Қаржылық құқықтық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:51, реферат

Описание

Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр.

Содержание

I Кіріспе
Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және құрлымы.
ІІ Негізгі бөлім
А) Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі.
Б) Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
III Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

dip_2063 - копия.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

                                 Жоспары

I  Кіріспе

          Қаржылық құқықтық қатынастардың  түсінігі, белгілері және  құрлымы.

ІІ Негізгі бөлім

    А) Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің  қаржылық қызметінің нәтижесі.

    Б) Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.

III Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 
                               К І Р І С П Е

     Қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.

Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр.

    Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:

  Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар  алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;                                                            

 Екіншіден, мемлекеттің экономикадағы рөлі күшейе бермек;

     Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына септігін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;

      Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады және ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді;

        Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі;

     Алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

    Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, осы жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару жеткілікті деңгейде (көлемде) өз шешімін тапқан жоқ.

    Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр: қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы) мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету: мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жµнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы      билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы

 

  Қаржылардың түсінігі мен мәні. Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жµнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.

    Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік  қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең  мағынада болатынын байқаймыз.

        Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.

    Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.

           Біріншіден, қаржылар деп, өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.

    Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.

           Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады.

  Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бµліктерге бөлу  арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын кµптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.

    Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады. Өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде  құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.

    Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың кµзқарастарына кµз жүгірте отырып, салыстырып кµрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.

    Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары,        заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.

    Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.

    А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым. 1

             Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бµлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

    Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жµніндегі қатынастардың енгізілуі.

     В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бµлу жµнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі µндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.

    Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады.

    Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда кµрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) ұдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.   

Информация о работе Қаржылық құқықтық қатынастар