Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 20:31, реферат

Описание

1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.

Работа состоит из  1 файл

КР президентинин мартебеси.docx

— 35.72 Кб (Скачать документ)

Өз  өкілеттігін орындауды тоқтатқан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің – Елбасының жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен  – Елбасымен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

Осы Конституциялық заңда көзделген  кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін  орындауды тоқтатқан Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.


Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентiнiң