Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Курс.жумыс Каржылык есеп беру.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

      Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі 1  жылдан кем) және облигация, қазыналық вексельдер және т. б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі.

     Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын . сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әртүрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

     Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде үш түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі (№1 кесте).

2003 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

                                                                                             №1 кесте.           

 

Негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері

 

Таза кіріс

2000000

Таза кірісті операциялық қызметтен алынған қолма-қол төлемдермен

салыстыруға жасалған түзетулер

 

Тозу

200000

Амортизация

 

Активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер:

 

Дебиторлық берешектің кемуі

1000000

ТМҚ кемуі (өсуі)

5000000

Басқа активтердің кемуі (өсуі)

1000000

Кредиторлық берешектің кемуі (өсуі)

500000

Қысқа мерзімді берешектің кемуі (өсуі)

500000

Салықтарды төлеу жөніндегі берешектің кемуі (өсуі)

4000000

Өзге міндеттемелердің кемуі (өсуі)

5000000

Операциялық қызметтен алынған қолма қол ақшамен таза төлемдер

300000

Инвестициялаудан алынған ақша түсімдері

 

Негізгі құралдардағы өзгерістер

1250000

Материалдық емес активтердегі өзгерістер

900000

Инвестициялауда пайдаланылған, қолма-қол ақшамен жасалған

таза төлемдер

2150000

Қаржыландырудан алынған ақша түсімдері

 

Төленген девидендтер

0

Ұзақ мерзімді берешектің өтелуі

1000000

Қысқа мерзімді берешектің өсуі (кемуі)

0

Ұзақ мерзімді қосымша берешектер

0

Қаржыландыруда пайдаланылған, қолма-қол ақшамен жасалған

таза төлемдер

1000000

Ақша қаражаттарының таза өсуі (кемуі)

1850000

Кезең соңындағы ақша қаражаттарының сальдосы

3000000

Кезең басындағы ақша қаражаттарының сальдосы

4850000

Ақша қаражаттарының таза өсуі (кемуі)

1850000


 

      

-         негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;

-         инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;

-         қаржыландыру жөніндегі қызмет.

     Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.

     Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

-         тауар сатудан және қызмет көрсетуден түсетін ақша түсімдері;

-         сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;

-         тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;

-         қызметкерлерге ақша төлемдері;

-         ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;

-         шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер.

     Инвестицияық қызмет – ұзақ мерзімді  активтерді және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.

     Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне  мыналар мысал болып табылады:

-         негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді  сатып алу, сату кезінде ақша төлемдері немесе төлемақылар;

-         меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындардағы  қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдер;

-         басқа кәсіпорындардағы аванстық төлемдер және берілетін қарыз;

-         басқа кәсіпорындардығы ұсыныылған  авнстық төлемдерді  өтеуден алынған ақша түсімдері.

     Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері  мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.

     Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

-         акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;

-         акция сатып алған кездегі немесе меншік акциялардың өтемін төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;

-         қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, вексельдерді, облигацияларды, басқа да қысқа және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;

-         алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;

-         қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері 3.

     Ақша қаражаттары туралы есеп беру екі әдіспен жүзеге асырылады: тікелей және жанама әдістер.

     Тікелей әдіске басылымдылық беріледі, өйткені ол болашақ  ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.

     Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:

     біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша кәсіпорынның есептік жазуларынан;

      екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектерден өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;

-         басқа да ақшалай емес баптардан;

-         инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болған ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан.

     Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:

-         есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;

-         тозу, амортзация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;

-         инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде ақша әсері туындайтын өзге де баптар.

     Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.

     Кәсіпорынның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға  қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      3.2.  Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.

 

     Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес-жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептерімен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.

     Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек:

     1. Есеп бөлігіне қатысты субъектінің есеп саясатында қаралған негізгі  ережелері (есепті ұйымдастырудың нұсқасы):

      Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар-бағалаудың тәсілдері   мен амортизацияны есептеу;

    - субъектінің инвестициялық саясаты - қаржылық инвестицияны баланстық құнын анықтау және қайта бағалаған ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын, қайта бағалаудан алынған табысын шығару; инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою; қайта бағалаудың кезеңділігін сақтау т. б.;

   - таурлы-материалдық қорлар – қорды есепке алудың әдісі және оларды бағалау, сатып алынған тауарларды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі;

   - тапсырыс берушілермен және сатып алушылармен, әртүрлі дебиторлармен, еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың нысаны; күмәнді қарыздар юойынша резервтерді жасау;

