Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:25, реферат
Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясын талдауды мақсат еткен бұл жұмыс төрт бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлім үш тақырыптан құралды: адам құқығы ұғымы, құқық және бостандық туралы негізгі халықаралық құжаттар, ҚР Конституциясы (1995ж) адам құқығы және бостандығы туралы. Әр тақырып жеке тақырыпшаларға жіктелген.
І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім. .........................................................................................................4
1. ҚР Конституциясы Қазақстан азаматтарының
негізгі құқығы мен бостандығы туралы..........................................................4
2. Қазақстандағы азаматтық құқықты сақтау
және оның дамуын қорғау ..................................................................................6
2.1 Азаматтық құқық түсіні....................................................................................6
2.2 Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары...............7
2.3 ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
сақтауда Конституциялық Кеңестің рөлі........................................................9
2.4 Адам құқығы – қоғам назарында...................................................................11
3. Қазақстан Республикасының президенті – адам және
азамат құқығы мен бостандығының кепілі ретінде....................................12
ІІІ. Қорытынды........................................................................................................14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................15
1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);
2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.
Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.
Жеке құқықтардың
Адам құқықтары мен
бостандықтарының заң табиғаты оларды
қоршаған адамдардың бұзудан бойын
аулақ ұстау міндеттігін
Жеке құқықтар мен
бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы
болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек
айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің
шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке
құқықтардың жіктелуінің
2.3 ҚР
азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын сақтауда Консти
ҚР Конституциялық Кеңесі – Конституцияның үстемдігін мемлекеттің бүкіл территориясына таралуын қамтамасыз ететін мемлкеттік орган. Конституциялық Кеңес өзінің қызметін жүзеге асыруда:
- жоғарғы мемлекеттік
органдардың номативті –
- мемлекеттің өмірі мен қызметінің маңызды жақтарын орнататын консти-туциялық ережелерді;
- конституциялық
идеялар мен қағидаларды
Конституциялық Кеңес Конституцияның үстемдігі соттық емес тәсілдермен қамтамасыз ету, яғни сот органы болып табылмайтын мемлекеттік орган. Биліктің құрамына кірмейді. Конституциялық Кеңес өзінің құзыреттілігін конституциялық өндіріс жолымен іске асырады. Конституциялық өндірістің негізгі мәселелері болып заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жоғарғы органдарының әрекет етуіне, олардың арасында туындайтын қатынастарға, заңды және нормативті – құқықтық актілерді қабылдауда және т.б. байланысты істер табылады.
Конституциялық Кеңес өндіріске қабылданған өтініштерді қарастырып, өтініш түскен күннен бастап бір ай ішінде қорытынды шешім шығарады.
«ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңда жүгіну бойынша конституциялық өндірісті қоздыратын субъектілер шеңбері анықталған. Субъектілерге Президент, Сенат төрағасы, Мәжіліс төрағасы, парламент депутаттар жалпы санының бестен бір бөлігі, Премьер – Министр, республикалық соттар, мемлекеттік органдар және лауазамды тұлғалар жатады, олардың актілерінің Конституцияға сәйкестілігі тексеріледі.
Конституциялық Кеңестің аса маңызды міндеті – азаматтарды, мемлекеттің, қоғамның мүддесін конституциялық емес заңдар мен ратификацияланған халықаралық шарттарды қабылдауда туындалуы мүмкін жағымсыз заңды салдардан қорғау.
Конституциялық Кеңес келесі конституциялық бақылау жасауда конституциялық құқықтар мен бостандықтарға нұқсан келтіретін белгілі бір заңды немесе өзге нормативті актіні конституциялық емес деп тану туралы соттардың өтінішін қарастыра алады. ҚР Конституцияның 74-бабының 2-тармағына сәйкес адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды. Соттар мен өзге құқық қолдану органдардың, оларға негізделген шешімдер «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңға сәйкес орындалуға жатпайды. Конституциялық Кеңестің шешімдері олар қабылданған күннен бастап күшіне еніп, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Конституциялық Кеңестің келесі аса маңызды міндеті азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде бұзылған құқықтарды қалыптастыру нысанында қорғау болып табылады. Конституциялық Кеңес бұл қызметті әрекет ететін актінің нормаларын конституциялық емес деп тану арқылы іске асырады. ҚР Конституцияның 72-бабының 1-тармағына сәйкес тек Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме бере алады. Конституциямен бірге жаңадан қабылданған заңдармен 1995жылғы Конституцияның күшіне енген мезгілде әрекет еткен нормативті құқықтық актілер қолданылған жағдайда ресми түсіндіру ерекше маңызға ие болады.
Адам құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану олардың ҚР аумағында тұратын, азаматтық алу-алмауға байланысыз, әр адамға таралатынын білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы Конституция және оның негізінде қабылданған заңдарда қарастырылған жағдайлардан басқа, әркімге тумысынан берілген, олардан ешкім, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтынын білдіреді.
Ереженің 12 бабының 2 тармағы адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен өзге де нормативті құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайтынын Конституциямен жарияланған адам құқықтары мен бостандықтары оларды жүзеге асыру шарттары мен тәртібін бекітетін заңдар мен өзге де нормативті құқықтық актілерді өңдеу мен қабылдауда негізін қалаушы болып табылады деп түсіну қажет.
Егер халықаралық келісім-шарт Конституцияға қайшы деп танылса, онда Парламент оны бекітпейді. Конституциялық Кеңестің жағымды шешім шығарғанда Парламент келісім-шартты бекітеді. Солай, Конституциялық Кеңестің рұқсатын алған Парламент 1998 жылы маусымда адам құқықтары бойынша төрт халықаралық Конвенцияны бекітті.
Әлемдік тәжірибеде конституциялық бақылау органдарының аса маңызды қызметі болып мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларының конституциялық жауапкершілігі табылады. Конституциялық бақылау органдары жоғарғы лауазымды тұлғалардың қызметін Конституцияның нормаларына сәйкестігін тексеруді іске асырады. Лауазымды тұлғалардың конституциялық жауапкершілігі институты Конституцияның, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғаудың анықтайтын жетекші механизмі болып табылады. Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесінде аталмыш институттың болмауы Конституцияның сақталуы мен оның тиімді қорғауына бақылау жасаудың деңгейі төмендейді.
Еліміз үшін адам мен оның
Еліміздің еңбектеген сәбиінен бастап еңкейген қариясына дейін әркез қоғам назарында. Мәселен, өз өңірімізге тоқталар болсақ, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті жеткіншектердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғап, әлеуметтік жетімдікті, балалар арасындағы зорлық-зомбылықты, жәбірлеуді болдырмаудың алдын алу мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде құқықтық, психологиялық кеңестер берумен, көмек көрсетумен айналысып келеді. Аталмыш департаменттің мамандары облыстағы балалар үйлері мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балалардың хал-жағдайымен үнемі танысып тұруды дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар тағдыр тәлкегіне тап болып, тығырықтан шығудың жолын іздеген жеткіншектер үшін «300-117» шұғыл телефон байланысын орнатып, «Құқығым бар!» деп аталатын қоғамдық қабылдау бөлмесін ашқан. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында осы қызмет түрлеріне барлығы 263 өтініш түсіп, тексеру нәтижесінде көптеген балғындардың құқықтары қалпына келтірілген екен. Бүгінгі таңда ел ертеңі болар Қазақстанның кішкентай азаматтарының құқығын қорғау мәселесі еліміз үшін өте маңызды. Тіпті, орта білім беру мекемелерінде қызмет істеп жүрген мектеп инспекторларының да балалар құқығын қорғауға қосар үлесі зор. Сонымен қатар облысымызда бой көтерген «Жас ұрпақ», «Жас дәурен» сынды жастар үйі, панасыз қарияларға арналған қарттар үйі, басқа да қамқорлыққа мұқтаж жандарға арналған түрлі бағыттағы мекемелер халық игілігі үшін қызмет көрсетуде. Жалпы, Қазақстанда барлық азамат атаулының құқықтарын қорғауға ерекше мән беріледі. Мұның бәрі Ата Заңымыздың арқасы екені ләзім. Елімізде адам құқықтарының, демократиялық Конституцияға негізделген саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы – тәуелсіз Қазақстан Республикасын әлем алдында құрметке бөледі. Биылғы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету фактісі - соның бір салмақты дәлелі десек, қателеспеспіз. Осының бәрі – қоғамда демократия мен адам құқығын сақтау жолындағы жарқын жетістік екені сөзсіз.
3. Қазақстан Республикасының президенті – адам және азамат құқығы мен бостандығының кепілі ретінде.
Адам құқығы мен бостандығын қаматамасыз етудің маңызды мемлекеттік институты, ҚР Конституциясына сәйкес, елдің Президенті болып табылады. 40 бапта жазылған: «Республика Президенті –халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі». Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі бойынша Президент билігі ҚР Конституциясында, конституциялық заңдық күші бар «Президент туралы» Президент Жарғысында бекітілген.
Президент әрекетін адам бостандығы мен құқығы кепілі ретінде Президенттің келесі биліктері арқылы анықтауға болады. Президент Парламент сенаты ұсынған заңға сәйкес 15 күндік мерзімде қол қояды, заңды халыққа жариялайды не заңды немесе оның жекелген баптарын қайта талқылау және дауыс беруге қайтарады. Бұл билікті іске асыра отырып; Президент заң қабылдауға қатысады, оның ішінде азамат пен адам құқығы бойынша:
- Парламент Мәжілісіне заң жобасын шығаруын Үкіметке тапсырады. Осылай, Президент үкімет арқылы шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдау туралы Заңды, ҚР-да азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы Заңын т.б. бастамалады.
- Үкіметтің және обылыс, республикалық маңызды қалалардың және Республика астанасының әкімдерінің әректтерін толық немесе жартылай тоқтатады, не тоқата тұрады;
- Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді, халыққа жолдау арнайды. Осылай, ел президенті бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың бастаушысы және авторы болды, оның ішінде азаматтар арасында туберулезбен күресу бағдарламасы т.б.
- Келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық келісідеріне қол қояды, ратификацияланған мақтау қағазына қол қояды. Оның ішінде адам құқығы саласындағы халықаралық келісімдер де.
- Адам мен
азаматтың саяси, азаматтық,
- Мемлекеттегі
кадрлар саясатын анықтайды.
- Республиканың
демократиялық мүдделері,
Адам құқығын қаматамасыз ету жүйесін бекіту мақсатында адам құқығын сақтауды тиімді бақылау үшін еліміздің Президенті 1994 жылдың ақпанында ҚР-сы Президенті жанынан адам құқығы жөнінде Комиссия құрды. Бұл мемлекеттік билік жүйесіндегі алғашқы құқық қорғау институты, оның міндетіне Қазақстанда құқық пен бостандықты сақтау туралы баяндаманы әзірлеу, қазақстандық қоғамда адам құқығын бұзу тенденциясының терең талдауын өткізу және т.б. кіреді. Комиссия қызметінің маңызды бағыты азматтардың жолдауымен жұмыс болып табылады, оның механизімі келесіден тұрады: комиссия аранайы сұрауларды ведмоство басшыларына бағыттайды, оныің жүйесінде нақтылы адамның құқығы бұзылған, ал қажет болған жағдайда бұл сұраулар қайталанады қызмет тұлғасынан қабылданған шаралар туралы аранайы жауап алғанға дейін.
Бүгінгі күнде адам құқығы жөніндегі Комиссия адам құқығы саласында саяси технология жасауға жұмыс істейді. Мұндайда Комиссия өз мәселесін Қазақстанда азаматтық қоғам құрудағы методологиялық құрал міндетін орындаудан көреді. Бірақ, өкінішке орай, Комиссия шынайы билігі жоқ, консультативті орган ретінде ғана жұмыс істейді.
Осы органның әрекетінің нәтижелігін көтеру мақсатында 1997 жылы желтоқсанда «Адам құқығы жөніндегі Комиссия биліктерін іске асыру семинары өткізілді. 1998ж. Маусымда адам құқығы жөніндегі Комиссияның бастамасымен «Қазақстандық қоғамда реформалау үрдісіндегі адам құқығы мен бостандығы» халықаралық конференция өткізілді. Конференцияда қабылданған меморандумда адам құқығы мен бостандығын сақтау саласында, олардың іске асырылуының кепілдігі жөнінде күрделі мәселелер бар екені айтылады, адам құқығы мен бостандығы жөнінде мемлекеттік органдардың ұлтттық мекемелерінің міндеттендірілген мүмкіндіктері мен әректерінің тиімділік деңгейін көтеру қажеттілігін көрсетеді, әрекет етуші институттарды реформациялау және күшейту жаңа ұлттық институттарды құру жолдарын анықтайды.
ІІІ. Қорытынды
Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.
Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.
Информация о работе Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы ҚР Конституциясы