Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 16:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде шет ел мемлекеттерімен ашық түрде халықаралық қатынас және сыртқы саясат жүргізе бастады.

Содержание

К І Р І С П Е

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

1991 – 2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның сыртқы саясаты.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

            

                 АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

                                                    ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         М Ә Н Ж А З Б А 

     ТАҚЫРЫБЫ:      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1991-2000жж.

СЫРТҚЫ  САЯСАТЫ 
 
 
 
 

                                         

                                                                         ОРЫНДАҒАН: САДЕНОВА А.

                                                                      ТЕКСЕРГЕН: ТАҢСЫҚБАЕВА Б.Т. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                         АҚТӨБЕ – 2010 
 

Ж О С П А Р : 

К І Р І С П  Е 

Н Е Г І З Г  І    Б Ө  Л І М 

1991 – 2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  СЫРТҚЫ САЯСАТЫ          

Қ О Р Ы Т Ы  Н Д Ы 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

К І Р І С П Е 

     Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде шет ел мемлекеттерімен ашық түрде халықаралық қатынас және сыртқы саясат жүргізе бастады.

     Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.

     1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.

     Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік  мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.

     Сыртқы  саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық  мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының  зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан  әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді  халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.

     Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік  жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным  тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.

     Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған  көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.

     Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып табылады.

     Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік  алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы  да дүние жүзіндегі мемлекеттерді  бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.

     Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен  дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының шет елдерде 47 елшілігі мен миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны – 68.

     Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді  «Қауіпсіздік белдеуін» жасай алады.

     Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша  мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998ж. Шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған 11 ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Н Е Г  І З Г І   Б Ө Л І  М 

Қазақстан Республикасының  сыртқы саясаты

      1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан  тәуелсіздік туралы Декларация  жариялады, сөйтіп дүниежүзілік  қоғамдастыққа енуге мүмкіндік  алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен  дипломатиялық қатынас орнатты.  Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің  арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

      1999 жылдың басына қарай дүние  жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

      Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам  диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам  шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс  істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

      1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан  Республикасы Біріккен Ұлттар  Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

      Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның  халықаралық байланысының дамуы

      Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД,  Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық  мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен  халықаралық байланысты өркендету.

      2. Мәдени-экономикалық байланысты  күшейте отырып, алдыңғы қатарлы  өркениетті елдердің қатарына  қосылу.

      3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

      Қазақстан-Ресей  байланыстары

      1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

     1. Екі ел арсындағы егемендікті,  тәуелсіздікті құрметтеу.

     2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің  ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын  сақтау.

      1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий  теңізінің құқықтық мәртебесі  проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық  өзара келіспеушіліктерді реттеуді  шешті.

3. Байқоңыр  ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану  мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай  байланыстары

      1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің  Қытай халық Республикасына алғаш  сапары болды, нәтижесінде барлық  байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы  сәуір айында Қазақстан мен  Қытай арасында шекара аумағын  заңдастырып белгілеу (делимитация)  жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

      1996 жылғы сәуір айында алғашқы  Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл  келісім барысына Ресей, Қытай,  Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан  қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды  бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары  Қазақстан-Қытай арасында келісімдер  нәтижесінде, шекараны нақтылау  негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ  байланыстары

      Қазақстанның  сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда  АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

      Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде  және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

      1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан  мен АҚШ арасындағы келісімде  – екі ел арасындағы серіктестікті  одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға  демократиялық, экономикалық өркендеуде  қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

      АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді  дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде  “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

      Қазақстан және ТМД елдерімен  тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

      Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Егемен  Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық

      КСРО  тарағаннан кейін ядролық қару негізінен  Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

      1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев  Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

Информация о работе Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты