Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы ҚР Конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:25, реферат

Описание

Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясын талдауды мақсат еткен бұл жұмыс төрт бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлім үш тақырыптан құралды: адам құқығы ұғымы, құқық және бостандық туралы негізгі халықаралық құжаттар, ҚР Конституциясы (1995ж) адам құқығы және бостандығы туралы. Әр тақырып жеке тақырыпшаларға жіктелген.

Содержание

І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім. .........................................................................................................4
1. ҚР Конституциясы Қазақстан азаматтарының
негізгі құқығы мен бостандығы туралы..........................................................4
2. Қазақстандағы азаматтық құқықты сақтау
және оның дамуын қорғау ..................................................................................6
2.1 Азаматтық құқық түсіні....................................................................................6
2.2 Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары...............7
2.3 ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
сақтауда Конституциялық Кеңестің рөлі........................................................9
2.4 Адам құқығы – қоғам назарында...................................................................11
3. Қазақстан Республикасының президенті – адам және
азамат құқығы мен бостандығының кепілі ретінде....................................12
ІІІ. Қорытынды........................................................................................................14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................15

Работа состоит из  1 файл

семестр2 полит.doc

— 125.00 Кб (Скачать документ)

Алматы энергетика және байланыс университеті

Жылуэенергетика факультеті

 

 

 

 

Әлеуметтік  пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Саясаттану пәнінен семестрлік жұмыс №2

Тақырыбы: Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы ҚР Конституциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 

Мазмұны

 

І. Кіріспе......................................................................................................................3

ІІ. Негізгі  бөлім. .........................................................................................................4

1. ҚР Конституциясы Қазақстан азаматтарының

негізгі құқығы мен бостандығы туралы..........................................................4

2. Қазақстандағы азаматтық құқықты сақтау

және  оның дамуын қорғау ..................................................................................6

2.1 Азаматтық құқық түсіні....................................................................................6

2.2 Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары...............7

2.3 ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын

сақтауда Конституциялық Кеңестің рөлі........................................................9

2.4 Адам құқығы – қоғам назарында...................................................................11

3. Қазақстан Республикасының президенті – адам және

азамат  құқығы мен бостандығының кепілі ретінде....................................12

ІІІ. Қорытынды........................................................................................................14

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер.............................................................................15

 

І. Кіріспе.

 

Адам бостандығы – бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін  адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме қабылдайды. 

Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: «1.Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап).

Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясын талдауды мақсат еткен бұл жұмыс төрт бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлім үш тақырыптан құралды: адам құқығы ұғымы, құқық және бостандық туралы негізгі халықаралық құжаттар, ҚР Конституциясы (1995ж) адам құқығы және бостандығы туралы. Әр тақырып жеке тақырыпшаларға жіктелген.

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

1. ҚР Конституциясы Қазақстан азаматтарының негізгі құқығы

мен бостандығы туралы

 

Жалпыға бірдей адам құқығын мойындау олардың конституциялық құқықтар мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну мәселелерін тудырады. Түбегейлі құқықтарға туа біткен ажырағысыз, абсолюттік, халықаралық мойындалған жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды құқықтарға конституциялық түрде мойындалған және қоғамның өркениеттілігі дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін құқықтар жатады.

Конституциялық  құқықтар мен бостандықтар – Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады.

Заң ғылымында  негізге қандай критерийлерді алғандығына  байланысты адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелулері көрсетіледі. Критерийлер белгілі нақты талаптарға жауап беруі тиіс: олардың сапалы, маңызды болуы тиіс және әр топ пен әрбір түрдің ерекшеліктерін анықтауға көмектесуі тиіс.

Конституцияда келтірілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың көпшілігі жай ғана жиынтық емес, олар белгілі ғылыми, мейлінше терең ойластырылған логикалық негізі бар жүйе болып табылады. Негізгі құқықтар мен бостандықтар жүйесі тек қана олардың тобын ғана сипаттаумен шектелмей, сонымен қатар Конститутцияда олардың бірізді орналасуының басымдығын да сипаттайды. Бұл жеке адамның құқықтық мәртебесі мәнінің қасиетін тануда мемлекет ұстанатын идеологияны көрсетеді.

ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың мынадай бөлінуін ұсынуды қажет деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, саяси құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға жеке құқықтар мен бостандықтардың шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді.

Кеңес мемлекетінде адам құқықтары саласы тек мемлекеттің  ішкі ісі болып танылды. Мұнда адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың араласуына жол берілмеді. Тәжірибеде КСРО аумағында азаматтардың адам құқықтарын қорғауға қатысты хабарласуына рұқсат берілмей, бұл құқықтарды қорғауды өзінің мақсаты етіп қойған қандай да бір қоғамдық құрылымдардың құрылуына және олардың тексеруіне жол берілмеді. Осы принцип 1993 жылғы Ресей Федерациясының Конститутциясында көрініс тапты. Ресей Федерациясының халықаралық шарттарға сәйкес әрбір адам егер өзін қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары таусылған жағдайда халықаралық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау органдарына хабарласуына құқығы бар (3-бөлім. 46-бап).