   - меншік капиталы – жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, қосымша төленбеген капиталды табысқа жатқызу, есептік жылдағы табысты тарату, девидендтерді төлеу;

   - міндеттеме – несиелік саясатын, демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбек ақысы төлеудің резервін жасау және т. б. ;

   - табыс және шығыс -  өндірістік есеп табыс пен шығыс есебін ұйым-дастыру, негізгі және көмекші өндірістегі шығын есебін ұйым-дастырудың әдістері (жай, тапсырыс, өңдеу бойынша және т. б.); аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері (инвентарлық, дайын болу деңгейі бойынша және т. б.), нөдірістің өзі шығарған шала фабрикаттардың қозғалысының есебі, үстеме шығыстарын таратудың әдістері және т. б.

     Егер де есепті жылда қабылданған есепті саясатта өзгерістер орын алса, онда оларды ашып және олардың негізділігін дәлелдеу керек; ал егер де олардың соңынан мәнді материалдық және қаржылық өзгерістер туындайтын болса, онда мұндай өзгерістерді есептеу керек.

     2. Түсініктеме жазба баланс бойынша  ұзақ және ағымдардағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ  және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:

      Ұзақ мерзімді активтердің бөлігіне қатысты:

-         негізгі құрал – ұзақ мерзімді жалға алынған, меншігіндегілер, уақытша әкелінгендер мен Қазақстаннан шығарылғандар, активтерді иелік етудің шектеулері; міндеттеме бойынша кепілдікке қойылған активтер; амортизацияны есептеу әдісі; запастағы немесе консервациядағы негізгі құралдар, сондай-ақ әзірше өндірісте пайдаланбай тұрған негізгі құралдар және т.б.; материалдық емес активтердің түрі, олардың амортизациясын есептеу әдістері;

-         инвестиция – инвестор қожалық ететін шаруашылық серіктестіктерінің тізімі және олардың қатыстық, табыстық  үлестері; инвестордың табысына проценттердің, роялтилердің, девидендтердің және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың біршама сомасы енеді; инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою және т.б.;

-         ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты тауарлы-материалдық запастардың түрлері бойынша, болашақ кезеңнің шығыстары есептен шығару мерзімі бойынша, ақша қаражаттарының түрлері бойынша, қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы және баланстық құны бойынша, дебиторлық қарыздардың топшаланған өтеу мерзімі бойынша ашылады;

меншік капиталдарының бөлігіне қатысты: есептік жылда жарғылық капиталына енгізілетін өзгерістер туралы ақпараттар. Акционерлік қоғамдардың әрбір акциясының түрлері бойынша келесі мәліметтерді келтіру керек: айналыста жүрген, шығарылған, жарияланған акциялардың сомасы мен саны, номиналды және ағымдағы акцияның құны; есептелген девидендтер; айрықша акциялары бойынша төленбеген девидендтер, сатып алынған меншік акциялары; есепті кезеңде және келешекте шығару опциондардың жағдайын және сомасын, пайдасын көрсете отырып жарияланған акциялар;

-         Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты: несие мен қарыз қаражаттарының қамтамасыз етілуі және етілмеуі, кейінге қалдырылған салықтар; қарыз қаражаттарымен банкнесиелері бойынша проценттік мөлшерлемесі; қарыз қаражаттарын және банк несиелерін өтеу мерзімі және  несиелік келісім-шарттардан шығатын түсініктеме бойынша басқа да  талап етілетін мәселелер,

-         қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты (өте мерзімі ағымдағы жылда жасалатындар): қысқа мерзімді несиелердің сомасы; ұзақ мерзімді несиенің ішіндегі қысқа мерзімге қатыстысы; салық, салым және басқа да төлемдер түрлеріне кіретін кредиторлық қарыздардың сомасы; болашақ кезеңде түсетін табыс түрлері; күтпеген жағдайлар бойынша жасалатын төлемдерді есептеу, ұзақ мерзімді міндеттемелердің қайта қаржыландыруға жатқызылған бөлігі және т. б.

     3. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар қамтылуы керек:

- кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар; сатылған өнімнің  өзіндік құнының  өсуіне әсер ететін факторлар;

- жалпы және әкімшілік шығыстарының деңгейін өсіретін немесе төмендететін факторлар,

-  төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен шығыстар – есептік кезеңде орын алған әрбір төтенше жағдайда түсінік беру керек;

- есептік кезеңде орын алған және қаржы-шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.

Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі