Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 12:19, реферат
Қаржылық менеджмент саласындағы KPMG-дің қызметтері бизнесті басқару ашықтығын арттыру, сонымен қатар бизнес-процестерінің тиімділігін аса тиімді басқару, бақылау және бағалау құралдарын алу міндеттері тұрған компанияларда үлкен сұранысқа ие.
Қаржылық менеджмент
Қаржылық менеджмент саласындағы KPMG-дің қызметтері бизнесті басқару ашықтығын арттыру, сонымен қатар бизнес-процестерінің тиімділігін аса тиімді басқару, бақылау және бағалау құралдарын алу міндеттері тұрған компанияларда үлкен сұранысқа ие.
KPMG компанияның
қаржы директорын қолдау үшін мамандандырылған
өнімдердің пакетін ұсынады.
|
Қаржы менеджментінің
анықтамасы.Қаржы менеджерінің рөлі,
мақсаты және міндеттері.
«Менджмент» деген сөз ағылшыннан аударғанда
басқару деген мағына береді, демек қаржылық
менджмент – бұл қаржыны басқару, яғни
кәсіпорындардың ақша айналамын және
қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі
теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың
методологиясы мен техникасына арналған
қолданбалы пән «Қаржылық менджмент»
қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер
басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда
болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері.
Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы
(қаржы менеджері) жоғары білімді, кең
көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың:
қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау,
салық салу, бағаның құрылуы, және т.б.
қорытындыларын өз қызметінде әдісін
тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер
және экономисттің қызметтері жеткілікті,
себебі қаржылық операциялар негізі ақша
айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз
есеппен щектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында
мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен
капиталдың үокен ағымы және тиісті өнім
қажеттілігін талап етеді. Сондықтан,
үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін
қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған
маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін
жете меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің
басты тұлғалары ретінде өте қажет.
Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының
даму кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы
көптеген біздің елде экономика салсында
дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының
бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай,
біршама жаңа деп саналатын бағыттарды
тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың
ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе
жатқан бағыт болып саналатын бірқатар
мамандықтарға (бухгалтер, экономист)
және соңғы жылдары Қазақстанда пайда
болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне)
тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.
Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда
қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы
теориялық практикамен сәтті біріктіріп
келе жатқан перспективті бағыт.
Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы
ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық
негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін
тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты
– бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық
қызметін басқарудың жалпығылыми және
нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.
Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы
службасы.
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын
ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын
құрады. Қаржы службасының қызметінің
басты мақсаттарына бағындырылған: олар
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету,
экономикалық өсу және табыс табу үшін
алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау
үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және
қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін
барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру
және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының
сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс
жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті
басқару механизмінің бөлігі, сол себептен
кәсіпорнының басқа да службаларымен
тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы
рынокқа шығу қаржы службасының алдында
жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар:
нарықтық экономикаға парапар әдістермен
каржылық ресурстарды тиімді басқаруды
ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай
шешу қаржылық менеджмент деңгейінде
ғана мүмкін.
Қаржылық жоспарлау
[ скачать ]
ПОЛУЧИТЬ
ПАРОЛЬ К АРХИВУ
Жоспар:
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны,
міндеттері, қағидаттары мен әдістері
2. Қаржылық көрсеткіштер.
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны,
міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы
механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың
аса маңызды элементтерінің бірі және
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың
құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді
жене тепе-тендік дамуына жетуге, біртұтас
ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының
қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс
өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз
етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі
сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай
элементтері турасында, ақшамен қоғамдық
ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау
турасында ақша қозғалысының салыстырмалы
дербестігімен шарттасылған ақша нысанында
жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және
қоғамдық процестерге белсенді ықпал
етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын,
шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде
ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын
ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай
процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын
өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің
кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін
жұмылдырудың прогрессивті нысандарын
қолдануды қажет етеді.