Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 09:50, реферат
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді.
Жаңа сыңдарға және қауіп-қатерлерге қарсы тұруға жол бермеу контекстінде Іс басындағы төрағалықтың басымды бағыты болып ЕҚЫҰ-ның шекаралық қауіпсіздігі және бақылау әлеуетін бекітуі болып табылады. Орталық Азия және Ауғанстан елдерінің шекара кадрларын дайындауға арналған Ұйымның Душанбедегі ЕҚЫҰ-ның шекаралық колледжін дамытуға зор мән берілуде.
ЕҚЫҰ-ның сыртқы қатынастарын бекіту бойынша Қазақстанның төрағалық ету жігерінің маңызды нәтижелерінің бірі Алматы қаласында ұйымдастырылған Еуроатлантика және Еуразиядағы қауіпсізідік сұрақтарымен айналысатын маңызды халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ЕО, Еуропа Кеңесі, ТМД, ҰҚКҰ және АӘСШК басшы/өкілдерінің бейресми кездесуі болып табылды. Кездесу барысында іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қатысушылар қазақстандық төрағалықтың жетістігі деп бағалады және де қауіпсіздік жөнінде өзекті проблемалар бойынша, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы аталмыш құрылымдардың тұжырымдамалары туралы өзара ақпарат алмасу жөнінде ашық және баянды ой-пікірлер алмасты.
Экономикалық-экологиялық өлшем
Қазақстан өз төрағалығы тұсында Ұйымның үш өлшемінің екіншісі – экономикалық-экологиялық өлшемінің тең толтырылуына әрдайым назар аударуда. «Корфу процесі» шеңберіндегі пікірталас ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемінің маңыздылығын кооперативті және қауіпсіздік концепциясының ажырамас бөлшегі ретінде көрсетті.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қазақстан төрағалығының экономикалық-экологиялық бағытындағы басты бір шарасы – «ЕҚЫҰ аймақтарында шекараны кесіп өту орындарында тиісті басқаруды жолға қою, жалпы көлік қауіпсіздігін күшейту, халықаралық көлік және теміржол қатынастарын жеңілдету» тақырыбында өткен 18-ші Экономикалық-экологиялық форумы болды. Қатысушылардың пікірлері бойынша форум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазіргі таңдағы аса маңызды деген мәселелерді қамтыды.
Аталған іс-шаралардан
басқа, экономикалық-экологиялық
Ғаламдық қаржылық және экономикалық дағдарыс тақырыбы ЕҚЫҰ шеңберінде алғаш рет Қазақстан төрағалының барысында, ІІІ Астана экономикалық форумында талқыланды. Осы форумда Қазақстан Президенті Бонн құжаты және ЕҚЫҰ-ның Маастрихт стратегиясы өзгерген жағдайларға икемді бейімделуді қажет ететіндігін, сондықтан дағдарыстан кейінгі жағдай, орта және ұзақмерзімдік әлемдік даму тенденциялары көрініс табатын «Маастрихт плюс» жаңа құжатын дайындау жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар
Астана форумында Елбасы Н.
Назарбаев ЕҚЫҰ-ның «екінші
Екінші өлшемнің шеңберінде Қазақстандық төрағалық тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ мүмкіндігін қатыстыру бойынша, атап айтқанда, Ұйымның жауапкершілігі аймағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Арал мәселесін шешу ісін алға апаруға ат салысып отыр. Осы салада маңызды іс-шара ретінде 2010 жылдың соңында Арал бойынша арнайы донорлық конференцияны өткізу болып саналады. Көмекші ұйымдастырушылар ретінде ХАҚҚ, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы және Ашхабадта орналасқан Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ-ның аймақтық орталығы қатысады деп күтіледі.
Адам өлшемі. Қоғамды демократияландыру, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету, білім беру, адам саудасымен күрес, сот жүйесінің тәуелсіздігі, әділ сайлау, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және т.б. үрдістерді қамтитын кең ауқымды, қоғамдық маңызды бағыт болып табылады.
Қазақстан
ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдаған
сәттен бастап гуманитарлық
Ұйымның қызметін
атқарып және шешімін қабылдап отырған
Қазақстан қазіргі кезде ЕҚЫҰ-
Адам өлшемі
шеңберіндегі сот әділдігі мен заң
үстемдігі жайы Қазақстан төрағалығының
басты назарындағы маңызды
Әйел құқықтарын
қорғау және жалпы гендерлік теңдік
мәселелері Қазақстан үшін басымды
бағыт әрі ЕҚЫҰ-ның бүкіл
Бүгінде ЕҚЫҰ-ның
жауапкершілік аймағында
Осы орайда Елбасы Н. Назарбаев ЕҚЫҰ СІМ Алматы кездесуінде сөйлеген сөзінде «біз соңғы он жылдықтарда төзімділік саясатындағы елеулі ілгерілеушілікке талдау жасауға және «ЕҚЫҰ: жаңа онжылдықта төзімділікке қарай» деген шартты атаумен ортақ құжатқа шығуға тиіспіз деп білемін» деген болатын.
