Міндеттемелер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:17, реферат

Описание

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-«Несиелер», 61-«Алдағы кезең кірістері», 62-«Дивидендтер бойынша есеп айырысу», 63-«Бюджетпен есеп айырысу», 64-«Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу», 65-«Бюджеттен тыс төлемдер бойнша есеп айырысу»,66-«Алынған аванстар», 67-«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу», 68-«Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу» -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары орналасқан.

Работа состоит из  1 файл