Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 15:30, реферат
Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпариялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты.
1. Кіріспе.
1.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Қазақстандағы доминанттық партия.
2.2 Қазақстанның саяси партиялар туралы заңы.
2.3 Қазақстандық партиялар қоғам мүддесін білдіре ала ма
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан ашық қоғам құру мәселесі
барынша кең болғандықтан оның тек
сасяи партиялардың құрылуы мен
атқарып отырған іс-шараларына
бағытталған мемлекеттік
Партогенездің заңдық негздерінің ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады: бұл процесті конституциялық түрде, арнайы заңдармен және сондай-ақ сайлаулық (электоральды) заңдармен реттеп отыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша идеологиялық және саяси плюрализмге кеңінен жол берілген және сонымен қатар азаматтардың бірігу еркіндігінің құқы қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі жария етілген. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара бірігуіне тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне ал өз кезегінде мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің жұмысына араласуына құқығы жоқ. Бұл нормалардың, мемлекеттік пен жекеменшіктің кең құқығымен қоса алып қарағанда, айқын антитоталитарлық бағыттарда екені күмәнсіз.
1996 жылдың шілде айының
2-де Қазақстанда «саяси
Міндетті түрде тіркелінге мүшелік нормасы әдетте авторитарлық және тоталитарлық типтегі партияларға тән болғандықтан, ішкі ұатал құрылымы бар партиялардың іс- әректтерін айқындай түседі. Мұның өзі мүшелерінен міндетті түрде тіркелуді талап ететін кадрлық күш-қуаты бар партиялардың өз ішкі құрылымы тұрғысынан бұқаралық және тоталитарлық реңкілерге барынша боянуына алып келуі әбден мүмкін. Әрине тиісті тәртіп стильдерімен қоса партияны тіркеуде талап етілетін кемінде үш мың адамдық мүшелік бір жағынан партияның ұсақтануына қарсы бағытталса, екінші жағынан оның оталық күшін электоральдық бағыттан, мүшелер құрамын қалайда кеңейте түсу жолдарына итермелейді, яғни бұқаралық партиялардың құрылуына түрткі болады... Нәтижесінде электоральдық қолдауы жоқ партиялар өздерінен өздері саяси сахнадан кетуге мәжбүр болатындай ахуал қалыптасады. Партиялар мәртебесіне үміткер ұйымдар үшін бірден-бір тежеу- сайлауға ұдайы қатысуды қамтамасыз ету екендігі шүбәсіз.
Бүгінде қалыптасып отырған өкілдік жүйесінің үш негізгі түрін: мажоритарлық, пропорциоалдық және аралас-таңдау мәселесі де барынша өзекті екендігі сөзсіз. Қазақстанда қалың көпшіліктің мажоритарлық жүйесі орныққан. Үміткер үзілді-кесілді түрде басымдық таныта алмаған жағдайда сайлаудың екінші рет өткізілуі ойға алынған.
Мажоритарлық өкілдіктің басты артықшылығы-мемлекеттік өкімет органдарын құру кезінде белгілі бір аймақ сайлаушыларының көпшілігінің айтқан ұсыныстары мен талап-тілектері барынша ескеріледі. Ал оның кемшін тұсы деп-мандаттарды бөлуде орын алуы мүмкін әділетсіздік пен тұтас ел бойынша ұзын саны едәуір көп адамдарды ой-пікірлерінң ескерілмей қалуын айтуымыз керек.
Ал пропорционалдық жүйе болса, әлеуметтік-топтық мүделердің неғұрлым шапшаң және ұтымды түрде белсенділік танытуына негіз болып, әр азамттық қоғамның құрылымдық жүйелеріне де оң әсерін тигізе отырып, плюралистік қоғамға өтудің алғы шарттарын қалыптастырады.
Сондықтан да белгілі бір партиялық жүйе типінің негізін қалау жолында төмендегі екі мәселеге көңіл бөлген лазым:
көмегімен жеделдетуді қолға алып, тек сонан соң ғана партиялық жүйе құрудың коррекциясына назар аударған жөн. Әрине мажоритарлық принциптің көмегімен. 2) Басқа да жол бар: бірден партиялық жүйенің құрылуына бар күш-жігерді салып, мызғымас тұрақтылық пен легитимділікке жетуге болады.
Сонымен Қазақстан Респбликасында саяси плюрализм мен ашық қоғам институтының қалыптасуына қажетті белгілі бір заңдылық негіздер мен алғы шарттар қалыптасқан деп айтуға толық қақымыз бар. Алайда, біздің пікірімізше, бүгінгі құқықтық негіз өзінің деңгейі тұрғысынан әлі де толыққанды емес. Ол тек саяси жүйенің тактикалық түрдегі тұрақтылығы мен бірлігіне ғана септігін тигізіп, ұзақ мерзімді стратегиялық дамуды көздеген мұраттарға келгенде оған мұршасы толық жетпей отыр деуге негіз бар сияқты.