Қазақстан төрағалығы тұсында, шілде айында Венада ұлттық азшылық тақырыбы бойынша екінші қосымша кеңес өтті. Өткен кеңес гуманитарлық өлшемдегі ЕҚЫҰ қызметінің бүкіл тарихы бойынша ұлттық азшылықтар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған тұңғыш шара болып табылады.
Қазақстан Іс басындағы Төраға ретінде Ұйымның басқа өңірлік құрылымдармен, соның ішінде АӨСШК-пен серіктес қарым-қатынастардың дамуына үлкен мән береді.
Биыл маусым айында Стамбулда ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалықтың бастамасымен ЕҚЫҰ және АӨІСШК-ға қатысушы 21 мемлекеттің, оның ішінде ЕҚЫҰ-ға барлық алты азиялық және үш жерорталық (Египет, Иордания, Тунис) әріптес мемлекеттің, ЕҚЫҰ «Үштігінің» мүшелері ретіндегі Литва мен Грецияның және Азербайджан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан делегацялары қатысқан «ХХІ ғасырдағы Еуразиядағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық» деп аталған арнайы шара өткізілді.
ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын күшейту бағытында ЕҚЫҰ-ның бейресми министрлік кездесудің шеңберінде 17 шілдеде Алматыда өткізілген Еуразия және Еуроатлантикада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын негізгі халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің бейресми кешкі асы қазақстандық төрағалықтың шеңберіндегі маңызды оқиға болды. Осындай тұңғыш кездесу ЕҚЫҰ, ТМД, ЕО, НАТО, БҰҰ, Еуропа кеңесі және АӨСШК сияқты халықаралық институттар арасыдағы диалог пен ынтымақтастықтың дамуына дем берді.
Төрағалықтың жартыжылдық мерзімінде Ұйымның гуманитарлық өлшемі бойынша зор жұмыс атқарылды. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан төрағалығын көптеген қатысушы мемлекеттер мен ұйымға әріптес елдер табысты деп бағалауда.
11 жылдан бері
шақырылмай, биыл желтоқсан айының
1-2 күндері Астанада өткізілетін
ЕҚЫҰ саммиті қазақ елі үшін ғана емес,
Ұйымға мүше 56 мемлекет үшін де айтулы
оқиға болмақ.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы Конституциямен кепілдендірілген. Ал әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді жүргізуіне тәуелді. Ал Қазақстан ұстанған бүгінгі әлеуметтік саясат халықтың тұрмыс жағдайының артуына әсерін тигізіп отыр. Қазақстан қашан да инвесторлар үшін сенімді және қолайлы мемлекет болды. Дағдарысқа қарамастан, қазір де солай. Еліміздегі саяси тұрақтылықтың әрі әлеуметтік орнықтылықтың арқасында осы жылдар ішінде мемлекетімізге сырттан бас-аяғы 100 млрд. АҚШ долларына жуық инвестиция тартылыпты. Бұлар өз кезегінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға септігін тигізді. Бұндай артықшылығын Қазақстан алдағы уақытта да уыстан шығармай, жалғастыра беруге құлықты. Бұл ретте Үкімет ел экономикасына инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту үшін биыл да қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Бұдан бөлек, мемлекет пен жеке меншік серіктестігі механизмін пайдалануға айрықша маңыз бермек.
Иә, Президент Н. Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға
мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің
биыл шілде айында Алатау баурайында өткен
бейресми кездесуінде сөйлеген сөзінде
айтылғандай, ұйым құрылған 1975 жылы, сол
тұста әлі әлемнің саяси картасында орын
алмаған Қазақстан тәрізді мемлекеттің
35 жылдан кейін оны басқаратыны, сірә,
ешкімнің қиялында болмаған шығар.
Қолданылған
әдебиет
www.akorda.kz
Молдабекова А.Т. Сараптама, Әлеуметтік қорғау. 20.02.2010.
Жұматай И. Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты // САЯСАТ-POLICY. 2007. № 12.
ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
мәліметтері.