Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 16:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде шет ел мемлекеттерімен ашық түрде халықаралық қатынас және сыртқы саясат жүргізе бастады.

Содержание

К І Р І С П Е

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

1991 – 2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның сыртқы саясаты.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

      1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан  БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында  ядролық қаруды таратпау жөнінде  шартқа қол қойды.

      Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен  ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

      2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

      Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға  мүше болып кіруге республикаға жол  ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

      ЮНЕСКО  – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

      ЮНИСЕФ-тің  Арал аймағының халқын сауықтыру  жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

     Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы  ұйымдарына — Халықаралық валюта қорына, бүкіл дүниежүзілік банкіге  еуропалық қайта құру және даму банкісіне  енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еурорпалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына белсенді түрде жұмыс істеуде.

     Республика  тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның аймағы - ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО - ның демеуімен аталып өтуі.

     Елімізді  қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті  таниды, олардың 105-і мен дипломатиялық  қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

     Қазақстанның  сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық  тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетімізідің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға суйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

     Біздің  елімізбен дәйекті байланыстарды  дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта айтылғандай, қызуар қазба байлықтарымыз. 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі.

Мен орынбасарларыма  бұл жұмысқа елшіліктерді тарту  жолымен сыртқы саясатының жекелеген  бағыттарына жетекшілік жасаудың күшейтілуін  тапсырдым.

     Дипломатиялық ұжымдарда іскерлік жағдайын нығайтудың маңыздылығын атап өтуді қажет деп  санаймын. Біз түкке тұрмайтын, ойдан шығарылған мәселелерге назар әударуға, өзара қырқысуға және өсек аяңдарға жол беруге Үзілді-кесілді қарсымыз, бұл мәселеде министрлік аппаратының басшыларына және елшілерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өзім ешқашан да шегінбейтін менің ұстанған мұратым — ол басшылықтағы демократиялық пен талап қоюшылықты нәзік түрде үйлестіре білу. Сыртқы ісмині - бұл осы мекемеде таяқпен орнататын, адамның жеке басын езіп - жаншитын тәртіп болуы мүмкін емес ерекше ұйым.

Мен бас  ал десе, шаш алатын, қабырғасын қақыратып, омыртқасын опыратын тәртіпке мүлде қарсымын.

     Талап қоюшылықты — диктаторлықпен ал тәртіптілікті - басшылық алдындағы жағымпаздықпен шатастыруға болмайды. Дипломатиялық қызмет жүйесіндегі басшылық орындарда отырғандардың барлығынан тап осындай жол ұстануын сұрар едім.8/12бет/

     ЭЫҰ қызметінің нақты (жұмысындағы) мәселелерін  министрдің орынбасарларының біріне жүктеуді есте ұстап отырмыз. Тиісті тапсырмалар мен бейімделу іс бағыттарын негізгі атқарушы ретінде ирандағы елшілік тағайындалады.

     Азия  елдерімен екі жақты қатынастарға келсек, бұл жерде Президенттің тапсырмаларын  орындау мақсатында салмақты жұмыстар жасалған. Ең алдымен әңгіме Оңтүстік Кореямен, Индонезия, Түркиямен ең жоғары деңгейде кездесулер ұйымдастыру туралы болып отыр. Индиямен, Пакистанмен байланыстар күшейді. Президенттің Қытайға сапары табысты аяқталды. Пакистанның лидері Беназир Бухутонның Қазақстанға сапарының маңызы зор болды.

     Қазақстанның  таяу Шығыстық саясаты үшін Израильдің сыртқы саясат ведомсвасының басшысы, бейбітшілікті нығайту ісі үшін Нобель сыйлығына ие болған Шимон Перестің сапары маңызы аса зор оқиға болып табылды.

Тұтасымен алғанда, таяу шығыстық бағыт белсенділікті  қажет етеді. Бұл Қазақстанның осы  аймақтағы жеткіліксіз түрде  танымал болғанына байланысты сияқты. Египеттегі елшілік Қазақстан үшін Таяу Шығыстағы қазіргі бар мүмкінділіктерге анық сәйкес жауап емес.

Қ О Р  Ы Т Ы Н Д Ы 

     АҚШ - пен ынтымақтастық біз үшін жоғары дәрежедегі үлкен маңыздылығын сақтап қала береді. Біз бұл Державамен өзара қарым-қатынасымызды, қол жеткізген жетістіктерімізді бағалай білуге тиіспіз. ҚР Президентінің жұмсаған күш жігерінің арқасында Қазақстан Орталық Азия аймағындағы АҚШ - пен әріптестік деңгейіне көтерілген бірден-бір елге айналды. АҚШ-пен қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді тізіп шығудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Тек қана Қазақстанның сыртқы саясатында американ бағыты да басымдылыққа ие болуға тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл державамен ынтымақтастық болмаса, біздің сыртқы саясатымыздың теңдестірілген сипаты туралы айтудың ешқандай да мәні жоқ.

     Сыртқы  істер министрлігінің ұзақ мерзімдік функционалдық міндетінің бірі Каспий проблемасы болып табылады. Жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Ресей, Әзірбайжан, Иран мен кеңесулер жүргізілуде. Жағдай барынша ойланарлық күйде, өйткені біздің Каспиден айрылып қалу қаупі туып отыр. Бұл міндеттің ұзақ мерзімдік екенін ескере отырып, Қазақстан айқындамасын халықаралық — құқықтық негіздеуге күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет. Ресей, Иран, Әзірбайжандағы елшіліктеріміз өз жоспарларына осы бағыттағы жұмыстарды енгізуге тиісті. Бұл жақта, Орталықта, Каспий проблемалары жөніндегі сектор немесе топ құрған дұрыс.

     Тұтастай  алғанда орталық пен елшіліктердің өзара іс-әрекеті қанағаттанарлық деңгейге жеті деп айта аламын. Бұларсыз Президенттің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы айтуда мүмкін болмас еді. Әйтсе де әрбір іс-әрекеттегі сияқты мұнда да кемшілік болмай тұрмайды.

     Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер  министрлігі негізінен протоколдық  қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол Дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуді. Мұның жарқын дәлелі - Қазақстан Республикасының БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы. Елімізідің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-1 Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық еделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы партияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылуы, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік белгілері жәрдемдесті. 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы, 1998.- 1, 2 томдар- 622 бет. 

2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін // Очерк / Бас редактор М.Қ. Қозыбаев. – Алматы, «Дәуір», 1993. 

3. Қазақстан тарихы // лекциялар жинағы / Н.А.Абдоллаев және т.б. – Ақтөбе, 2000. 

4. Қазақстан тарихы // А. Абдакимов. – Алматы, 1994. 

5. Қазақстан  тарихы 3 том. – Алматы, 2007. 

6. Қазақстан  Республикасының Сыртқы істер  министрлігінің сайты  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты