Экономикаға мемлекеттің реттеудің ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 05:56, реферат

Описание

Экономиканы мемлекеттік басқаруда оның тиімділігін арттыру жөніндегі мәселелер соңғы он шақты жылдар бойы күн тәртібінен түскен емес деп тұжырым жасауға негіз бар.
Еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды Елбасымыз биылғы жылы Қазақстан халқына арналған жолдауында басты мақсат етіп қойды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1.Экономикаға мемлекеттің реттеудің ғылыми негіздері……………………..4-5
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі……………….5-7
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің құрамы мен бысынқылығы.Олардың объектілері мен мақсаты бағдарламаларына тәуелді ……………………..7-10 4.Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік қолдау корсетуді ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қпамтамасыз ету
5. Өтпелі экономика үлгілерінің жуйесі ..................................12-13
Қорытынды………………………………………………………………...13-14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………............15

Работа состоит из  1 файл

Жоспары.docx

— 47.21 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік – нарық жағдайында адамның пайда табуына негiзделген  экономикалық қызмет емес пе? Олай болса, бизнесті дамытудың халықаралық қаржылық есептілік стандарттары талаптарына көшудің, шағын және орта бизнес үшін табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді жоюдың, есептік бөлікті орнына келтіре отырып, қосылған құн салығының классикалық үлгісіне жоспарлы түрде көшудің және корпоративтік табыс салығы ставкаларын екі есе төмендету кәсіпкерліктің дамуына кең жол ашпақ. Жасыратын несі бар, қазіргі уақытта Қазақстан кәсіпкерлерінің табысты жұмыс істеу үшін қиындықтар әлі де көп. Әсіресе жергілікті атқарушы билік өкілдері бизнес адамдарымен санаспайды

 
  
5.  Өтпелі экономика үлгілерінің жуйесі

Әлемде өркениеттің дамуы  жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың  мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.

Шаруашылық жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды дамушы елдерге ұсынған. Бұлардың арасында: елдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді тікелей басқарудағы мемлекеттің рөлін шектеу, рыноктық тетіктер пайдасына директивалық әдістерден бас тарту; бағалар мен жалақыны ырықтандыру; сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру; экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту және мемлекеттік меншікті жекешелендіру үшін жағдайлар туғызу; мемлекеттік бюджет тапшылығын мейлінше азайту; елде жүйелі институттық өзгерістерді жүзеге асыру; қаржы саласының тиімділігін  арттыру; инфляцияға қарсы қатаң күрес жүргізу және басқалары бар.

Бастапқы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен институттық ерекшеліктерге қарай бірінші кезеңнің өзінде макроэкономикалық  тұрақтылыққа жету үшін қаржы институттарының жәрдемімен экономикалық реформалар жүргізудің жеке ұлттық бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды. Алайда, талдау көрсеткендей, реформаларға мұндай көзқарас  тұтас алғанда ойдағыдай болып  шықпады.  Әдетте, макроэкономикалық тұрақтылық, егер болғанның өзінде едәуір кеш көрініс тапты. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ.  Халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына бағыну, стандартты дағдарысқа қарсы шараларды қарадүрсін қолдана салу бұрынғы кеңестік елдер үшін онша қолайлы болмады.

Біріншіден, экономикалық жүйенің кеңестік түрін нарықтық түріне өзгерту шын мәнісінде қоғамдық даму моделін эволюциялық жолмен ауыстыру  болып табылатыны ескерілмеді.

Екіншіден, шаруашылық жүргізуді жаңғыртудың кезеңдік кестесі де және өтпелі экономика теориясының  өзі де жасалмады. Оның міндетін дәстүрлі нарықтық шаралармен, жай ғана қайталаумен шешу мүмкін емес еді.

Үшіншіден, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан едәуір  жоғары біліми деңгейі бар дәстүрлі әлеуметтік ықпалдастықпен байланысты қоғамның нарықтық қатынастарға әлеуметтік жағынан икемделу қажеттілігіне назар аударылмады.

Осынау үш фактордың пайымдауынша, өтпелі кезеңнің экономикасы жалпыға  бірдей, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерді ескеретін өзінің экономикалық теориясына сүйенуге, оның экономикалық дағдарыстың әлеуметтік ауыртпалықтарын жеңілдетуге қабілетті және кейіннен қоғам дамуының стратегиялық мақсатына жету үшін тірек болатын өзінің әрекет ету тетіктері болуға тиіс. Яғни, өтпелі экономика – ұзақ мерзімді әрі күрделі кезең, шаруашылық пен қоғамды жаңғыртудан бастап, экономикалық моделді іске асыруға және жаңа қоғамдық-саяси құрылғыны енгізуге дейінгі кезең. Оның барысында кезең-кезеңімен әрі күрделілігіне қарай түптеп келгенде экономикалық жағынан өсуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарды кіріктірудің алуан мақсаттағы міндеті шешіледі.

Әртүрлі экономикалық мектептер реформалаудың  әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Көп ретте бұлар біріне бірі қарама-қайшы және қолдағы экономикалық әлеуеттің айырмашылығы мен ерекшеліктерін және қоғамның рухани ортасын ескерусіз қалдырады. Жоспарлы-әкімшіл кеңестік тұрпаттағы экономиканы нарықтық экономикаға реформалау үрдісінің өтпелі кезеңнің заңдылықтарына бағынатын өзінің ішкі даму қисыны болады. Осынау объективті заңдылықтарды елемеу, сайып келгенде, ұтымды экономикалық саясатты іске асыруға бөгет жасайды, сондай-ақ әлеуметтік нормалар жүйесінде  ауытқушылықтар (құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлық, дағдылы құндылықтардан бас тарту, адамгершіліктің құлдырауы және т.б.) белең алады.

Өтпелі экономика үрдісінің  мәні мен кезеңдерін қарастыра келіп, оның басталуы мен сол кезеңнің ерекшеліктерін дәл айқындаған жөн.

Санаулы айлар ішінде-ақ ұнамды өзгерістер болып жатты. Шұғыл түрде тәртіп жақсарып, еңбек өнімділігі артты, кәсіби шеберлікті арттыратын әртүрлі үйірмелер  мен курстар жұмыс істеді, жапондық кәсіпорындардың үлгісі бойынша  жобаларды, жұмыс істейтін нысандар мен шикізаттың, құрастырушы, қолданушы  технологиялардың сапасы мен беру мерзімдерін  және басқаларын сараптаудан бастап бүкіл өндірістік үрдісті бақылау  жөніндегі комиссиялар құрылды. Яғни, дамушы экономиканы мемлекеттік реттеу резервтерін іске қосу жолымен шаруашылық жүргізуді біршама ырықтандыру әдістеріне сай келетін жаңа жағдайға көшірудің алғышарттары жасалды.

 
  
  
          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды      

 

 

   Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі  жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің  “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.    

Нарықтық экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік  реттеудің жалпы зандылықтарын, теориялық методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік  береді:     

● әлемге әйгілі экономист ғалымдардың адамзат тарихында таза нарықтық экономиканы болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек, сөз әр елдің табиғи тарихи, геосаяси, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы нарықтық модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек, айта кететін бір жайт бұл ұғымдарды қазіргі кезде алдыңғы қатарда саналатын нарықтық экономикасы дамыған елдердің бірнеше ғасырлық тәжірибесін қалыптастырған.     

● Шаруашылық жүргізудің моделін әдістері мен экономикалық механизмдерін таңдай олардың жағымды және жағымсыз салдарын   алдын ала болжауды және ғылыми нақтылауды талап етті. Осы талаптың орындалмауы,  бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықтық экономиканы құруға ұмтылу.     

● Мемлекеттің заң шығару және атқару қызметі мына бағыттарға бейімделуі тиіс, өндіріс құралдарын жекешелендіру процесі әкімшілік жеделтету элементтерінен арылуы және меншік субъектілерінің өндірістік қызметіне бағытты пайдалануы керек.     

● Макроэкономикалық және оның салалық аймақтық секторларының  дамуын стратегиялық жоспарлауға деген жалпымемлекеттік көзқарас әлі өте төмен деңгейде және оны әдістемелік қамтамасыз ету жаңа қолға алынуда.     

Экономиканы мемлекеттік реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика  ғылымының арнайы саласының объектісі  ретінде ресми статусқа ие болу керек.  Ол жас экономистерді тарта отырып монографиялық және диссертациялық зерттеулер жүргізуге  мүмкіндік  береді.     

Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде  экономикалық және әлеуметтік проблемалар  туындайды және шиеленіседі. Өндіріс  күшінің дамуы елеулі инвестицияның  қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеу ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Ел экономикасын дамыту, оны дамыған елдер қатарына қосуына ықпал етеді.  
  
 

 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.  
  
 

1. Толегожина «Экономиканы меммлекеттік  реттеу»

2. Ильданов «Экономиканы мемлекеттік  реттеу»   
  
 


Информация о работе Экономикаға мемлекеттің реттеудің ғылыми негіздері