Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30
Тақырыбы: “Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының
|
Кіріспе.......................
1 бөлім. Қаржылық есеп беру..........................
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы........................
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары.....................
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау.........................
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.........................
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.................
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері.........................
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі.........................
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі........................
“Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі ” атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдері толықтай қарастырылып, ол негізгі үш бөлімнен тұрады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайда ланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел- статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын- да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін- де жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жұмыстың қамтитын мәселелері – жалпы қаржылық есеп беруге шолу, оның маңызы. оны жасау және жасау бойынша түгендеу жұмыстары - бұл бірінші бөлім.
Келесі бөлімі – бухгалтерлік баланс. Өйткені бухгалтерлік баланс қана қаржылық есеп берудің негізгі құжаты болып саналмақ. Мұнда бухгалтерлік баланстың құрылымы, топтары мен бөлімшелерінің сипаттамасы, сондай-ақ шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсері көрсетілген.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың тағы бір мәселесі – ол қаржылық есеп берудің негізі ақша қаражаттары түрінде жүргізілетін болғандықтан, үшінші бөлім – “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру” деп аталады.
1 бөлім. Қаржылық есеп беру.
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Есеп беру деп, кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайда ланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты ( бастапқы ) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел- статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас есепшісі Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларына келесілер жатады:
Есептеу. Қаржылық есеп берудің есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Талассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топтастырады және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайда ланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар, ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде, олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған ) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер, олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез-келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және саластыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір еспетік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мұмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алад, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап, оның тазалығы (ашықтығы ) бо- лып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасал- ғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел ( оперативті ) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезеңге берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжат- талуын, белгіленген материалдық және басқа да есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өте- ді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
1. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады );
2. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлері ЖО, ведомость, Бас кітап ).
3. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т. б. ) .
4. Шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын- да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін- де жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дә- лдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қар- жы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 “ Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі крсеткіштерін ашып көрсету ” (№ 2 БЕС ); “ Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі ту- ралы есеп беру ”(№ 3 БЕС ) және “ Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру ” ( № 4 БЕС ) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде ( қатысушыларында, құрылтайшыла- рында ) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына ( кәсіпорынның тұрған жері бойын- ша ); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Талаптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен ( жиынтық ) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізі-леді), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтай-шылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып, бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін пошта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас есепші қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі