Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 09:20, реферат
Жұмыстың барысында өндірістік шығындар, олардың концепциясы мен негізгі теорияларына тоқталып, шығындардың классификациясы мен түрлеріне анықтама бере отыра, олардың қолданылуы мен әсер ету аяларын зерттей отыра, өзгеру әсерлері мен динамикасына тоқталдым. Жалпы, шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Фирма үшін оның экономикалық рентабельділігі үшін және де өзіміз білетіндей, кәсіпорынның негізгі көздейтін мақсаты неғұрлым аз шығындар жұмсай отырып, жоғарғы табысқа жетіп, пайда көру болып табылады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Өндірісітік шығындар теориясы және олардың классификациясы
1.1. Өндірістік шығындар туралы концепциялар.
1.2. Шығындар түрлері, динамикасы.
ІІ. Тұрақты шығындар
III. Құндылықтарды құру тізбегінің анализі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
АТС = TC / Q
Осыған сәйкес орташа
тұрақты және орташа өзгермелі шығындар
есептеледі.
Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының
және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына
ықпалы оң шамада немесе теріс шамада
болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде
шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп
минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан
өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен
емес, өндіріс масштабының өсуінің оң
немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен)
дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік
сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің
мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс
нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың
қолданатын мүмкіндіктері мол болады.Егер
ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым
көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым
нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.
Шекті шығындар МС — бұл
өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін
қажет қосымша шығындар.
MС = ΔTC / ΔQ
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни
МС = minAC
Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі. [1]
Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шект шығындар айнымалы шығындардың (яғни шикізат, жұмысшы күшіне) өсіміне тең.
Сонымен қатар шығындар сыртқы және ішкі болып, екіге өлінеді. Сыртқы шығындарға кәсіпорынның жұмысшыларға төлейтін қаражаты, жанармайды сатып алуға, жинақтаушы бұйымдарына кететін қаражаты, яғни өнімді өндіру үшін кәсіпорынның өзі өндірмейтін немесе өндіре алмайтын заттар. Ішкі – ол пайда. Алынатын пайда шығын элементін құрайды. Сонымен қатар таза пайда ұғымы да бар. Ол пайдамен қоса жалпы табыстан сыртқы мен ішкі шығындарын алып тастағанға тең. Шығындардың мөлшері шығарылатын өнім көлеміне тәуелді. Осыған байланысты шығындарды өндіріс мөлшеріне тәуелді және тәуелді емес деп екіге бөледі. Тұрақты шығын өнім өндіру көлеміне тәуелді емес. Кәсіпорын тоқталу жағдайында да фирма құрал-жабдықтарының ққұны толық төленуімен, айқындалады. Тұрақты шығындарға облигациялық займдар, ренталық төлемдер, ғимарат пен құрылыс амортизациясына алымдар, сақтандыру жарнасы, жоғары басқру персоналы мен фирма мамандарының жалақысы және т.б. жатқызылады. Айнымалы шығындар тікелей өнім өндіру көлеміне тәуелді болады. Ол шикізат, материалдар, энергия, жұмысшыларының жалақысы мен транспорт шығындарынан тұрады. Айнымалы және тұрақты шығын сомасы жалпы шығынды құрайды. Өнім бірлігіне шаққандағы шығын шығын мөлшерін білу өндірісті басқару үшін аса қажет. Фирма мақсаты – максималды пайда табу болса, пәні-өндіріс көлемін есептеу болып табылады, ал бұл жағдай шекті шығындар категориясын пайдалануға әкеледі. Шекті шығындар – берілген өнім көлемімен салыстырғанда өнімнің әрір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен шығындар. Олар фирма стратегиясын анықтау үшін өте маңызды. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шект шығындар айнымалы шығындардың (яғни шикізат, жұмысшы күшіне) өсіміне тең.
Кесте-1
Түрлі шығын түрлерінің
өзарақатынасы
Өндіріс көлемі |
Шығындарының абстріктілі мөлшері |
Шекті шығындар |
Шығын орта мөлшері | ||||
Тұрақ ты |
Айны малы |
жалпы |
тұрақты |
Айнымалы |
шекті | ||
TFC |
TVC |
TC= TVC+TFC |
MTD+1 -ТN |
AFC=TFC /Q |
AVC=TVC /Q |
ATC= TC/Q | |
0 |
200 |
0 |
200 |
80 |
|||
1 |
200 |
80 |
280 |
70 |
200 |
80 |
280 |
2 |
200 |
150 |
350 |
60 |
100 |
75 |
175 |
3 |
200 |
210 |
410 |
50 |
66,6 |
70 |
137 |
4 |
200 |
260 |
460 |
40 |
50 |
65 |
115 |
5 |
200 |
300 |
500 |
30 |
40 |
60 |
100 |
6 |
200 |
330 |
530 |
33,3 |
55 |
88,3 |
Өндіріс көлмінің өзгеруі жағдайында тұрақты және айнымалы шығындардың өзарақатынасына көңіл бөлу қажет. Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тәуелді, ал бұл тәуелділік біркелкі емес. Өндіріс масштабының өсуінен, өндіріс ұлғаюының бірінші этабында айнымалы шығындар төмендейді. Егер ұзақ мерзімде өндіріс қуатының ұлғаюы жүзеге асырылса, әрбір фирманың алдында жаңа өндіріс фактолардың қатынасы мәселесі тұрады. Минималды шығындармен жоспарланған өндіріс көлемін қамтамасыз ету, осы мәселенің өзегі болып табылады. Осы процессті зерттеу үшін екі өндіріс факторларын қарастырайық: капитал К мен еңбек L. Еңбектің бағсы еңбек ақы ставкасына тең болады (W). Капиталдың бағасы құрал –жабдықты жалға беру үшін төлем (r). Мысалы: бүкіл құрал-жабдық (К) жалға алынады, лизинг жүйесі бойынша, сонымен бірге бұл нарықта еңбекпен капитал бағалары өзгермейді. Өндіріс шығындары изокоста түрінде бола алады. Еңбек пен капиталдың әрбір мүмкін болатын қосындысы және де бірдей жалпы құнға ие бола алады.
ТС=W+Rk
Бұл тепе-теңдік изокостамен айқындала алады. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы өзгермейтін өндіріс көлемі кезінде капитал шығындарын қысқарту үшін қосымша еңбек бірлігін пайдаланған мөлшер. Технологиялық алмастырудың нормасы MPTS арқылы белгіленеді. Экономиялық теорияда:
MPTS=K/L=MPL/MPK яғни,
MPL/W=MPL/r
МР- еңбек немесе капиталдың шекті өнімі.
Соңғы тепе-теңдіктен минималды шығындар әр қосымша тенге, минималды шығындар жағдайында өндірілетін өнімнің тең мөлшерін береді. Осыдан шығатыны, көрсетілген жағдайында фирма өндіріс факторларды таңдай және арзан факторларды сатып ала алады.
Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары.
Шығындардың жүйелі түрде төмендеуі – фирма пайдасының өсуінің негізгі әдісі. Кәсіпорын шығындарын төмендету жолдарын зерттеу экономикалық теорияда ең өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Ұлттық экономиканың барлық салаларында кәсіпорынның шығындарын төмендетудіңкелесі бағытттарын көрсетуге болады.
Өндіріс шығындар классификациясының жалпы схемасы.
технологялық
экономикалық
өзіндік құнына
процесс б-ша
элемент б-ша
қосылу әдісі б-ша
Тұрақты шығындарға әкімшілік және басқармалық шығындар, амортизациялық аударымдар, өнімді тұтыну мен өткізумен байланысты шығындар және өзге де жалпы басқармалық коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындар жатады. “Тұрақты шығындар – кезең шығындары” – деп есептелінеді де, бұйымдар арасында бөлінбейді, ол нәтижеге алып бұрылады.
Мөлшері өзгермейтін тұрақты
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомада есептелінеді. Оларға кәсіпорын бойынша бүтіндей және оның бөлімшелері бойынша смета есптелінеді. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық жұмсау) негізінде әрбір бөлімшенің бүкіл шаруашылық нәтижесіне үлесін анықтауға болады. Тұрақты шығындардың өзгермелі шығындардан айырмашылығы жоғарыда аталып өткендей өндіріс көлемінің өзгерісінен тәуелсіз. Сондықтан да олардың салыстырмалы қысқаруының басты резерві өндіріс көлемінің ұлғайтылуына салынған.
Дегенмен шығындарды тұрақты және өзгермеліге жіктеудің бірнеше шартты сипаттамасы бар екенін ескертіп өткен жөн, өйткені шығындардың дәл осы басты әртүрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді не тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорын қызмет ауқымын кеңейту, бұл дегеніміз сәйкесінше қызмет бөлімшелердің қызметкерлердің жұмыс көлемін көбейту (бухгалтерия, маркетинг бөлімі, өндірістік жоспарлау т.б.) бұл жағдайда белгілі бір кезең аралығында тұрақты болып қарастырылған басқару аппаратын ұстау шығындарының күрт өсуі туындайды.
Мұнан басқа тұрақты жатқызылған жекелеген топтар бойынша өнім шығару көлемінде өзгеріске байланыссыз бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде өзгерістер байқалуы мүмкін (мысалы: аренда төлемінің өсуі, тауарлар мен материалдарды сақтау және қоймалық шығындар). Екінші жағынан өндіріс көлемі технология мен өндірісті ұйымдастыруға өзгерістер сынды факторлар әсерінен маңызды өзгерісіне ұшыраса, нәтижесінде өзгермелі шығын да өзгеріссіз қалмайды.
1.3. Шығындар және еңбек өнімділігі.
Өнімді өндіруге жұмсалған
шығындар жанды еңбек шығындары
мен өндіріс құрал-жабдықтарыны
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде - өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі анықталады.
Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдердің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы.
Егер ресурсардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ=Өнім көлемі/тірі еңбек шығындары
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құрумен бірге көптеген сан көрсеткіштерімен белгіленеді. өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытын анөндірістік процестің тиімділігін сипатайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткішке өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Кәсіпорындарының мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекеттерінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі, сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады, яғни өнімділікті кең мағынада түсінуге.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:
Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық, немесе өнімділіктің жалпы көрсекіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі:
Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе, бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағаттанбай, адам факторын да есепке алу қажет.
Өнімнің төменгі бағасындағы көшбасшылық арқылы бәсекелестік артықшылықтарға жетуге бағытталған фирманың стратегиялық мақсаттары өндіріс масштабының тиімділігінен, өмірлік цикл эффектісінен, тағы да басқа шығындарды төмендетіп, баға өзгерістеріне тәуелді нарық эффективтілігін өсіретін факторлардан туындайды.
Жалпы кәсіпорын шығындарын келесідей классификацияға жіктеуге болады: