Казахстан оппозициясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:06, реферат

Описание

Көпшіліктің пікіріне немесе басым пікірге қарсы шығушы белгілі бір топ немесе партия. Саяси өмірде Оппозиция билік жүйесі қызметінде көрініс таппаған мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат етеді. Оппозиция халықтың наразылық белсенділігін білдіріп, оны топтастырады, биліктің әрекетіне қарсы тұратын немесе оны ретке келтіретін талаптарды тұжырымдайды. Оппозицияның кез келген тұрпатының басты сипаты оның топтасуы, ұйымдасуы мен бұқаралық деңгейі, наразылық білдірудің заңды әдістеріне қатынасы болып табылады. Үкіметтің мақсаттары мен құндылықтарына адалдығы деңгейі бойынша үкіметтік бағыттағы, бейтарап және келісімге келмейтін Оппозиция болады.

Работа состоит из  1 файл

Оппозиция.docx

— 50.05 Кб (Скачать документ)

 

Әбіләкім, Патриотизм туа бітті  шартсыз рефлекс деп кім айтты  саған? Патриотизм жасанды болуы  заңды, өйткені патриотизмді тәрбиелейді. Сол БАҚ-арқылы, мектептер, оқулықтар, кино, мультфильм, өлең кештері, акциялар арқылы адам бойына патриотизм ұялатады.

Орыс пен таза қазақтар арасындағы азды-көпті жеккөрушілік бар оны  жасыруға тырыспаймын. Алайда, халықтар достастығы ол Құдай аспаннан жаудыра  салатын дүние емес, біз көбіміз  ұлтаралық ашық қанды-кескінді ұрыс-жанжалға куәгер боп өспегендіктен, ұлтаралық  достықты өзінен өзі пайда болатын  нәрсе деп түсініп үйренгенбіз.

 

Ең нәзік те қиын саясат бір ел ішіндегі нәсіл аралық, дінаралық, және ұлтаралық саясат. Және аздап бет  тыржитушылық болғанымен, масштабты  түрде орекеңдермен (Қазақстандық орыстар  Ресейліктермен салыстыруға келмейтін, мүлде бөлек адамдар) достастығымыз  өзінен өзі пайда болған жоқ. Кез  келген бейбітшілік дұрыс басқару  мен, жеткілікті ұлтаралық саясаттың  нәтижесі.

 

Патша заманынан қалған орыстардың тірі қалғаны жоқ. Қазақстанда мекен  еткен өзге ұлттардың көбі Қазақстанның қиын-қыстау кезіне кінәсі жоқ, еліңе  қайт деп те айта алмаймыз. Өйткені  ол осы елдің азаматтары. Олардың  құқығы тап мына сен мен менің  құқығыммен бірдей, санаспауға болмайды. Біз баяғы жабайы заманда емеспіз.

Мен өз басым адамға құрмет көрсету  ұлтына, қазақпын деп төске ұрғанында, немесе қазақша киноларды үзбеу  көруіне, немесе тіліне қарап емес, бүкіл Қазақстан халқына сіңірген еңбегіне қарап көрсетілуі тиіс. Және бұл тұрғыда, қазіргі Қазақстан  басшысының саясаты жалғыз дұрыс  саясат деп ойлаймын.

 

Егер халық арасындағы достық пен  бірлікті үнемі насихаттамаса, күн  сайын бейбітшілікті қорғамаса, қырық-пышақ болып қырылу тек  орыс пен қазақ емес, басқа ұлттар, тіпті рулар арасында өршіп, Қазақстан  жұлым -жұлым болып, ел бірлігі түбегейлі  жойылады.

Оппозицияға керегі де сол.

Бәрі дұрыс қой, бірақ сол  кездерде немесе қазір Нұрекең басқармағанда  бізде де соғыс, қантөгіс болатын  еді дейтіндердің қатарынан емессің  бе? Орыстарда “незаменимых не бывает”  деген сөз тіркесі бар емес пе?Осы кісінің осы түзу саясатын дұрыс жалғап кететін бір адам жоқ дегенге мен сенбеймін.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттың құқығы бірдей екенін мен де білемін. Бірақ соны қазақтар білгенмен қалған ұлттар сезе алмайды ау деп ойлап  қалдым.Патриотизмді тәрбиелегендей тілді  де солай енгізіп жіберуге қазір  не кедергі? Көрші өзбектер мемлекеттік  тіл туралы заңын 1989 жылы қабылдап үлгерген,қырғыздарда  бізден озды ол жағынан.аталған мемлекеттерде  “Мемлекеттік тіл туралы заң” болса , бізде “Тіл туралы заң”.

Мынаны оқып көрші :

” Хатта: «Қазақстандағы 3 миллион  орыстарды (бұл диаспораның жартысы  ғана дейдi. Д.М) қоныстандыруға, жұмыспен қамтамасыз етуге 150 млрд. АҚШ доллары  қажет, әрине бұл қаржы Ресейде  жоқ. Сондықтан бұдан 100 есе кем, яғни, 1,5 млрд. АҚШ долларын берсеңiз, бiз  Қазақстанда жүрiп Ресейдiң үстемдiгiн  көтерiп, билiгiн күшейтемiз» – дейдi. Сонда олар Қазақстаннан бiр айлық  алып, Қазақстан халықтарының Ассамблеясына  мүше бола тұрып, есiргенi ме?! Ары қарай, «әр 1,5 млрд. долларыңыздың рублiне дейiн  үгiт-насихат жүргiзуге дайынбыз»  – дейдi. Конституция бойынша  Қазақстандағы ұйымдар мен қозғалыстарға  шетелдiң ақшасына жұмыс iстеп, насихат  жүргiзуге тыйым салынған. Бұл тағы да Заңға қайшылық тудырады.”

Осылар Сіз бен Біз секілді  ойлайды дегенге сенесіз бе? Қарағандыдағы  Ленин ескерткішінің орнын ауыстырғанда да қойдай шулаған орыс коммунисттер.”Тарт  қолыңды Лениннен!”деген плакаттарды  ұстап шыққан да осы орыстар.Кешегі күнін аңсамайды деп айта аласың ба осыларды?!

 

/Патша заманынан қалған орыстардың  тірі қалғаны жоқ./

Иә,тірі қалғаны жоқ. Бірақ СҚО  мен Қарағанды облысы аймағындағы  орыстар нағыз сол шовинист орыстардың тікелей ұрпағы. Құлдан құл туатыны  қандай анық болса бұл да сондай анық мәселе.

мен озимше бир сандырактап корейнши мына таны кургырдын атпай койган сатинде…

алдымен Гаста дурыс айтасын  патриоттык сезим туа биткен (бузаудын емшекке жугиретининдей) рефлекс  емес.Алайда туа биткен болмаса да журе биткен рефлекске айналдыруга  ешким тырысып жаткан жоккой.Тырысып  жаткандардын да оздеринше есептери озиндик жоспарлары бар.

айтарым бул емес еди.Мен мысалга 9-сыныптан кейн туркияда билим алып бастадым.иа туркия дамыган немесе сапалы бир мемлекет емес.алемдеги ен тураксыз елдин алдынга катарында  типтен.булардын 1920 жылдардагы Кемал  Ататуркти жаксы коретини,дин  душманы дейтиндери де бар.Бирак  туркшилдикке,ултшылдыкка келгенде сол болингендердин ози бари бир  жудырык болып касая карсы  тура алады.Айтайын дегеним идиялогиясы  мыкты басшы келетин болса  патриоттык козкарасты 5 жылда да жаксартуга болады.Ал казиргидей жалгасатын болса 50 жылдан кейнде тукте озгермес…

 

Оппозиция – демократиялық қоғамның ең маңызды нышандарының бірі. Оппозиция  ұғымының негізгі мағынасы қарсы  тұру болса да, елдегі билік пен  саяси режимге балама күш болып  қалыптасуы шарт. Сонда ғана мемлекеттегі азаматтық қоғам институттарының  дамуы мен плюрализмді қалыптастыру үрдісі жеделдейді. Оппозициядағы партия, қоғамдық ұйым болсын өздерінің қабылдаған бағ­дар­ламасы арқылы жұмыс істейді. Мыса­лы, саяси мәдениеті көпке үлгі болған АҚШ-тағы президент, конгресс сайлау­ла­рында демократтар мен республи­кашы­л­дар алма-кезек жеңіске жетіп, бір-біріне оппозиция болудың классикалық үлгісін қалыптастырды. Тасада тұрып тас атпайды. Жеңілісінің төркінін өз бағдарламалары мен атқарылған жұмыстарынан іздеуге ты­рысады. Сайлау кезінде өзін көрсете алмаған партиялар келесі науқанға дейін жұмысын тоқтатпай, көзқарастарының дұрыс екенін дәлелдеу жолында еңбек­тене­ді. Еліміздегі оппозиция маңызды сайлаулардан еш қалыс қалып көрген емес. Дегенмен де біздегі оппозиция қо­ғам­да өз орнын тауып, лайықты беделге ие бола алмай келеді. Оларға абырой әпермей отырған жайттар – біріншіден, идея­лары мен пікірлері ортақ іргелі пар­тия­лардың бір тудың астына біріге алмауы. Оның себебі саяси партия жетекшілерінің жекелеген амбицияларын жеңе алмауы­нан сияқты. Сенбі күні бірікпек болған оппозиция күбір әңгімеден әрі аса алмай тағы тарқасты. Екіншіден, билік тарапына бірауыздан сын айтқанмен, бағдарлама­лары әркелкі. Бұл жерде жоба-жоспар­ларының жүйесіздігі мен билікке балама құжаттарының жоқтығын айтып отырмыз.

Бойына осы екі кемшілігі  қатып-семген оп­позицияның билікке  қарсы әрекетін фут­бол ойынымен өрнектесек. Себебі оп­позиция 2007 жылғы  сайлаудың алдын­да­ғы науқан кезінде  кәнігі футболшылар сияқты түскен суретін  таратып, «Парла­мент­­тің кубогы бізде» деген жарнамамен та­ласқа түскен еді. Стратегиялық және так­тикалық қателіктерден  көз ашпаған оп­по­зиция командасы  жеңілістерінің себебін өзінен емес, өзгеден іздеп әлек. Енді осы уа­қытқа дейін өткен «матчтардың» есеп­те­рі турасында...

 

Есеп ашылған сәт

 

Кез келген нәрсе өзінің берік бекіген  іргетасына байланысты екенін есте ұстасақ, бүгінгі оппозицияның бұралаңқы  жүрісінің түпкі себебін 2001 жылдан іздеу керек. Сырт көзге сыр бергісі  келмегенмен, «Қа­зақ­стан демократиялық  таңдауы» қозға­лысының ішкі бірлігінде ақаудың болғаны рас. Өйткені  тура 4 айдан кейін атышулы қозғалыстан  бөлінген бір топ саясаткерлер «ҚДТ-ны»  құрбандыққа шалып, «Ақ жол» партиясын  құруды құп көрді. Ал одан кейін де жолы оңғарыла қоймаған «Ақ ­жол»  саяси партиясының ойын алаңына  шығуы «жас түріктердің» қараша оқиға­сын  халық санасынан ұмыттырып жіберді. Есеп: билік – оппозиция – 1:0.

Бір командаға – бес капитан

«Ақ жол» партиясы әу баста өзінің көп төрағасымен ерекшеленді. Саяси  орта­да өзінің белсенділігімен  көзге түскен пар­тияның көпшіліктің  қолдауына ие болғаны жасырын  емес. Тең төраға қызметі жемісті  болғаннан кейін бұл партияға кейіннен бес бірдей басшы сайланды. Әлемнің еш­бір елінде бұған дейін  бақандай бес же­тек­шісі бар  саяси партия болған емес. Ақы­ры бесеудің басы «бір қазанға» сый­ма­ды. 2004 жылғы  Парламент сайлауында ұлт, тіл мәселесін  ұмыт қалдырған партия жеңілісті  басқа жақтан іздеп, әуреге түсті. Ал бұл кезеңде ұлттық мәселелер  «гол» соғып ұпай жинайтын тамаша мүмкіндік еді. Мәжілістегі бір  орынға қырын қараған жетекшілер арасындағы кикілжің халық сенім  артқан құрылымды құрдымға кетіріп  тынды. Билік – оппозиция – 2:0.

