Заңды тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:12, курсовая работа

Описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.
1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7
1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11
2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................
2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14
2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі.. 15»
2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекеттік қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28
2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33
Қорытынды.................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовая Заңды тұлға .doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Егер акционерлік қоғам  өзінің жаңа акциялар немес акцияларға айналатын (конверсияланатын)  басқа  да бағалы қағаздар шығаратын ниеті  туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган акционерлерге  артықшылықты сатып алу  құқығын  пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге  құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларға орай акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға жұмсалатын комерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам директорлар  кеңесінің шешімі бойынша заң  құжаттарында көзделген  тәртіппен  өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында комерциялық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.

Қазақстан Республикасында  акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, яғни ол ашық және жабық түрде  кездеседі.  Қоғам өз үлгісін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша  және заң талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Мәселен, егер жабық  қоғам акционерлерінің  саны 100-ден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту  туралы шешім қабылдау  үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жапы жиналысын өткізуге міндетті.

Қоғамның фирмалық атауы  болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай «Ашық акционерлік қоғам» немесе «Жабық акционерлік қоғам» деген сөздер, немес тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын-ала белгіленген  өзге адамдар тобы арасында орналастырылған  акционерлік қоғам  жабық акционерлік  қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акцияларға  ашық түрде  жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Жабық қоғам акционерлерінің саны 100-ден аспауы тиіс. Қоғамның акционерлерінің осы қоғамның басқа  акционерлері сататын акцияларды сатып алуына басым құқығы бар.

Жабық акционерлік  қоғамның  жарғысында өзінің әрекетімен немес әрекетсіздігімен  қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот тәртібімен  акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделу мүмкін.  Аластатылған акционердің акцилардың  қоғамның таза активтері  құнының ол шығарған  акционерлердің  жалпы санына қатысты есебінен сот белгіленген  баға бойынша  қоғам сатып алуға тиіс.

Акционерлері өздеріне тиесілі  акцияларды  басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам  ашық болып табылады. Ашық қоғам шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы.  Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың  ұйымдасқан нарығында  акциялар бағаланатын  активтерінің  мөлшері кемінде айлық есепті  көрсеткіштің  200 мың  еселенген  мөлшерін  құрайтын және акционерлердің  саны 500-ден кем болмайтын  ашық  қоғам  ашық халықтық қоғам болып табылады («Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 7-бабы).

Бір заңды тұлғаның  құрылтайшылары (қатысушылары) басқа бір заңды  тұлғаның  құрылтайшылары  (қатысушылары) болуы мүмкін.  Осыған байланысты біздің заңдарымызда  еншілес ұйым және тәуелді акционерлік  қоғам тәртіптелген.

Жарғылық капиталының (шығарылған  жарғылық капиталының) басым бөлігін  басқа заңды тұлға  қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа   сәйкес  (не өзгеде тұрде) негізі ұйым  осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін  айқындай алатын  заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-бабы).

 

2.2  Заңды тұлғаның ерекшелігі.

 

Құқық қабілеттілігі  арнаулы және жалпы болады. Арнаулы  құқық қабілеттілігі  дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай  келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері  көрсетіледі. Осыған байланысты , ҚР  АК 159-бабында былай делінген: «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсатына қайшы келетін етіп жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылуы мүмкін».  Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысалы ретінде  қазыналық кәсіпорынды  атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген  мақсаттарымен  және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі  сондай-ақ  коммерциялық  емес ұйымдарға да; мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне  (ҚР АК 105-110 баптары) тән.  Жалпы  құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез-келген қызметпен  айналыса алады, кез-келген азаматтық құқығы  және соған қатысты міндеттемесі болады.  Коммерциялық ұйымға  жататын (шаруашылық серіктестіктермен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады.

ҚР АК 35-бабының 1-тармағында «заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады» делінген. Лицензия дегенді уәкілетті органдардың тиісті қызметті жүргізуге арнаулы рұқсат беруі деп түсінген жөн.

ҚР АК 10-бабының 4-тармағында былай деп белгіленген: «Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің  кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Ондай тауарлардың, жүмыстың немесе қызметтің тізбесі, мемлекеттік лицензиялар беру тәртібі заң құжаттарымен немесе оларда белгіленген тәртіпппен белгіленеді». Олардың қатарына Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі, 1995 жылғы 31 тамыздағы, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күші бар Жарлықтарымен, 1997 жылғы 21 қаңтардағы, 1997 жылғы 7 сәуірдегі, 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңдармен енгізілген  өзгертулері және түзетулері бар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы» заң күші  Жарлығы жатады. 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлықта міндетті түрде лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметтің 39 түрі аталған.

