Құндылықтарды құру тізбегінің анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 09:20, реферат

Описание

Жұмыстың барысында өндірістік шығындар, олардың концепциясы мен негізгі теорияларына тоқталып, шығындардың классификациясы мен түрлеріне анықтама бере отыра, олардың қолданылуы мен әсер ету аяларын зерттей отыра, өзгеру әсерлері мен динамикасына тоқталдым. Жалпы, шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Фирма үшін оның экономикалық рентабельділігі үшін және де өзіміз білетіндей, кәсіпорынның негізгі көздейтін мақсаты неғұрлым аз шығындар жұмсай отырып, жоғарғы табысқа жетіп, пайда көру болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

І. Өндірісітік шығындар теориясы және олардың классификациясы
1.1. Өндірістік шығындар туралы концепциялар.
1.2. Шығындар түрлері, динамикасы.

ІІ. Тұрақты шығындар

III. Құндылықтарды құру тізбегінің анализі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Шыгындар.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

 

І.  Өндірісітік шығындар теориясы және олардың классификациясы

1.1. Өндірістік шығындар  туралы концепциялар.

1.2. Шығындар түрлері,  динамикасы.

 

ІІ. Тұрақты шығындар

 

III. Құндылықтарды құру тізбегінің анализі

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кез-келген өндіріс пен  ұйым өнім немесе қызмет түрін өндірген уақытта өз өндірісін қалыпты  ұстап тұру үшін және де оны бастау үшін белгілі көлемде жіне шығындардың  әр түрлілігіне байланысты шығындарды ұстауға тура келеді.

Жұмыстың барысында  өндірістік шығындар, олардың концепциясы  мен негізгі теорияларына тоқталып, шығындардың классификациясы мен  түрлеріне анықтама бере отыра, олардың  қолданылуы мен әсер ету аяларын  зерттей отыра, өзгеру әсерлері мен динамикасына тоқталдым. Жалпы, шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Фирма үшін оның экономикалық рентабельділігі үшін және де өзіміз білетіндей, кәсіпорынның негізгі көздейтін мақсаты неғұрлым аз шығындар жұмсай отырып, жоғарғы табысқа жетіп, пайда көру болып табылады. Өнімнің төменгі бағасындағы көшбасшылық арқылы бәсекелестік артықшылықтарға жетуге бағытталған фирманың стратегиялық мақсаттары өндіріс масштабының тиімділігінен, өмірлік цикл эффектісінен, тағы да басқа шығындарды төмендетіп, баға өзгерістеріне тәуелді нарық эффективтілігін өсіретін факторлардан туындайды. Фирма шығындары бәсекелестермен салыстырғанда аз шығындалу стратегиясын жүргізуі мүмкін, бірақ дегенмен, фирма үшін аз шығындалу мақсат болмау керек, өйткені ол фирмаға бәсекелестіктің төменделуі арқылы өз зиянын тигізеді. Тұтынушы аса бағалайтын тауар имиджі, жеткізіп салу мен сапасын және т.б. төмендетуі мүмкін.

Өзіндік шығындар тізбегінің және негізгі бәсекелестердің сәйкесінше шығындар тізбегінің анализдері нарықта  фирманың қаншалықты маңызды орын алатындығын тексеру және мүмкін бәсекелестік стратегияларды бағалау мақсатында біріктіріліп, салыстырылып, жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Өндірісітік шығындар және олардың классификациясы

1.1. Өндірістік шығындар  туралы концепциялар.

 

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.

Марксистік концепция  бойынша өндіріс шығындары капиталиске  тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып көрсетеді. өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.

ХІХ ғ. Соңында бірнеше  жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.

Австриялық теоретик Ф№Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы  тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын  басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теориялары пайда болды.

Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк  және Джон А.Гобсон. Кларк қосымша  шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізген. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.

Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.

Соңғы жылдары неоинституционалдық  трансакциондық шығындар теориясы пайда  болды. Бұған көбінесе, айналыс шығындары жатады- тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының ақпарат алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады. 

 

 

1.2. Шығындар түрлері, динамикасы.

 

Шығындар деп тек  жабайы шығындар емес, нарықта құн  формасын алған ресурстар шығындары  аталады. Шығындар деген, нәтижесінде  өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай  көрінісі.

Өдіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар.

Біріншіден, әлеуметтік-эккономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.

Өдіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық  есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне жіне оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.

Өнімнің өзіндік құнын  есептеген уақытта алғашқы кезекте  шығындар тікелей және жанама болып  бөлінеді.

Тікелей шығындар — бұл белгілі бір өнім өткізу көлеміне тікелей байланысты және тауардың бір бірлігіне нормалы түрде есептеуге болатын шығындар.

Жанама шығындар мұндай байланыстылықпен ерекшеленбейді. Олар жалпы участок, цех бойынша жұмысқа кеткен шығындар нормаларының есебі, өндіріс алаңы және т.б. бойынша анықталады және тікелей шығындарға қатысты пропорционалды түрде бөлінеді.  Жанама салықтарға ұығындардың негізгі бөлігі жатады. Фирмалар, әдетте, жанама шығындарды өзіндік құнды теңестіру үшін және жеке тауарлардың рентабельділігінің барлық ассортиментіне табысты өндірістікті көрсету мақсатында қолданады.

Шығындардың тұрақты, өзгермелі  және орташа өзгермелі болып бөлінуі  ерекше бағаланады.

Өзгермелі шығындар тауар өндіріс көлемінің өзгеруіне пропорционалды түрде өзгеретін шығындар жатады (мысалы, шикізатқа шығындар, материалдар мен тікелей жалақыға кеткен шығындар жатады). Өзгермелі шығындарға (variable costs VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар.

Орташа өзгермелі  шығындар өндіріс көлемінің өзгеруімен пропорционалды түрде емес, бірақ аз мөлшерде болсын өзгеретін шығындар (мысалы, қосымша қызметкерлердің жалақысы).

 

2 Тұрақты шығындар

Тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне тұрақты түрде сақталатын шығындар. Тұрақты шығындарға  (fixed costs FC) осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.

Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Тауар өндіру үшін алынған  ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын  немесе айқын емес шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.

Айқын емес шығындар (implicit costs)  деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Өндіріс шығындарын түр түрге бөлудің көп классификациялық белгілері болады. (Қосымша. 1.1. кесте)

Кәсіпорынның жалпы шығындары (total costs) ТС деп оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы аталады.

TC=FC+VC

Кәсіпкер үшін өнімнің  бірлігін шығаруға үшін жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы ақпарат өте маңызды.

Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің  орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы  мүмкін. әдетте, ұзақ мерзімді шығындар, фирманың кеңеюіне байланысты алғашында төмендеп, минимумға жетеді, содан кейін қайта көтеріледі.

Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

МС=DTC\DQ

Шығындар түрлері мен  өзгеру динамикасы қосымшалар мен кестелерде көрсетілген. (Қосымшалар. 1.3., 1.4., 1.5. кестелер)

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. 
Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады. 
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына кошкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. 
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. 
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. 
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Әдетте тұрақтыға жататын  шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. 
Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен  танысайық. Бұнда үш жағдай болуы  мүмкін:

  • 1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса
  • 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны
  • 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса

Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер жөне т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды. 
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен. 
Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

Информация о работе Құндылықтарды құру тізбегінің анализі