Американың менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 08:23, реферат

Описание

менеджмент америкада

Работа состоит из  1 файл

менеджемент амер.doc

— 24.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде  елдегі кәсіп-орындарға халықаралық  стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топ-тамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында. Мәселен, кәсіпорындарда қажетті заңнамалық база құрылып, мемлекеттік қолдау тетіктері анықталды. Сонымен қатар, менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу жөнінен тәжірибе жинақталып, менеджмент жүйесін даярлап енгізу және сертификаттау бойынша білікті кеңесшілер мен сарапшы-аудиторлар тобы қалыптасып, көптеген кәсіпорын басшылары халықаралық стан-дарттарды, соның ішінде сапа менеджменті жүйесін енгізудің пайдасы мен қажеттілігін то-лықтай түсіне бастады.

Бүгінде дүние  жүзінде ме-неджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ІSO 9000 (сапа менедж-мент жүйелері немесе СМЖ), ИСО 14000 (экологиялық менеджмент), ОHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі), SA 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметіне сүйенсек менеджмент жүйесі бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындар саны 2010 жылдың бірінші мезгілінде төмендегідей болды:

ИСО 9001 – 2662

ИСО 14001 – 193

ОHSAS 18001 – 135

ИСО – 22000 – 43

Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда кәсіпорындар СМЖ енгізу мәселесіне артықшылық беретіні байқалады. Алайда, экология, денсаулық сақтау, жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігіне т.б. қатысты менеджмент жүйелерін ескермеу кәсіп-орын жұмысын толыққанды ете алмайды. Себебі, СМЖ кәсіп-орынның жалпы менеджментінің бір ғана бөлігі болып табылады. Жалпы, менеджментке сонымен бірге “Қаржы менеджменті”, “Қызметкер менеджменті”, “Инновациялық менеджмент”, “Хорлар менеджменті”, “Ақпараттық қауіпсіздік”, “Өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” т.б. менеджменттер қамтылады.

Информация о работе Американың менеджменті