Лицензиялауға жататын қызмет түріне лицензиялар  беруге, соның ішінде патент түрінде, уәкілетті  мемлекеттік органдардың  (лицензиялардың) тізбесі Қазақстан Республикасының  Үкіметінің  1995  жылғы 29 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасы  Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысында нақтыланған.

1995 жылғы 17 сәуіріндегі  Жарлыққа сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қызметті лицензиялаудың ерекшелігі арнаулы заңмен белгіленеді. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану, пайдалы қазбалардың кен орынын игеру, пайдалы қазбалар алу мен байланысты емес. Құрылыс пен жер асты құрылғыларын пайдалану және  солармен байланысты қайта өңдеу өндірісі, жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалану құқығына лицензия беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялаудың тәртібі туралы Ережеде» айқындалған.

Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР Азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі  туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі  ол құрылған кезде пайда болып оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарын алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады» [5, 389б].

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы  үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек.  Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі, олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң құжаттарымен  құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды». Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар  (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамда – директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда  - басқарма, кеңес, секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады.

ҚР Азаматтық  кодексінде заңды тұлғалардың жекелеген  түрлеріне қатысты органдардың  құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің жоғары органы қатысушыларының жалпы жиналысы еркіндігі белгіленген. Толық серіктестіктің  ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісім бойынша қабылданады (65-бап), сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады (75-бап), акционерлік қоғамның жоғары органы оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып  табылады (92-баптың 1-тармағы). Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе/және жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне  күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесімен акционерлердің  жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдардың жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа  да  органдардың  заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін  барлық мәселелерді шешу акционерлік   қоғамның, қоғамның атқарушы органының айрықша құзыретіне жатады (92-баптың 5-тармағы). Өндірістік  кооперативті басқарудың жоғарғы органы оның мүшелерінің  жалпы жиналысы болып табылады (99-бап) [1].

Заңды тұлғаның жекешеленуі. Заңды тұлғаның  азаматтық  айналымға дербес шығуы үшін олар жекешеленуі, яғни басқа біртектес заңды тұлғалардан ерекшеленуі керек. Оған ең алдымен оның атауымен қол жеткізуге болады. ҚР  Азаматтық кодесінің 38-бабында мынадай ережелер белгіленген: «Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды; егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға»; басқа елдерде қабылданған ұйымдық-құқықтық нысандарды,  Азаматтық кодексте көзделмеген терминдерді белгілеуге жол берілмейді.

Фирмалық атау – бұл коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүше болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атауды, оны тіркелмей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз.

«Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға  құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап  етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды  тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді» (ҚР АК 39-бабы).

Заңды тұлғаның тұрған жері  (оның тұрақты жұмыс  істейтін органы) «оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі» (ҚР АК 38-бабы).

Заңды тұлғаның тұрған жерінде банк мекемесінде оның есеп шоты және ағымдық шоты ашылады.  Заңды тұлғаның тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің қай ведомствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. ҚР Азаматтық кодексінің 281-бабында егер борышкер заңды тұлға болса, онда міндеттеменің орындалу орны оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс деп белгіленген . Мұндай жадайда заңды тұлғаның бірнеше қалаларда немесе елді мекендерде қызмет істегеніне қарамастан, тұрған жері біреу ғана болуы керек.

Азаматтық айналымды  тек қана заңды тұлғаны емес, сондай-ақ оның өнімін де (тауарлар,жұмыс,қызмет) жекешелеу керек.

Бұл мақсатқа тауар  таңбасы, қызмет көрсету таңбасы  және тауар шығарылған жердің атауы  пайдаланылады.  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдеде қабылданған «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»заңында тауар таңбасына  (қызмет көрсету таңбасына)  мынадай анықтама берілген: бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) басқа заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан (қызметінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі [6, 4б].

 

2.3 Заңды тұлғаның  құқықтық әрекет қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы

 

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығын әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндетгерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәтінен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

Ал  коммерциялық ұйымдар болса, керісінше  арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын  жалпы құқық қабілеттілігіне  ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшыл арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер занды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

Информация о работе Заңды тұлға