Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:18, курсовая работа
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Құқық нормасының түсінігі және құрылымы................................................5
1.2Құқық нормасын топтастыру............................................................................7
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
2.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі....................................................................9
2.2 Құқық бұзушылықтың белгілері..................................................................10
2.3 Құқық бұзушылықтың түрлері ....................................................................17
2.4 Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік.......................25
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32
Сонымен, заңның талаптарына теріс пиғыл – құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – заңдарға немқұрайлықпен қарау, олардың талаптарын орындамау. Құқықты бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады. Қылықтың екі түрі бар: іс-әрекет және әрекетсіздік. Адам заңды әрекет жасау арқылы да, ешқандай әрекет жасамай да бұзуы мүмкін. Егер адам біреудің денесін жарақаттандырса немесе мүлкін ұрласа – бұл әрекет, заңды бұзатын қылық. Егерде милиционер қызмет орнында тұрғанда бейбастақтықты тоқтатуға рекет жасамаса бұл әрекетсіздік заңды бұзатын қылық. Сондықтан заңның талабын әрекет арқылы немесе әрекетіздік арқылы бұзатын қылық үшін жауаптылық белгіленеді. Егерде заң қандай да болсын әрекетке тыйым салмаса немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық белгілемесе, онда құқық бұзушылық та болмайды. Мысалы, адамның ойы үшн, нанымы үшін заң бойынша жауаптылыққа тартуға болмайды.
Қандай да болсын құқық бұзушылықтың маңызды белгісі – оның зияндысалдары. Зиян нақты адамға, ұйымға, қоғамға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Зиян – құқықты бұзушылықтың теріс салдары. Құқық бұзушылықтың нәтижесінде құнды зат жойылады, адам қаза болады, ар-намысқа нұқсан келеді, қоғамдық тәртіп бұзылады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер туады т.с.с. Құқықты бұзушылықтың ауырлығына байланысты оның салдары да түрлі болады. Сондықтан оның салдарына байланысты заң жазаның әр түрін белгілейді.
Құқық бұзушылықтың
маңызды белгісіне құқық
Адамның толық қабілеттілігі 18 жасқа толғаннан кейін пайда болады. Кейде, заңда көрсетілген жағдайда ересек адам сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектелген немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтың төрт түрі бар:
Құқық бұзушылықтың әр түріне заңдардың ерекше саласы арналады. Қылмыс үшін жауаптылық қылмыстық заңдарда қаралады. Барлық қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексте белгіленген. Әкімшілік құқықты бұзушылық сол атты кодексте қарастырылған. Қазақстанның Азаматтық Кодексі жеке тұлғаға, заңды тұлғаға мүліктік зиян, рухани кесел келтірген үшін жауаптылық белгілеген. Ал тәртіптік жауаптылық жұмыскердің өз еңбек міндеттерін бұзумен байланысты.
Құқықты бұзған үшін кінәлі заң бойынша жауапқа тартылады. Мұндай жауаптылықтың белгілері мыналар:
Құқықтық мемлекетте соттың алатын орны ерекше. Құқық бұзуға байланысты даулар негізінен сотта қаралып, шешілуі керек, сондықтан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы соттардың қызмет істеу принциптеріне ерекше көңіл аударған. Әрине, бұл принциптер тек сот қызметіне ғана арналмаған. Сонда да сот үшін сол принциптердің маңызы зор. Конституцияда аталған принциптер негізінен қылмыстық істерді сотта қарағанда қолданылады.
Сонымен, қорыта келгенде, құқыққа қарсы әрекет ол кінәлі болғанда құқық бұзушылыққа айналады. Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Пайдаланылған әдебиеттер