Биліктің хет-тригі

2005 жылғы Президент сайлауына  солшылдар «Әділетті Қазақстан  үшін» қоз­ғалысының аясында  ортақ күш ретінде қатысты.  Бірақ бұл жолы да биліктің  же­ңісіне өзінің сүбелі үлесін  қосқан оппо­зиция кінәні биліктен  іздеуге асықты. Өйткені олар  халық алдында көзбояушы­лықпен  «ӘҚҮ» аясында уақытша біріккен  еді. Шыны керек, олардың Президенттік  сайлауға әзірлеген бағдарламасы  Мәжіліс депутаттығына түсетін  кандидаттың жос­па­рының деңгейінде  ғана болды. Стра­тегиялық қателіктерге  бой алдырған оппо­зиция дауыстың  бөлініп кеткенін аңғар­мады. Сайлау  қорытындысы бойынша, «Ақ жол»  партиясының жетекшісі үшінші  орынға жайғасқан болатын. Ал  бұл –2004 жылы оппозиция «қақпасына»  соғылған «голдың» нәтижесі. Жоғарыда  айтып өткен уақытша бірігу  өз жемісін сайлау өткеннен  кейін-ақ бере бастады. Қозғалыс  төрағасы Жармахан Тұяқбай өз  партиясын құрып, өзгелерден бөлек  отау тікті. Радикалды «ақжолдықтар»  2006 жылдың көктемінде «Нағыз Ақ  жол» партиясы болып, Әділет  министрлігінен қайта тіркеуден  өтті. Оппо­зицияның бас-басына би  болып, партия құруға деген  құлшыныстары халықтың оларға  деген сенімін әлсірете түсті.  Соны­мен, билік – оппозиция –  3:0.

Сен соқпасаң, саған соғады

Футболда шабуылдаумен қатар, қор­ғану да маңызды болып табылады. Ал оппо­зиция қорғанысты ұмытып, бірден ша­буылдауға көшкенді ұнатады. 2007 жылғы Парламент  Мәжілісіне өткен сай­лау қарсаңында оппозиция белсенділері қайта күш  біріктірді. Болат Әбілов бастаған либералдар Жармахан Тұяқбай жетекшілік еткен социал-демократтармен тізе қосса, Серікболсын Әбділдиннің Коммунистік  партиясы сайлауға бойкот жариялап, оп­по­­зиция жанкүйерлерінің қатарын то­лық­тырды. Алайда олар билікті «қалпақпен ұрып»  алатын бағдарлама жасай алмады. ЖСДП-ның  ұлттық сайлауға ұсынған «Жа­ңа Қазақстан  үшін» бағдарламасының «бісс­імілләсі»  биліктегі азаматтардың әре­кет­терін  қаралаудан басталып, құжат­тың со­ңына  дейін кемшіліктерді тізбелеп өт­кен. Қара пиардан ұтылмаса, жеңіске жет­пей­тінін  түсінетін уақыт жетсе де, оп­по­зи­ция әлі күнге дейін осындай қара­дүр­сін әрекеттерден аса алмай отырғаны – шын­дық. Билік – оппозиция  – 4:0.

 

«Капитанның» қателігі

 

Еліміздегі оппозиция өкілдері өткен сенбіде бас біріктірмек  ниетпен алқа-қотан жиын өткізді. Нәтиже жоқ. Сарап­шы­лардың пікірінше, біздің оппозиция бір партияның  айналасына шоғырлана ал­ған емес және алдағы уақытта да бі­рікпейді. «Алдымен жүйені жеңейік, тиісті жағдайды орнатып  алайық, сосын барып қана коммунистер, социалистер, либерал­дар болып  бөліне беруге жол ашық»,– деген  Тұяқбай мырзаның сөзі оппозиция  «қақ­па­сының торын» тағы бір мәрте  бүлк еткізді. «Осы мәселелерді шеше алмаса, неменесіне жиналған деп бізге  барлығы күлетін болады» деген  оппозиция белсен­ділері сенбідегі  жиында тағы да бір жа­ғадан бас  шығара алмады. Есесіне, сая­си таблодағы  көрсеткіш ұлғая түсті

Ой-түйін

Футболда «автогол» деген ұғым бар, яғни ойыншының өз қақпасына  абайсызда гол соғып алуы. Біз  айтып өткен «голдардың» барлығы  дерлік осы ұғымға жақын. Оппо­зиция билікке балама күш ретінде төменнен құрылуы тиіс. Ал билікке өкпелеп, оп­по­зицияға өткен экс-шенеуніктер  өз ортасынан осы уақытқа дейін  лайықты көшбасшы шығара алмай пұшайман болып, қарсыластар пай­да­сы үшін «автогол» соғып алып жүр. Оппозициялық партиялар мүшелері­мен кеңеспей, қосылып-ажырай бер­се, команда ретінде «жанкүйер­ле­рінен»  де айырылып қалуы ғажап емес. Себебі бұл ойын 90 ми­нут­пен шектелмейді. Белгілі спорт коммента­торы  Амангелді Сейітханның сөзімен  айтқанда, «жеңісті күндерде жол­ық­қанша».


Информация о работе Казахстан оппозициясы