Нотариаттың пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 17:30, реферат

Описание

Қазіргі таңда әлемдегі нотариат институты, бірқатар және әр түрлі функцияларды атқаруда, содықтан да оның әр түрлі түсінігі бар. Жалпы «нотариат» сөзі алғаш латын тіліндегі «notarial» - нотариаттық, «notarise» - жазушы, хатшы деген мағынаны білдірген.
Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім –шарт жасау және сатып алу құқын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама нотариат.docx

— 40.90 Кб (Скачать документ)

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Алеев Р. Истоки нотариата. // www. jandex. ru
  2. Полтавская Н.,  Кузнецов В. Нотариат. Курс лекций, -М:. 1999Репин С.В. Настольная книга нотариуса. –М: Юридическая литература, 1994.
  3. Хышиктиев О. Нотариальная деятельность: перспективы развития. // Хозяйство и право. - 2001. - №12.
  4. Смағұлқызы Т. Қазақстан Республикасындағы нотариустар санының   жетіспеушілігі // Заң газеті. -2008. - № 48.-Б.2-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

                                          УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

       

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Нотариаттық палатаның өкілеттілігі

 

 

                                                                    

 

                                                                         Орындаған: Қайрханова.А.Б.

                              

                                    

 

Өскемен, 2012 

Нотариат туралы Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі  №155 Заңының 1 тарау, 26-бабында былай делінген:

 

Нотариаттық палата     

1. Нотариаттық  палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.  
      2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.  
      3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.  
      4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. 
      5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. 
      Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді. 
    

  27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi     

1. Нотариаттық  палата:  
      1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;  
      2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;  
      3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;  
      4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;  
      5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;  
      5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;  
      6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастырады; 
      7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;  
      8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады;  
      9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды.  
      2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.  
      3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.  
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ғаламтор көздері
  2. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі №155 Заңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

                                          УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

       

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Нотариаттың жарғысы

 

 

                                                                    

 

                                                                         Орындаған: Қайрханова.А.Б.

                              

                                    

 

Өскемен, 2012

Нотариаттық палатаның жарғысы 

 

Нотариаттық палатаның жарғысы

Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

1) атауы, қызметiнiң мақсаттары  мен негiзгi түрлерi;

2) палатаның құқықтары  мен мiндеттерi;

3) мүше болу мүшелiктi тоқтата  тұру және одан айрылу шарттары  мен тәртiбi;

3-1) мүшелердiң құқықтары,  мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;

4) басшы органдарды құру  тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi  мен өкiлеттiк мерзiмi;

5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану  тәртiбi;

6) жарғыға өзгерiстер мен  толықтырулар енгiзу тәртiбi;

7) палатаны қайта құру  мен тарату тәртiбi, таратылған  жағдайдағы мүлiктiң тағдыры. 

Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.

Жеке нотариаттық архив

Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.

Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі №155 Заңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

                                          УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

       

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары

 

 

 

                                                                    

 

                                                                         Орындаған: Қайрханова.А.Б.

                              

Өскемен, 2012

Қазақстан Республикасындағы  нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған  басқа да міндеттерді жүзеге асыруға  бағытталған нотариаттық әрекеттерді  жасау жолымен жеке және заңды  тұлғалардың заңдық мүдделері мен  құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын  сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы  деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған  көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық  әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.

Нотариат жүйесіне тек  қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер  жасау өкілеттілігі бар атқару билік  органдарының лауазымды тұлғалары  кіреді; Қазақстан Республикасының  консулдық ұйымдарының лауазымды  тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер  жасай алады; жекелеген нотариаттық  әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен  мүгедектер үйінің директорлары мен  бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының  командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық  әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына  байланысты нотариат мемелекеттік басқару  органдарының қатарына жатады. Өйткені  нотариаттық әрекеттер жасау  тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.

Нотариаттық қызметті реттейтін  және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының  әділет Министрлігі болып табылады.

Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін  заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі  заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. 

Нотариат реформасы мен  нотариат туралы заңның мәні бойынша  қазіргі экономикалық кеңістікте екі  нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік  конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың  арасындағы айырмашылық, біріншісі  нотариаттық әрекет жасаудан алған  төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен  айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.

Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен  мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық  палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар  біздің нотариат негізделген принциптердің  орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Нотариаттың келесі міндеттерінің  бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден  қорғайды және жақтардың құқықтары  мен қаражаттарын үнемедеумен қатар  мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін  шығындарын да азайтады. Мысал ретінде  туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың  үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін  жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі  туындайды және мұрагерлік құқықты  ресімдеу кезінде мұрагерлердің  мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір  бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа  жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.

Нотариаттың құқықтық табиғатын  анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық  және құқық қорғау функциясын жатқызуға  болады. Нотариус бұл жүйедегі басты  әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының  даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар  нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен  басқа да заңдық фактілердің айғақтығы  нотариаттың әрекеттерді жүргізу  прцедурасының қатаң реттелген  ережесімен қамтамасыз етіледі.

Нотариаттық қызметтің негізгі  принциптері:

Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау  кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының  көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.

Информация о работе Нотариаттың пайда болу тарихы