаларын  шешу  қажет.  Қазақстанда  кәсіпкерлер  мүддесін  қорғайтын  жетілген  ұйымдар  бар.  Олар:  Қазақстан  кәсіпкерлер  конгрессі,  Кәсіпкерлер  мен  өңдеушілер  одағы.

           Лизинг  және  франчайзингті  қалыптастыру.

     Бүгінгі  таңда  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  саласында  жедел  және  қаржы  лизингі  іс  жүзінде  дами  алмай  отыр.  Мұндай  жағдайға  лизингтің  заңдық  және  нормативтік  базасының  жоқтығы  басты  себеп  болып  табылады.  Лизингтік  қатынастарды  тезірек  енгізу  мақсатында  олардың  дамуын  қолдау  жөнінде  бірқатар  шараларды  қабылдау  қажет.

           Франчайзинг  шағын  кәсіпкерлік  өкілдерінің  ірі  бизнеспен  қарым – қатынасының  тиімді  үлгісі  ретінде  өз  дамуының  мүмкіндіктеріне  ие.  Қазақстанда  франчайзингтің  дамуы  үшін:  франчайзинг  ассоциациясын,  франчайзингтің  оқу – консультациялық  орталығын  құру  қажет.

  Ақпараттық  қамтамасыз  ету.

   Бұл  орайда  бағдарлама  бойынша  шағын  кәсіпкерлікті  ақпараттық  қамтамасыз  етудің ұлттық  жүйесін  жасау  жоспарланған.  Осы  жүйе  шеңберінде  заңдық – нормативтік  актілер,  оқу  орталықтары,  заңгерлік  фирмалар,  адвокаттық  кеңселер,  ирфрақұрылымның  басқа  да  объектілері  бойынша  деректердің  ақпараттық  базасы  құрылады.  Шағын  кәсіпкерліктің  Республикалық  ақпараттық   көрме  орталығы  бұл  жүйені  іске  асыруға  негіз  болуы  тиіс.

       Шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  қорғау  инфрақұрылымын  құру.

          Бүгінгі  таңда  кәсіпкерлік  өзінің  құқықтық  мәртебесі  жағынан  жеткілікті  қорғалған  институтқа  жатпайды,  бұл  әсіресе  шағын  бизнеске  қатысты.  Шағын  бизнестің  ортақ  мүдделерін  және  әр  субъектінің  мүдделерін  қорғау  мемлекеттік  емес  ұйымдардың  рөлін  күшейту  мақсатында,  әр  түрлі  заңдарды  жүзеге  асыру  керек.  Кәсіпорынды  тіркеу  процесі  бастаушы  кәсіпкерлерге  өз  ісін  бастауда  үлкен  кедергі  келтіреді.  Жаңадан  құрылып  жатқан  кәсіпорындардың  тағы  бір  проблемасы – бұл  жарғылық  қорды  төлеу  мәселесі.  Жарғылық  қорды  төлеу  заңмен  бекітілмесе  де,  Президент  Жарлығы  негізінде  жүргізіледі.  Кейбір  кәсіпкерлер  бұл  талапты  орындай  алмайды.  Лицензия  беру  мәселесін  де  заңдық  жағынан  қайта  қарау  қажет.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері