Құқықбұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:18, курсовая работа

Описание

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Құқық нормасының түсінігі және құрылымы................................................5
1.2Құқық нормасын топтастыру............................................................................7
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
2.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі....................................................................9
2.2 Құқық бұзушылықтың белгілері..................................................................10
2.3 Құқық бұзушылықтың түрлері ....................................................................17
2.4 Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік.......................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа состоит из  1 файл

ҚұқықбұзушылықWord.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

- балама құқықтық  нормалар (бірнеше әрекеттер нұсқасын  көрсету, мысалы, айыппұл, түзу жұмыстар).

12) құқықтық  реттеу әдісіне байланысты құқықтық  нормалар келесідей бөлінеді:

- құқық беруші  құқықтық нормалар (белгілі бір  әрекеттерді жасауға ерік беру),

- міндеттеуші  құқықтық нормалар (адамдарға белгілі  бір әрекеттерді жасауды міндеттеу),

- тыйым салушы  құқықтық нормалар (белгілі бір  әрекеттерді жасауға тиым салу).

Осы себеппен құқық  нормалары әр алуан. Бұл қоғамдық қатынастардың әр алуандылығына  байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ

2.1  Құқық бұзушылықтың түсінігі

 

Қоғам әрқашан  тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың  жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіті бұзуға бейім азаматтар да аз емес.

Заң нұсқамаларына  ауытқудың қоғамда едәуір кең  таралған сипаты бар. Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардың көп болуына, субъектілер мен  жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан түрлі болуына қарамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда) бірқатар ортақ белгілері бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылық” деген ұғыммен белгіленеді.

Құқық бұзушылық  –қоғамның, мемлекет пен жеке адамның  мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің  кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті  әрекеті.

Заңның талаптарына  теріс пиғыл-құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық –  құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.

Құқық бұзушылық  заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым  салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекет ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға  қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік  немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық  қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы.

Құқық бұзушылық  дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңғы заң алдындағы  жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекекеті немесе әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылық  құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге  нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның  мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген  құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың  талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Кез келген құқық  бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі  ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.

Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі  елеулі әрекетсіздігі болмаса заң  үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның  ой және сезім жүйесі, оның биологиялық  жай-күйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.

Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті  әрекет болып табылады, ол зиянның  болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп  төндірмейтін әрекет құқық бұзылушылыққа жатқызылмауы тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілік нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.

Құқық бұзушылықтардан  келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына  келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.

Құқық бұзушылықтың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс  ережелерін бөліп көрсететін, басты  өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық  бұзушылық мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. [1, 15б]

 

2.2 Құқық бұзушылықтың белгілері

 

Құқық бұзушылық  өзіндік пайда болу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген  құқық бұзушылықтардан құралады, олардың  барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.    

Құқық бұзушылық  – биологиялық, физиологиялық, технологиялық  ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. [5, 250б] 

Құқық бұзушылық  – құқыққа оның талаптарына қарсы  бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықтық бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып  өту деген сөз. Әрбір құқық  бұзушылық- нақтылы құбылыс. Оны  нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. 






 


 




 

Құқық бұзушылықтың белгілері:

  1. Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияна мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;
  2. Құқыққа қайшы келушілік –әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді;
  3. Кінәлілік – басқаша айтқында, құқық бұзушылыққа бару – құқық бұзушының тысқарында ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік ықтиярына әлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі іс-әрекет (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің іс-әрекетінің құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындаға жауаптылыққа тартылмайды;
  4. Әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайдаболады;
  5. Жазаланушылық – мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықты  сипаттайтын белгі-нышандар:

  1. Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
  2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.  Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:      

1. Құқық бұзушылық  – қоғамға зиянды әрекеттің  объективтік нысандағы бейнесі,  сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.     

2. Құқық бұзушылық  – объективтік процесс болып  табылады. Бұндағы объективті деп  отырғанымыз, кез келген құқық  бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада  құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.      

Формальді –  логикалық жағынан бұл былай  бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының  бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік.   

  • Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау. 
  • Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.   

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

  1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынысқа зиян келтіруді анықтау.
  2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
  3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
  4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру. [6, 150б]

  Қалай болса  да заң бұзушылық қоғам үшін  зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.

  1. Құқықбұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.

Құқықбұзушылық  ең алдымен заңның қоғауына алынған  өзге тұлғалардың мүддесіне қаіп төндіреді. Дегенмен адамның барлық мүддесіне заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан кетіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттерімен байланысты болады.

  1. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай  алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:  
  • Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.     

Информация о работе Құқықбұзушылық