Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 09:33, доклад
Ақша массасы- жеке тұлғаларға , кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісінін талдау үшін сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Мультипликатор - (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультификациялық нәтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор=3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы- жеке тұлғаларға , кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісінін талдау үшін сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
· М1 агрегаты,яғни ол айналыстағы нақты ақшалар (банкноталар мен монеталар) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды.;
· М2 агрегаты ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
· М3 агрегаты ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;
· М4 агрегаты ,ол М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ- та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын , Жапония мен Германияда – үш Англия мен Францияда – екеу Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде ақшалай және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың ) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж Директорлар кеңесінің №2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын , ақша базасын анықтау әдісі және ішкі , сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне » сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес , ақша базасы (МВ)
– бұл міндеттемелерге жататын резервтік
және бастапқы ақшаларды білдіреді.Ол
мынадай формуламен есептеледі:
МВ=СIС+RR+DCВ
Мұндағы СIС- айналыстағы нақты ақшалар ;
RR - міндетті резервтер ;
DCВ- екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі коршоттағы қаражаттары.
CIC=L(Н+С),
Мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;
С- айналысқа шығарылған монеталар.
Ақша базасы дегеніміз-міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылыесептелінеді.
Ам М3(акша массасы)
(5) МВ (акша базасы)
Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002жыл ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жолмен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша мультипликаторы дегеніміз- ақша несие жүйесінің салымда ұлғайтылуы немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюі немесе азаюын көрсететін сандық коэффицент және оның шамасы ақша несие жүйесінде пайдаланатын резервтін нормасына кері пропорционал болады.
Ақша мультипликаторының
Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері
Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі.Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді,оларды сақтаудың ,жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
ҚР ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады.Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегіне қолма-қол ақшамен нығайтылып отырады,онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы , яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағын пайдаланылмайды.Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мултипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады.Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді:мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массаы соғұрлым көп ,айналыс жылдамдығы аз болады.ҚР Ұлттық банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі , ашық нарықтағы операция , валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету)секілді акша-несие саясатының аспаптарын пайдаланады,
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей ,банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады.Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс
жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді,банктер
таратылған ресурстарды тиімді пайдалана
алмайды,өйткені несие берілетін салалар
азайып ,айналыстағы ақша массасы кемиді.
Қазақстанда 1993 жылдың қаңтарында 1994 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20 пайыздарға белгіленді,1994 жылдың мамырынан бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадағы банктік депозиттік міндеттемелері бойынша 30 пайызға дейін көтерілді.Міндетті резерв нормаларының арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуіне себепші болды.
Банк резервтерінің (Ұлттық
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады.Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.
Әлемдік тәжірибеде
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің мөлшерін азайтады, ал өз кезегінде айналымдағы ақша массасын кемітеді.
Соңғы жылдары (2001-2005 ж.ж)Қ.Р Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жие күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд. долларынан асты.
Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен реттеуде ақша-несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді.
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Ақша массасының өсуі орталық банктің эмиссиялау (жаңа ақша шығару) қызметіне ғана байланысты емес, сонымен бірге ақша массасы коммерциялық банктердің несие берудегі әрекетіне байланысты да өсіп отырады. Коммерциялық банктер несие берген кезде ақша массасы ұлғаяды, ал несиені қайтып алған кезде ақша массасы азаяды. Коммерциялық банктердің жаңа ақша жасау процесін мына мысалмен түсіндіруге болады. Банктің активі 100 мың долл. Орталық банктің нормативі бойынша міндетті резерв нормасы 10 %. Яғни банктің 10 мың долл. резерв қорында сақталады, 90 мың долл. несие ретінде оны тұтынушыларға беріледі. 90 мың долл. айналымдағы ақша массасына қосылады. Жаңа ақша жасау процесі осымен аяқталмайды. Товарлар мен қызметтерге жұмсалған бұл ақшаны екіншілері қайтадан басқа банктерге салуы мүмкін. Осы банк салынымның 10% резерв қорына жұмсайды, қалған 81 мың долл. несие ретінде ұсынылады.. Ақша массасы 90 + 81 = 171 мың долл. өсті. Келесі сатыда осылай несие беру жалғасады. 100+81+72= 1млн. долл. Осылай міндетті резерв нормасы 10% болған жағдайда алғашқы 100 мың долл. еселеніп көбейіп, банк депозитін 1 млн долл. дейін өсіреді. Ақша массасының ұлғаюын банк мультипликаторы (m) сипатайды