Қазақстан Республикасының  Конститутциясының 11-бабында: «Республика  өз азаматтарын республика аумағынан  тыс жерлерде қорғайды және қолдау көрсетеді». ҚР парламентіне осы Конститутция бабының мәтінін қайта қарап, мемлекет шеңберінде құқықтары қорғалмаған азамматтардың халықаралық қауымдастықтың шеңберінде өздерінің конститутциялық құқықтарын жүзеге асырылу құқығы жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізгу қажет деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы адамның және азаматтың  құқықтарының негізіне олардың құқықтық мәртебесін бекітеді және оларды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Бұл принциптерге мыналарды жатқызуға болады.

1. Адам құқықтары  мен бостандықтарының шеттендірілмеуі.  Табиғи деп танылған құқықты  мемлекет сыйламайды. Ол тек қана  таниды, белгілейді және оларды  жүзеге асыруға және сақтауға  кепілдік береді. Мемлекет те, оның  органдары да, лауазымды тұлға да заңда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда оларды шеттетуге, шектеуге құқығы жоқ.

2. Конституция  құқықтарды, бостандықтарды теріс  мақсатта пайдалануға тыйым салады. Конституцияда азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қол сұқпауы тікелей көрсетілген. Әрбір азаматтың кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болуы дегеніміз олардың барлығы сондай құқықтарға ие екендігін білдіреді. Адам құқығы, бостандықтары бұзылған жағдайда заңды, құқықты, бостандықты сақтау, басқа адамның абыройы мен ар-ожданын құрметтеу міндеттерінің бұзылғандығына қарай заң кепілдігі күшіне енеді.

3. Конституциялық  құқықтар мен бостандықты заңсыз шектеуге жол берілмейді. Мұндайда Конституция шектеудің шегін және негізін көрсетеді. Біріншіден, құқықтар мен бостандықтар тек заңмен ғана шектелуі мүмкін. Екіншіден, құқықтар мен бостандықтар конституциялық құрылысты қоғамдық тәртіпті қорғау, адам құқықтарын және бостандығын, халықтың денсаулығын және құлықтылылығын қорғау мақсатында қажетті шеңберде ғана шектелуі мүмкін. Үшіншіден, азамат ешқандай шектеусіз саяси құқықтар мен бостандықтарды толығымен пайдалана алады. Конституция ешқандай нысанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына саяси негіз бойынша шектеуге жол бермейтіндігін анық көрсетеді.

4. Адамның және  азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  тікелей іс-әрекеті олардың өз  құқықтары мен бостандықтарын  пайдалану мүмкіншілігін және  нақтылығын білдіреді.

5. Адамның және  азаматтың құқықтық мәртебесінің  маңызды принципі олардың тең  құқықтығы болып табылады. Конституцияда  осы принцип адамның және азаматтың  өмірінің барлық салаларына қолданылатыны  бекітілген.

6. Заңдар мен  нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылу принципі. Бұл конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығын білдіреді. Олар осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру жағдайын және тәртібін белгілейтін заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау кезінде негізгі болып табылатындығын білдіреді.

7. Адамның және азаматтың  құқықтық мәртебесінің маңызды  принципі құқықтардың, бостандықтардың  және міндеттердің біртұтастығы  және ажырамастығы болып табылады. Әр адам конституцияны және  Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті. Әрбір адам және азамат адамдар қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар тек бірдей құқықтар мен бостандықтарға ғана ие емес, сондай-ақ бір біріне, қоғамға, мемлекетке қатысы бойынша бәрі бірдей міндетті болады.

 

2. Қазақстандағы азаматтық құқықты сақтау және оның дамуын қорғау.

 

2.1 Азаматтық құқық түсіні

 

Азаматтық құқық  – бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының  теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері – жеке тұлға және заңды тұлғалар. Құқық  өкілеттігін алған құқық қабілетті  атаулының бәрін тұлға деп  атауға болады. Тұлғаның 2 категориясы  болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.

Азаматтық құқық жүйесі әдістері.- Мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді.Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.

2.2 Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары.

ҚР азаматтарына тиесілі  құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде  келісіп алған жөн.

Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық  адам мен заттың арасындағы қатынасты  реттемейді, ал заттарға және материалдық  емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен  міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

Жеке құқықтардың маңызды  ерекшеліктеріне мыналар жатады:

Информация о работе Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы ҚР Конституциясы