Қаржылық лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:56, реферат

Описание

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден - бір жолы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Қаржылық лизинг
Қазақстандағы қаржылық лизингтің дамуы іске асырылуы және болашағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ук реферат.docx

— 27.78 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Қаржылық  лизинг
  3. Қазақстандағы қаржылық  лизингтің дамуы іске асырылуы  және болашағы
  4. Қорытынды
  5. Қолданылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей  еліміздегі  80%-ға дейін тозығы  жеткен құрал-жабдықтарды алдағы  жылдары алмастыра отырып, оны  шешудің жолы ретінде жалға  алудың басқа түрлерімен салыстырғанда  кешенді сипаты бар – сыртқы  экономикалық, несиелік және инвестициялық  операциялар элементтерін біріктіретін  лизинг болмақ.Қазақстан Республикасында  лизингті дамыту негізгі мәселелердің  бірі болып отыр. Осы мәселені  елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында  атап өткен болатын.  Яғни лизинг  – ол шағын және орта бизнесті  дамытумен қатар ел экономикасын  дамытудың бірден - бір жолы болып  табылады.

          Лизингтің көмегімен жылжыйтын  және жылжымайтын мүліктерді  қомақты қаржы жұмсамай пайдалануға  болады, яғни ғимарат және құрылысты,  машина мен қондырғыны көлік  құралдарын және т.б. өз игілігіне  пайдалануға мүмкіншілік алады.  Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. Лизингілік операцияны іске асыратын коммерциялық банкілік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың жалпы көлемінде лизинг үлесі АҚШ – та 50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады. Елімізде соңғы жылдары инвестициялық қызметтің бір түрі – қаржылық лизинг даму үстінде. Өкінішке қарай, экономикалық прогресс және нарықтың дамуы нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретін қаржы құралы – лизинг туралы жалпы көпшілік жақсы біле бермейді. 
 
 
 
 
 
 

                                    

Қаржылық  лизинг

 Жүк және жолаушы тасымалдау, құрылыс және өндіріс компаниялары, мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындары және т.б. салаларда қызмет ететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары, ұйымдар, Лизингалушы бола алады.

        Қаржы лизингісінің артықшылықтары 

 Лизинг шарттарымен  негізгі қорларды (көлік, құрал-жабдық  және т.б.) сатып алу және жаңалау  едәуір артықшылықтар береді:

 ұзақ мерзімдік  қаржыландыру;

 кепілдік  талап етілмейді;

 заңмен белгіленген  ауқымда, салықпен қамтылатын  кіріс көлемінің төмендеуі;

 заңмен белгіленген  ауқымда, импорт бойынша ҚҚС-нан  босатылуы 

Ұсынылу шарттары

 Лизинг мәні: ғимараттар, құрылыстар, жер учаскелері, машиналар, жабдықтар, саймандар,  көліктер және басқа, кәсіпкерлік  мақсаттарға пайдаланылатын, негізгі  қорлар. Құнды қағаздар мен табиғи  ресурстар лизинг мәні бола  алмайды.

 Мерзімі:  лизинг келісімінің ең аз мерзімі  3 жылды құрайды, ал ең көбі 7 жылға дейін барады.

 Қаржылық  лизингтің ұсынылу шарттары, іске  асырылатын жобаның барлық ерекшеліктерін  ескере отырып, әр клиентпен жеке  талқыланады. 

Лизингалушыларға  талаптар  

 Лизингтік  компаниялар клиенттің кәсіпкерлігінің  түріне ешқандай шектеу қоймайды. 2004 жылдың соңында клиенттік базаның  негізгі үлесін шағын және  орта бизнестің кәсіпорындары  алды

Лизингтік келісімнің схемасы қандай?

Лизингтік келісімге  үш жақ қатысады:

 Лизингберуші  – лизинг мәнін меншігіне сатып  алушы және оны лизинг келісімінің  шарттарымен Лизингалушыға беруші  жақ. Лизингтік компания немесе  Банк Лизингберуші бола алады.

 Лизингалушы  – лизинг мәнін, лизинг келісімінің  шарттары бойынша, кәсіпкерлік  мақсаттар үшін, қабылдаушы жақ.

 Сатушы –  Лизингалушы, лизинг мәнін, сатып  алатын жақ. 

Лизинг келісімінің  жасалу тәртібі:

 Лизингалушы  Лизингтік компанияға немесе  Банкке өтініш жасайды;

 Лизингберуші  жобаға сараптама және лизинг  мәнін сатушымен келіссөздер  жүргізеді

 Лизингберушi  шешiмдi Несие Комитетiнде қабылдайды;

 Лизингалушы,  Лизингберушi және Сатушы алып-сату  жөнiнде үшжақты Келiсiм жасайды,  онымен бiр мезгiлде Лизингалушы  мен Лизингберушi екiжақты лизинг  Келiсiмiн жасайды;

 Лизингалушы  Банктегi арнайы шотқа 0,0-ден  30,0 пайызға дейiнгi мөлшерде бастапқы  төлемiн өтейдi;

 Алып-сату  келiсiмiнiң шарттары бойынша Лизингберушi  Сатушыға лизинг мәнiнiң құнын  төлеудi жүзеге асырады;

 Лизингберушi  лизинг мәнiн Лизингалушыға жеткiзудi  жүзеге асырады. Жеткiзу тасымалдауды, лизинг мәнiн импорттау кезiндегi кедендiк ресiмдеудi, лизинг мәнiн  Сатушыдан қабылдап алып, ресiмдеудi  және оны лизингалушыға тапсыруды  қамтиды. 
 
 
 

         

Қазақстандағы қаржылық  лизингтің дамуы, іске асырылуы  және болашағы

            Қаржылық лизинг – бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтың амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі; келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20% құрауы керек.

           Қаржылық лизингі шұғыл лизингтен  ерекшелігі елеулі түрде мүлік  иесінің тәуекелін төмендетеді,  оның шарты көбіне ұзақ мерзімді  банк несие алуда түзілетін  келісім-шартқа ұқсас, өйткені  құрал жабдықтың құнын толық  өтеуді, құрал жабдық құны мен  қожайынның кірісі қосылатын  кезеңдік төлемді еңгізу; оның  келісімді орындауға қабілетсіздігі  жағдайында жалгерді банкрот  деп жариялау құқығы, т.б. 

         Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәскелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапалы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар пайдалануда.

          Қазақстанда кәсіпкерлік саласында лизингтік қарым – қатынастарды дамытуға сәйкес 2000 ж. 5 шілдесінде «Қаржылық лизинг туралы» Заң қабылданды. Бұл заң негізінен ҚР лизингті қаржыландыруды нақты дамытуға арналған басты нысан болып табылады.

            Қаржылық лизинг - банктік несиелеудің альтернативі болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға немесе өндірістік құрал – жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді.

            Қаржылық лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономикалық нақты секторларын, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізге белгілі шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің төмендігі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін – лизинг құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Шағын кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.

            Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.

            Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторын несиелеуге ақша қаражатынсыз жеткілікті деңгейде бөлінбей отыратындығын көрсетеді.  Сонымен бірге, коммерциялық банктер несиелеудің қайтарылмай қалу тәуекелдерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен – күнге күшейтуде.

            Жалпы лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қомыша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады. Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәскелестік туғызады.

            Міне, осындай мәселелерге байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады.

            Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден кем емес инвестиция талап етіледі, бұл өткен жылдары банкілер берген несиенің көлемімен екі есе дерлік асады.

            Жыл сайын республикада негізгі өндірістік қорлардың тек 0,8-1,2 – сі ғана жаңарады, ал бұл кезде дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-8% - ті құрайды. 

            Банкілер олар құрған мамандандырылған еншілес компаниялар («БТА – лизинг», «Халық – лизинг», т.б.) арқылы тікелей лизингтік операциялар жүзеге асады.

            Бүгінгі таңда қаржылық лизинг  көптеген әлеуметтік – экономикалық  проблемаларды шешуге мүмкіндік  береді.

            Қаржылық лизинг жағдайында лизинг  жөніндегі келісім – шарт кезінде  шаруа қожалағы жалға берушіге  жалға берілетін мүліктің тұтас  құнын қояды, нәтижесінде ол  мүлік иесі атанады. 

            Тағы бір айтатын жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтің кең түрде дамуын төмендегідей жағдайлар мүмкіндік береді:

1. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету. 

2. Экономиканың нақты секторларынан яғни, өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды ендіруді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру. 

3. Өндірістік салалық құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

4. Дайын өнімдерді шетелдерден әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық экономика шеңберінде де дайын өнімдер өндірілуі қажет. 

  
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.      Исабеков Б. Н. Қазақстандағы аралас экономика кезіндегі индустриалды-инновациялық саясат жєне кәсіпкерлік: мәселелер, концепциялар, шешімдер.- Түркістан, 2004ж. 

2.      Шакирова Г. М., Сүгірова Г.С. Лизинг-шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың қайнар көзі. // Қаржы- қаражат, 2008ж.

3.      Адамов Н. А., Тилов А. А. Лизинг-Москва 2005ж.

4.      Изатуллаева Б., Диметова Р. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудағы лизингтің мєні мен қажеттілігі. // ХҚТУ Хабаршысы- Түркістан 2004ж.

5.      Арзаева А.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру  құралы ретінде// ҚҰУ хабаршысы.№5(57), 2006ж.

6.      Тұрғанбаев Қ.Д. Несиелік және лизингті бизнесті дамытудың жолдары//Экономика. Тараз қаласы,2007ж. 

Информация о работе Қаржылық лизинг