Заңды тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:12, курсовая работа

Описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.
1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7
1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11
2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................
2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14
2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі.. 15»
2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекеттік қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28
2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33
Қорытынды.................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовая Заңды тұлға .doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.............................................................................................................2-3

1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.

1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7

1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11

2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................

2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14

2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі..  15»

2.3 Заңды тұлғаның  құқықтық әрекеттік қабілетінің  пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28

2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30

3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33

Қорытынды.................................................................................................34-35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Құқықтар мен  міндеттердің иесі бола білу, азаматтық  айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады» [1].

Азаматтық құқық  ғылымы заңды тұлғаны мынадай  белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі;  2) мүліктік оқшаулығы;  3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды  тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заңды құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына  сәйкес жұмыс істейтін өз органдары  арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдармен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Мүліктік оқшаулық  заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік, құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.  Дербес мүлік жауапкершілігі дегеніміз ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен  жауап беру. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының  1-тармағы  2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекемемен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың  дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін. Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы,  72-бабының 1-тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы);  3)егер заңды тұлғаның банкрот  болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі ( АК-тің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің  94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі)және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік [1].

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы  процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

Курс жұмысының  мақсаты:

  • Заңды тұлға туралы ұғымды талқылау.
  • Заңды тұлғаның түрін анықтау.
  • Заңды тұлғаның құрылуын қарастыру.
  • Заңды тұлғаның негіздерін топтастыру.
  • Заңды тұлғаның құқықтық субъектілерін анықтау.
  • Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғаны саралау.

Міндеті:

  1. Заңды тұлғаның тақырыбын баспасөз материалдарынан іздестіру.
  2. Заңды тұлғаның ерекшелігін қарастыру.
  3. Шетел мемлекетімен салыстыру.

Заңды тұлға  азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азамттық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясынан көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессор С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.

Құрылымы:

Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты

1.1 Заңды тұлғаланың ұғымы

1. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады

Заңды тұлғалардың  түрлері мен нысандары:

1. Өз қызметінің  негізгі мақсаты ретінде табысын  келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық  емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық  емес ұйым болып табылатын  және мемлекеттік бюджеттің есебінен  ғана ұсталатын заңды тұлға  тек қана мемлекеттік мекеме  нысанында құрылуы мүмкін.

4. Заңды тұлғалар бірлестік құра алады.

Заңды тұлға  осы Кодекстің, заңды тұлғалар түрлерінің әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң  құжаттары мен құрылтай құжаттарының негізінде жұмыс істейді.

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателіспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы занының 2-бабы).

Осындай саралау  заңды тұлғалар түрінің әрқайсын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына  сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатың  заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық  емес ұйым заңды тұлға ретінде  мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғам,тұтыну кооперативі,қор, діни бірлестік  қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылу мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі [2.155].

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндетеммелік құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктіҢ құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғалардың мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын занды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқығы (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36- бабының 4- тармағы ). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «коммерциялық емес ұйым» заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

Заңды тұлға  дегеніміз меншік, шаруашылық жүргізу  немесе басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта талапкер және жауапкер бола  алатын ұйым... Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі бар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 33-бап). Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір кезде пайда болады, яғни мемлекеттік органға тіркелген сәттен.

Заңды тұлғалар субъектілердің түрлері бойынша  мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді.

Коммерциялық  ұйымдар емес деп – кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған кірісті қатысушылар  арасында бөлмейтін заңды тұлғаларды айтамыз.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметіне салық салу ҚР-ның салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды тұлға өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуді Әділет министрлігі жүзеге асырады. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны үшін сотқа шағым беріледі.

Мынадай жағдайда заңды тұлғалар қайтадан тіркеуден  өтеді:

    1. Атауы өзгергенде.
    2. Жарғылық капиталының мөлшері азайғанда.
    3. Шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың өзгергенде.

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап өз жұмысын жүзеге асыра алады. Оның филиалдары мен өкілдіктері заңға сәйкес тіркеледі.

Филиал – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, өкілдігін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі. Заңды тұлғалар қайта құруға байланысты оның мүлкі меншік иесі ауысады. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік туралы заң негізінде өз жұмысын жүзеге асырады. Заңды тұлғаның 1 немесе бірнеше құрылтайшысы болуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тарату.

Заңды тұлғаны  тарату дегеніміз – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін тоқтату  тәсілі.

Информация о работе Заңды тұлға