Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:51, реферат
Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр.
I Кіріспе
Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және құрлымы.
ІІ Негізгі бөлім
А) Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі.
Б) Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
III Қорытынды
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.2
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып келеді:
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда, көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін кµреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады. Бұл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен реттеу реттеу арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады: 1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің, ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлері болып есептеледі. Сондықтан оған қатысушы екі жақтың да өзара, өздеріне тән құқықтары мен міндеттері болады.
Бұл жерде айта кететін бір жай, қандай да болмасын қоғамдық қатынастар бірден құқықтық қатынастарға айналып кете алмайды.
Құқықтық қатынастар құқықтық қатынас түрінде болу үшін; біріншіден, осы қатынастардың әлеуметтік құндылығы болуымен қатар, реттелуі кезінде мемлекет еркіне сай болуы қажет. Екіншіден, осы қоғамдағы қатынастар мемлекет тарапынан бекітуді қажет етеді. Ал бекіту қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін кµздейтін құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылады.
Тек осы құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде ғана қоғамдық қатынастардың қоғам мұқтаждықтарына, талаптарына қаншалықты қажеттілігін, сондай-ақ мемлекеттің құқықпен реттеу мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтап білуге болады.
Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындауға қажетті мемлекеттің ақша қаражаттары ресурстарын қалыптастыру, бµлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қаитынастар құқықпен реттеуді талап етеді.
Сонымен, қаржылық құқықтық қатынастар деп, құқықтық нормалар мен реттелген қаржылық экономикалық қатынастарды айтамыз. Бұл қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қызметінің нәтижесінде пайда болады және арқашанда тек қаржылық құқықтың пәні ретінде есептелінеді.
Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттің қаржылық – экономикалық қатынастарды құқықпен реттелуінің нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ олардың заңды формасы болып табылады;
1. Қаржылық құқықтық Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы сипаттамасы бірдей болғанымен, өздеріне ғана қатысты ерекшеліктері де болады:
2. қатынас өздерінің саласына байланысты қаржылық құқықтық болып есептелінеді;
3. қаржылық құқықтық қатынас міндетті түрдегі субьектісі-мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органдар болып табылады;
4. Қаржылық құқықтық қатынас материалдық обьектісі тауар немесе басқа да сатып алу, процесіне қатыспаған ақшалар ғана жатады;
5. Қаржылық құқықтық қатынас мемлекеттік - өктем түрде жүргізіледі, сондықтан қатынасқа қатысушылардың заң жүзінде тең құқылы емес екенін көрсетеді;
6. Қаржылық құқықтық қатынас маңызы бойынша қаржылық-экономикалық қатынастар болып табылады.
Бұл жерде айта кететін бір жай қаржылық-экономикалық және қаржылық құқылық қатынастар қоғамдық қатынастардың әр түріне жатпайды, µйткені олар бір қоғамдық қатынастар. Сондықтан маңызы бойынша-экономикалық, ал формасы бойынша құқықтық қатынастарға жатады. Яғни, маңызы бойынша – базиске, формасы бойынша қондырмаға жатады деп айта аламыз.
Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
Қаржылық – құқықтық қатынастар екі түрге бөлінеді:
А) Маңызы бойынша: 1) материалдық қаржылық құқықтық қатынас;
2) ұйымдыстырушылық қаржылық құқықтық қатынас;
1. Материалдық қаржылық құқықтық қатынастар – ақша қаражаттарының тікелей біржақты қозғалысын кµрсетеді.
2.Ұйымдастырушы қаржылық құқықтық қатынастар-қаржы жүйесінің барлық құрамалы бµлімдерінің өзара бірқалыпты әрекет жасау процестерін және қаржылық бақылау істерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды жүзеге асырады.
Ә) Обьектісі бойынша: 1) бюджеттік; 2) салықтық; 3)банкілік; 4) сақтандыру; 5) шаруашылық.
Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында тµтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы қазақсатн халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жµніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жµнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорытынды
Қорыта келгенде қаржылық қатынастардың қазіргі таңда біздің мемлекетімізде алатын орны үлкен зор.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері үлкен жетістіктерге жетті деуге болады. Ол демократиялық жолға тұрып, халықаралық аренада өзінің заңды орынын алуға тырысуда. Бізді алғаш таныған Түркиядан бастап, көптеген мемлекеттер Қазақстанды өзінің тең құқылы серігі ретінде танып отыр.
Халықаралық қарым – қатынастардың, сауданың дамуы уақыт өте келе халықаралық құқық нормаларында заңды көрініс табуда. Қазақстанның да әр түрлі мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынастарға түсуі, оның халықаралық құқық нормаларына сай жасалған түрлі халықаралық конвенсиялардың, келісімдердің шарттардың мүшесі болуын талап етеді.
Сол сияқты қаржылар саласындағы мемлекетіміздің заңдарымен ғана шектеле алмаймыз. Қазақстан Республикасы территориясында шетел фирмаларының қызмет істеуі, шетел азаматтарының біздің еліміздегі жұмысы, сонымен қатар біздің заңды және жеке тұлғаларымыздың да шет елдегі қызметі-осының бәрі оларға жаңа заман тәртібін анықтауды талап етеді және де ұлттық қаржы заңдарымыздың осы қатынастардың барлығын, екі тарапты қанағаттандыратындай етіп, кез – келген жағдайда шеше алмайды. Осы ретте, яғни екі мемлекеттің ішкі ұлттық қаржы заңдарының қақтығысы жағдайында, халықаралық салық салудың басты мәселесі-халықаралық қосарланған салық салу мәселесі туады.
Республикамыздағы салықтық қызмет 2001жылғы қабылданған салықтық кодекске сәйкес дамып отыр. Сонымен қатар, салықтық қызметтің іс жүзіне асыру кезінде тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына ғана емес, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алуымыз қажет.
Мемлекет қаржыларды, экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Қаржылардың мәнін түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал, қаржылардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп дамуының материалдық базасы қаржыларды қалыптастыратын қайнар көзіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны анық. Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекетіміздің қаржылар саласының тұрақты дамуы осы саладағы мемлекеттік басқаруға тікелей қатысты.
Қазіргі таңдағы ең басты нәрсе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы егеменді республикалардың экономикалық байланыстарының жаңа үлгісін жасау. Ол суверенді мемлекеттер арасындағы бұрынғы экономикалық кеңістікті сақтап, нарық әлемінде әрбір мемлекеттің мүддесін көздей отырып, сауда-саттықты күшейту.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметті мемлекеттік басқару реттеудің нәтижесі несиелік-қаржылық мекемелер жүзеге асыратын күрделі операциялар мен тиісті мәмлелерді қоғамдық мемлекеттік мүдделер тұрғысынан экономикалық және әкімшілік мән-жайды мемлекеттік ұйымдастыру, реттеу, қадағалау аудиттердің заң шеңберінде жүргізілуіне баса назар аудару және т.б мемлекеттің (оның уәкілетті мемлекеттік органдарының) ұйымдастырушы – басқарушы қызметтерінің жиынтық көрінісі болып табылады.