Доминанттық партия: әлем елдері тәжірибесінен.
Әлемдік кеңістіктегі дамыған және дамушы- Жапония, Қытай, Сингапур, Мексика сияқты бірқатар елдерде көппартиялық болғанымен, ұзақ жылдар бойына белгілі бір партия сол елде басты саяси күшке айналып, ықпал етуде.
Бұл төмендегі жағдайларға байланысты жүрді.
Қытай (Конституция бойынша Қытайда көппартиялық жүйе көзделген). Қытай Коммунистік партиясының елде көп партиялардың ішінде жеке дара билік басында болуы алдамен жүйеге қарсы күштердің барлығына байланысты.
Жапония. 1955 жылы құрылған Жапонияның либералды-демократиялық партиясы (ЖЛДП) елу жылдан астам уақыт елдегі басқарушы партия сипатынан танбай келеді. 50 жылғы билік басындағы партия жұмысын зерттей келе, мынадай қорытындылар жасауға болады. Ұзақ жылдар бойына елді басқару барысында мемлекеттік және ұлттық ірі бизнес арасында экономикалық және әлеуметтік салаларда стратегиялық әріптестікке қол жеткізілді. Іс жүзінде партиялар арасында бәсекелестіктің болмауына қарамастан, биліктің бір партия маңына шоғырлануының әлемдегі үлгісі ретінде Жапонияны қарастыруға болады.
Сингапур. Тәуелсіздік туын тіккен 1965 жылдан бері елде «Халықтың іс-қимыл партиясы» билік етуде. 1954 жылы тәуелсіздікті жақтаушы, социал-демократиялық бағытта құрылған партияның негізін салушы ұзақ жылдар бойына үкімет тізгінін ұстаған Ли Куан Ю еді. 1959 жылдан 1990 жылға дейін үкімет басқарған Ли Куан Ю Сингапурды әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосып, соның нәтижесінде халық бұқарасының қолдауына ие болған партиялық құрылымды да жасады.
Мексика. 1920 жылдан елде ресми түрде көппартиялық бар. Алайда1990 жылға дейін «Институттық-революциялық партия» монополиялық билікте болды. 1929 жылы құрылған кезеңінен 1938 жылға дейін Халықтық-революцияшыл, ал 1946 жылға дейін Мексика революциясының партиясы атауларымен мәлім партия алғашында саясаткерлер мен мемлекеттік шенеуніктерді, үкіметтегі топтарды біріктірген.
Біздің елде жоғарыда аталған тәжірибелерді, олардың елдің тұрақты және серпінді дамуындағы рөлін қаперге алып, ерекшеліктерді ескере отырып, «Отан» партиясының негізінде жоғарыдағы үлгілерді жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.
Сайлау туралы заңның өзгеруі, атап айтқанда, Мәжіліске партиялық тізімдер бойынша 10 депутаттық мандат кіргізу, саяси партиялардың белсенділігін күшейте түсті. Осы жаңа құбылыстың көрінісі ретінде 1998 жылдың қазан айынан бері 9 бірдей жаңа партияның құрылғанын айтуға болады. Сөз орайында айта кеткен жөн: «ескі» партияларға Қазақстан Халық бірлігі партиясы (ҚХБП), Қазақстан Демократиялық партиясы (ҚДП), Халықтық-кооперативтік партия (ХКП), Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП), Қазақстан Қайта Өрлеу партиясы (ҚҚӨП), Республикалық Саяси еңбек партиясы (РСЕП), Қазақстан Халық конгресі париясы (ҚХКП), Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) мен Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) жатады.
Қазақстандық партиялар қоғам мүддесін білдіре ала ма
Саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі-қоғамдық мүдделерді жианқату мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде ендіру. Сонымен қатар саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылыдру арқылы азаматтар қызіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады.. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси партияларға мұндай сипат демократиялық саясат ауқымында ғана тән екенін ескеруіміз қажет. Қазақстандық саяси партиялар да өз бағдарламаларында бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмаған. Мысалы, Қазақстанның «Азаматтық» партиясы өзінің ең басты саяси міндеті ретінде «бүкіл ел көлеміндегі барлық сайлау науқандарына тиімді қатысуды» көрсеткен. Ал «Руханият» партиясы Президент, Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті орган депутаттарын сайлауына арналған сайлау науқандарына қатысуды көздейді.
Саяси партиялар бағдарламаларын талдау негізінде мынадай қорытынды жасауымызға болады; 1) партиялардың басым көпшілігінің әлеуметтік негізі нақты емес; 2) «Ақ жол», «Азаматтық» және «Демократиялық таңдау партиялары» өздерін азаматтар партиясы деп жариялайды ; 3) өздерін патриоттар партиясы деп аттас партиямен қатар «Ақ жол», «Отан», «Асар» партиялары есептейді; 4) тек «Аграрлық» және «Ауыл» партиялары ғана өздерінің әлеуметтік негіздерін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлер деп анық көрсеткен.
Қазақстандағы көппартиялық жүйе, әлемдік тәжірибемен үндесе ме?
Еңбекшілер мүддесін көздеуді мақсат тұтқан Қазақстанның Социалистік партиясы, компартияның атын Социалистік партия деп өзгерту жөніндегі кезектен тыс съездан соң (7 қыркүйек, 1991) республиканың саяси өміріне араласа бастады. Қазан айында бұл партия Әділет министірлігінде тіркеуден өтті. Кезінде КСП-сының 1586 бастауыш ұйымы 47 мың мүшесі болған. Сондай-ақ партия Еуразия кеңістігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. КСП мүшелері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болады деп есептеді. Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.
Қазақстанның Халық Конгресі партиясы 1991 жылдың қазан айының 5-де дүниеге келді. Оның құрылтайшылары- «Семей-Невада», «Арал-Азия-Қазақстан», Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы, Республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды. Тең төрағалары болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды.
Қазақстанның Коммунистік партиясы 1991 жылдың күзінде, кезектен тыс XIX съезде дүниеге келді. ҚКП мүшелері өздерін 1903 жылы құрылған РСДРП-ның құықтық заңды мұрагеріміз деп жариялап, осы XIX съезде партияның атын Социалистік партия деп өзгертушілерге қарсы шыққан топтан құралғандар болды. Екі жолғы сәтсіз талпыныстан соң, 1994 жылдың ақпан айының 28-де Әділет министірлігінен тіркеуден өтті. Алғашында бұрынғы ҚКП орталық комитеті жанындағы партия тарихи институтының директоры академик Б.А. Төлепбаев кейін, 1996 жылы сәуір айында ҚКП ОК бірінші хатшысы болып С. Абдильдин сайланды. Қазірде ҚКП қатары біраз өзгерген, Екінші хатшы Сорокиннің орнына В. Косарев сайланды да 2004 жылы ол және партияның өзге де 11 мүшесі партия қатарынан шықты. Жақында компартияның хатшылығына –Т.Тохтасынов сайланды.
Қазақстанның Республикалық партиясы 26 ақпан 1992 жылы құрылды, 1999 жылы қыркүйекте яғни сайлау алдында бұл партия «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға біраз қазақ зиялылырының өкілдері енді. Мақсаты-қазақ ұлтының мүдделерін қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері Сәбетқазы Ақатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60 жылдары Мәскеуде қазақ жастары құрған атақты «Жас тұлпар» студенттік ұйымының белсенді мүшесінің бірі болған.
Қазақстан Республикалық
Еңбек Саяси партиясы-«
Қазақстанның Халық Бірлігі партиясы парламенттік партия есебінде Халық Бірлігі одағының негізінде 1993 жылдың ақпан айының 6-да құрылды. Оның алғашқы төрағасы Серік Әбдірахманов болды. 1993 жылғы қазан айынан бастап партияның төрағалығы Қуаныш Сұлтановқа тапсырылды. Одан кейінгі төраға Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ақан Бижанов болды. 1999 жылы науырыз айында бұл партия Отан партиясының құрамына кірді.
Халықтық-Кооперативтік партия өздерін аса ірі таптық және әлеуметтік жіктеулерден ада, негізінде кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиясыз деп жариялады. 20 ақпан 1994 жылы құрылды төрағасы У.С. Сарсенов кейін ресми тіркеуден 1995 жылдың ақпан айының 20-да өткен. Төрағасы бұрынғы Қазақстан Орталық Комитетінің хатшысы Сәбит Байжанов болды.
Қазақстанның Дәуірлеу партиясы өздерін парламеттік типтегі партия деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-басты ұстанар жолы-руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазақстанның демократиялық партиясы 1995 жылы 1 шілде айында құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттің кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сарсенбаев болды. Бұларда 1999 жылы науырыз айында «Отан» партиясы құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық «Отан» партиясы 1999 жылы ақпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның Либеральдық және «Қазақстан-2030» қоғамдық қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Партияның әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, ғылыми және творчествалық интеллегенция, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар