Политическая модернизация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:24, реферат

Описание

Саяси жүйелер мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау мәселесі жарты ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Дамуда, саяси ойдың қоғамды модернизациялау теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми негізделген тұжырымдамаға айналды. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Модернизация саяси жүйеде қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің әртүрлі қырларына назар аударады.

Работа состоит из  1 файл

Модернизация1.docx

— 18.77 Кб (Скачать документ)

 

Саяси жүйелер  мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау мәселесі жарты ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Дамуда, саяси ойдың қоғамды модернизациялау теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми негізделген тұжырымдамаға айналды. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Модернизация саяси жүйеде қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің әртүрлі қырларына назар аударады. Кейбір зерттеушілердің еңбектерінің Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шындыққа қатыстылығы шектеулі екенін айта кету керек. Себебі, олар батыстық әлеуметтік-мәдени дәстүрлерге бағытталған. Дегенмен, батыстық авторлардың өзге елдердегі саяси ойдың қоғамды модернизациялау үдерісінің ерекшеліктерін экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер аясында анықтауға тырысқан еңбектерінің зерттеулер үшін маңызы бар. Егер саяси ойдың қоғамды  модернизациялауы әлеуметтік өзгерістердің белгілі бір түрі ретінде ұғынсақ, Т.Гоббс, Дж.Локк, Т.Джефферсон, Ж.Ж.Руссо, И.Шумпетер елеулі үлес қосты. 

Алғаш рет қазақ зиялыларының қоғамдағы атқаратын рөлі, шынайы миссиясы турасында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтар сияқты алаш қайраткерлері терең толғанған болатын. Олар өздері үлгі-өнеге көрсете отырып, «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы т.б. ана тіліміздегі төл баспасөзде жарияланған шығармаларымен сол кезеңдегі қоғамдық ой-пікірді дамытты, бағытын белгіледі. Саяси мәселелерді көтеріп, халықтың саяси сауатын көзін ашуға жалпы оқыған зиялы қауымға үндеу тастап, қоғамды саяси модернизациялауға негіз салды.

Ал, Қазақстан  Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін саясаттану ғылымында  билік  жүйесін модернизациялауға байланысты ғылыми еңбектер жазып  зерттеген  ғалымдар қатары соңғы жылдары молая түсті. Оларға А.С.Балғымбае, Д.Т.Медеуова, К.Ж.Жаулин, Ж.Қ.Симтиковтың және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Саяси модернизациялаудың эмпирикалық  тәжірибесінің жинақталуының теориялық  негізі ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты. Ресейлік Б.М.Лазарев, А.И.Черкасов, Б.Курашвилидің еңбектері модернизация мәселесін ғылыми сараптауымен ерекшеленеді. 

Тәуелсіздіктің орнауымен  қазақ зиялыларының саяси-ой мәселесіне, қоғамдық-саяси қызметіне мүлде жаңаша баға беру үрдісі басталды. Әсіресе қазақ қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметін қамти отырып, ең бастысы шығармашылық жолы және саяси жүйені модернизациялауда алатын орны туралы мерзімдік басылымдарда мақалалар мен жекеленген ғылыми еңбектер, жинақтар жариялана бастады.

Қазақстанда саяси иниституттардың  қалыптасуында мемлекеттік билікті  модернизациялауда ұлт қайраткерлерінің қызметінде саяси ойларының эволюциясы ұсынылған, оны дамытуы бойынша  нақты ұсыныстар әзірленген. Қазақстандағы  саяси жүйені мадернизациалауды  одан әрі жетілдіру жолдары жан-жақты  талданып, тың ұсыныстар берілген.

.

Саяси психологиялық ойдың  қалыптасуы туралы толығырақ Н.М.Сапошковтың  еңбегінде қарастырылған. Қалыптасатын саяси ой стихиялы практикалық қызметтің  нәтижесінде, еңбек пен тұрмыстың  эмпиристік жағдайларында пайда  болды. Саяси ойдың бұл түрі арнаулы  саяси қызметтің жемісі емес. Бұл  саяси ой-күнделікті өмірдің рационалды және эмоционалды тұрмыстық, қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қөзқарастардың және дүниетанымның көрінісі[26]. Күнделікті сананың драматизмі – өмір шындығымен байланысады, ал саяси ой – теориялық сананың идеологиясы күнделікті  санадан бейтарап емес. Бірақ ол күнделікті саяси ойға сын көзбен қарап, стихиялы қалыптасқан қөзқарастарға белгілі бір идеологиялық база жасай отырып, қоғамдық пікірге, қоғамда саяси ойды модернизаициялауға ықпал етеді.

 

«Қазақстанды модернизациялаудағы  саяси-қоғамдық, құқықтық көзқарастардың, мәні мен мазмұны» атты екінші бөлімшеде Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық» туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына  тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына саясат тарихында көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың  қоғамды саяси модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі саясатпен сабақтас,  жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге  бет бұрып, қазақ қауымына тән  қоғамдық-саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Бұл істің басы-қасында  болған, қазақтың жаңадан қалыптаса  бастаған ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап  беруге және оларды шешуге тырысты.   Модернизация мақсаты-modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.

«Қоғамды басқарудың билікті  жүзеге асыруға байланысты өзара  әрекеттесу субъектілерінің әлеуметтік-саяси  қарым-қатынастарының жиынтығы деп  түсіндірілетін» биліктің тиімді модернизациялау  мәселелері саяси жүйенің қызмет ету игілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады». Қоғамның саяси жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.

С.Хантингтонның саяси-құқық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның әлеуметтік механизмі мен динамикасын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны  «жоғарыдан» әлуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық - экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси модернизацияны жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.

 

Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және реформалар бағдарламасындағы әкімшілік  басымдылық ретінде қаралатын  жоғарғы  дәрежедегі бағалы процесс болып  табылады. Тіпті Батыстың тұрақты  демократиялық елдерінде де күрделі  институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай  ғана көшіріп алатын мемлекеттік  басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын  дәлелдейді.

Саяси партиялардың атқаратын функциясы жергілікті өзін-өзі басқару орындарынан қалыптасып, дамиды. Еліміздегі саяси партиялар бірден жоғары дәрежедегі мемлекеттік кызметте жұмыс істеуді мақсат етеді. Бірақ саяси партияның өміршеңдігін, жергілікті басқару деңгейдегі халық белгілейді. Алдымен халықтың ықыласы мен қолдауына ие болу керек. Олай болса, жергілікті бұқара көпшіліктің сенімін жаулап алуы басты мақсатқа айналуы қажет. Саяси партиялар демократиялық модернизация негізінде қоғам принциптерінің экономикалық сферада, әлеуметтік қатынастарда және рухани-мәдени, саяси жүйелерде қалыптасуының жолдарын, механизмдерін жеке бағыттарын анықтау шараларын ұйымдастырады. Қазақстан қоғамының саяси жүйесі трансформациялануда, оған көппартиялық саяси плюрализм қалыптасуында, саяси билікті модернизациялауға негізделгені айқындалды.

 

       

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов.  «Әлеуметтану» Алматы қарасай  2007 ж

2.Н.Р. Күнхожаев, Е.К  Найғазараева. «Әлеуметтану» 2003 ж

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар

4.www.google.ru сайтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жоспар

1. Қоғамды модернизациялаудың мәні туралы түсінік.

2. Саяси жүйелер мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау.

3. Модернизация  дегеніміз?

4. Қазақстанды модернизациялаудағы саяси-қоғамдық, құқықтық көзқарастардың, мәні мен мазмұны.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Политическая модернизация