Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 10:27, реферат

Описание

Коммерциялық банктер басқа да экономика секторларындағы субьектілермен (кәсіпорындармен, корпорациялық компаниялармен) салыстырғанда ерекше экономикалық табиғаты бар қаржы институты.
Сонымен, банктік тәуекел дегеніміз нәтижесінде я зиян шегетін, я болмаса ойда жоқ табыс табатын кездейсоқ экономикалық, саяси, әлеуметтік оқиғалардың пайда болу немесе орын алу ықтималдылығы.

Содержание

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
2.1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
ІІІ.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі..docx

— 38.56 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-і

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі.

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: Сюмағанбетова Б.М.

                                                                                   Қаржы – 233 топ

                                                                 Тексерген: Мырзаханова Д. Ж.

 

 

 

                                               Алматы 2012

Мазмұны

 

 I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім. 

2.1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі

ІІІ.Қорытынды

IV.Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Коммерциялық банктер  басқа да экономика секторларындағы  субьектілермен (кәсіпорындармен, корпорациялық  компаниялармен) салыстырғанда ерекше экономикалық табиғаты бар қаржы  институты,  себебі комерциялық банктер:

  • өздерінің қызметтерінің негізі болып табылатын ресурстарының 80-90%-тей мөлшерін сырттан тартады. Демек, комерциялық банктер үнемі мұндай ресурстар үшін үлкен жауапкершілікте болу керек  және өздерінің кредиторларының алдында өтімділік деңгейін үнемі бір қалыпта ұстау керек. Сол себептен, комерциялық банктерде өтімділік тәуекелін, сырттан қаражаттарды тарту тәуекелін,  тартылған қаражаттарды сапалы әрі табысты активтер бойынша орналастыру тәуекелін басқарып отыру қажет.
  • комерциялық банктер тек қана негізгі игіліктердің ақшалай формасымен операция жүргізумен айналысады, ал байлықтың немесе игіліктің, капиталдың ақшалай формасы өте тез қозғалыста болады. Бұл жағдайда да банктік тәуекелдерді ғылыми негізде басқарудың маңызы зор.
  • комерциялық банктер арқылы үлкен ақша аударымдары өтеді және комерциялық банктерде нақты сектордың барлық субьектілерінің есеп айырысу шоты болады, ал ол шотта ақша қалдықтары орналасады. Бұл жағдайда комерциялық банктерде сыбайластықтың тез орын алуына мүмкіндік беретін қолайлы орта туады. Сондықтан үнемі банктік тәуекелдерді басқару қажет.

Сонымен, банктік тәуекел  дегеніміз нәтижесінде я зиян шегетін, я болмаса ойда жоқ табыс  табатын кездейсоқ экономикалық, саяси, әлеуметтік оқиғалардың  пайда  болу немесе орын алу ықтималдылығы.

Банктік тәуекелдерінің мынадай  ерекшеліктері бар:

  • банктік тәуекел өте көп факторлы. Сол себептен, банктік қызметтің түрлері экономиканың басқа салаларындағы қызметтердің түрлерімен салыстырғанда тез дамитын, тез етек алатын қоғамдағы субьектілердің мүдделері тез тоғысатын қызметтің түрі.
  • комерциялық банктердің қаншалықты қызметтің түрлері болса, сонша тәуекел түрлері бар, бірақ қазақстандық банктердің қызметтерінде орын алатын ең басты тәуекел – несиелік тәуекел. Өйткені қазақстандық банктердің табатын табысының 90%  осы несиелік портфельдің үлесіне тиеді.

Банктік тәуекелдер атап өткендей комерциялық банктердің пайда табуына  да, зиян шегуіне де бірдей ықпал  етеді. Сондықтан банктік тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаты - комерциялық  банктер қызметтерінің тиімділігін  арттыру, яғни банктік тәуекелдерді басқара отырып, мыналарға қол  жеткізу: комерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, комерциялық  банктердің табыстылығын қамтамасыз етуге, комерциялық банктердің бәсекелестік қабілетін арттыруға, комерциялық  банктердің нарықтық рейтингісін көтеруге, коммерциялық банктердің капитализациялану  дәрежесін жоғарылануға. Міне, осы  аталғандардың нәтижесінде коммерциялық банктердің қызметтерінің тиімділігі арта түспек. Әрине банктік қызметтердің тиімділігі ең бірінші кезекте олардың  табыстылығымен тікелей байланысты. Егер комерциялық банктердің активтер портфелінің сапасы неғұрлым жоғары болса, олардың табысы да соғұрлым жоғары болары айқын. Ал активтер портфелінің  сапасы өз кезегінде банктік тәуекелдерді басқарумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан банктік тәуекелдердің  банктік қызметтердің тиімділігін  арттыруда рөлі өте жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі

Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін  көтеріп, салымдардың сақталуын  қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын  жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін  ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін  нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған  салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды  жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа  мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем  қабілеттілігін және кіріс көлемінің  деңгейін арттыра алады.

Капиталдың көрсеткіштері  арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға  жататын көсеткіштерге:

  1. Меншікті капиталдың минималды көлемі;
  2. Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;

Банктің меншікті капиталының  жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу  затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып  келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі  мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан  аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

«Капиталдың жеткіліктілігі»  термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін  көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан  тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция  шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз  болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері  бір жағынан, қадағалау және бақылау  ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа  да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің  салым иелері алдындағы жауап  беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын  ұлғайтуға негіз болатын мынадай  факторларды ескеру қажет:

    • Банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
    • Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бырақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси  немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар  банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты  қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Демек, банк капиталының  жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы  банктік жүйедегі капитал көлемін  тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы  үшін салым иелері мен бақылаушы  ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне  байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің  берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп  мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті  меншікті капитал мөлшерін анықтай  отырып, банк алдында мынадай міндеттер  тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет  пе немесе тәекел деңгейі төмен болып  келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай  жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін  тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген  балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын  бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық  қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен  «Халықаралық біртұтас капитал есебі  және капитал стандарты туралы келісім-шарт»  негізінде «Кук коэффициенті» деп  аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі  іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент  көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері  арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын  бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал  екі элементті қамтиді: негізгі  және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан  тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан  тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра  түседі.

Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін  анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді активтер көрсеткіші болып саналады:

 

 мұнда:  - Тәуекелді активтер коэффициенті;

  - Банктің меншікті капиталы;

  - Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:

Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):

  • Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (Шоттар: 3001,3025 минус 3002,3026,3003,3027);
  • Қосымша капитал (3101 шот);
  • Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

Минус:

  • Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);
  • Өткен жылдың шығындары (3599 шот);
  • Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;

Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):

  • Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;
  • Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540,3560);
  • Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар) (1465,1469 шоттар);
  • Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз (2402 шот);

Субординарық  қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.

Қаржылық қадағалау Агенттігіннің  қоятын пруденциялдық нормативтер  туралы ережесіне сәйкес, банктің  активтеріне баға беру үшін оларды тәуекелділігі бойнша топтастырады. Топтастырылған активтер банктің меншікті қаржыларымен салыстырылады. Банктік  тәуекелділік деңгейі жоғары, орташа, төмен болып бөлінеді. Активтерді топқа бөлу тәуекелділік деңгейінің банк қызметінің қатерлі жағдайларға  ұшырау қауыптылығымен мінезделеді.

Активтерді тәуекелділігі  бойынша бес топқа бөлінеді:

    1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
    2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
    3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
    4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
    5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%

Информация о работе Банктің ішкі тәуекелдері. Банктің пассивті операциялар тәуекелі