Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:24, реферат
Саяси жүйелер мен саяси ойдың қоғамдық модернизациялау мәселесі жарты ғасыр бұрын батыстық ғылымның зерттеу нысанына айналған. Дамуда, саяси ойдың қоғамды модернизациялау теориялары АҚШ, Еуропа және тағы да басқа елдердегі қоғамдық-саяси жаңартулар тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғылыми негізделген тұжырымдамаға айналды. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Модернизация саяси жүйеде қоғамдық институттар қызметі өзгерістерінің әртүрлі қырларына назар аударады.