Ауылдағы менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:35, реферат

Описание

Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды.
Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады.

Работа состоит из  1 файл

ауылдағы менеджмент.docx

— 32.63 Кб (Скачать документ)

Аннотация

       Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды.

      Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады.

       Ауылдың  қоныс жүйесі ретінде қаладан  айырмашылығы — тұрғындарының  орналасу тығыздығы төмен және  саны аз. Еңбек және демалыс  түрлері өзгеріске аз ұшырайды. Мұндағы еңбек табиғат ырқына, яғни жыл мезгілдерінің ауысып  отыруына негізделген. Қаламен  салыстырғанда ауыл тұрғындарының  жұмыспен қамтылу дәрежесі төмен,  бірақ кәсіп пен тұрмыстың  мазмұндық бірлігі жоғары; еңбек  ету жағдайлары ауыр, инфрақұрылымы  нашар дамыған. Ауылдағы жанұялар  әлеуметтік және ұлттық жағынан  біртекті болып келеді. Әлеуметтік  бақылау дәрежесі қаламен салыстырғанда  жоғары, себебі адамдардың өзара  қарым-қатынастары әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге қатаң негізделген.

       “Ауылын көр де,  азаматын таны” дегендей аумақты көркейту, жасыл желектендіру және оның өсуіне жағдай жасап, қорғау, тұрғын үйлерді, ғимараттарды күтіп ұстау, көше тазалығын қадағалау да халықтың өзін-өзі басқару органының еншісінде болмақ. “Ауыл – адамдар мекені” деген қағидамен  жазда жекеменшік малды мейлінше сыртта  баққызу, оның бағасын реттеу, дәрілеу, тұқымын асылдандыру, мал індетіне қарсы күрес ұйымдастыру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану да оның құзіретінде болуға тиіс. Егістік жерді тиімді пайдалану, біреудің еңбегін бағалау, су ресурстарын дұрыс пайдалану, ауызсу алатын құдықтардың маңайының тазалығын қадағалау, арықтарды таза ұстау, күл-қоқысты ретсіз төккізбеу, көше, жол тазалығына мән беру ба қылауда болса қандай жақсы. Халық демалатын жерлердің тазалығы, тарихи, мәдени ескерткіштерді,   спорт   алаңдарын күту, жастарды саламатты өмір сүруге тәрбиелеу, адам құқығын дәріптеу, қоғамдық тәртіпті бақылау, отбасындағы жат қылықтарға, ұрлыққа жол бергізбеу,  зираттарды күту, жаназаны ұйымдастыру да жергілікті өзін-өзі басқару органының  қызметі болуға тиіс.  
   Ауылдағы  күнбе-күн  кездесетін көкейтесті мәселелерді шешу, ұсақ-түйектен бастап, туған ауыл өмірінің ыстық-суығына бірдей төзу, жалғызілікті, жағдайы нашарларға, мүгедектерге көмек көрсетуді басты назарымызда ұстауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдағы менеджмент

    19 ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (ресейлік) қысымға шыдай алмады. Осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени дағдарыс көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады. 1856 — 1868 жылдары жүргізілген әкімшілік реформаның нәтижесінде қазақ жеріндегі ауылдық басқару болыстық жүйемен алмастырылды. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамның өзіндік реттеу тетіктерін жойып, сырттан таңылған жүйеге көшуіне әкеп соқты. Қазақ ауылы отарлық типінің мал өнімдерін өндіретін шикізаттық ұжымдарына айналды. Қазан төңкерісіне (1917) дейін қазақ жеріндегі көшпелі ел мен отырықшы халық мекендерінің типінде үлкен айырмашылық болатын. Кеңес өкіметінің кезінде көшпелі ауылдарды жаппай отырықшылыққа бейімдеп колхоз, совхоздарға біріктірді. Бұл қазақ ҚР ауылдарын зор, қасіретке ұшыратты. Ауылдың қоныс жүйесі ретінде қаладан айырмашылығы — тұрғындарының орналасу тығыздығы төмен және саны аз. Еңбек және демалыс түрлері өзгеріске аз ұшырайды. Мұндағы еңбек табиғат ырқына, яғни жыл мезгілдерінің ауысып отыруына негізделген. Қаламен салыстырғанда ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу дәрежесі төмен, бірақ кәсіп пен тұрмыстың мазмұндық бірлігі жоғары; еңбек ету жағдайлары ауыр, инфрақұрылымы нашар дамыған. Ауылдағы жанұялар әлеуметтік және ұлттық жағынан біртекті болып келеді. Әлеуметтік бақылау дәрежесі қаламен салыстырғанда жоғары, себебі адамдардың өзара қарым-қатынастары әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге қатаң негізделген. Отырықшылану кезінде тарихи қалыптасқан көшпелі ауылдар жүйесі біржола бұзылып, оның отырықшы жаңа елді мекендер бойынша топтаса қоныстануы пайда болды. Осы шағын елді мекендер (олардың ішінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтындары да) ауыл атала бастады. Социалдық жоспарлы экономиканың күйреуі, оның орнына жаңа нарықтық экономиканың ірге тебуіне байланысты тұрғын жұрттың қалаға көші-қонының күшеюі салдарынан ауылдар саны азаюда. Қазақстанда 1997 жылы ауылдардың жалпы саны 8172, оның ішінде 1 мыңнан астам адам қоныстанған ауылдар 1624 болды. 
     Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр. Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты. Қалалардың даму, өсу процесін қала өмір салтының жетілуін урбанизация деп атайды.  Кейінгі деректерге қарағанда КСРО тұсында қалалар қарқынды өскен. Мысалы, Ресейде қалалар 80%, Украина мен Беларуссияда – 70%, ал, Қазақстанда – 60% өскен. КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің себептері бар. Басты себебі, орсы тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты. Ал, мұның өзі жаңадан іске қосылған өндіріс ошақтарының және құрылыс мекемелерінің жұмыстарын жандандырды. Қалаларды жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 60- жылдары ғана басталды. Мұның өзі қалалардың тез дамуымен байлансты болды. Осы уақытта объективтік қажеттілкпен қалаларды әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін арнаулы теория пайда болды. Ол қала әлеуметтануы деп аталды. Қала әлеуметтануы қалалардың шығу, пайдаболу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе ретінде олардың атқаратын қызметін, қоғам дамуында алатын орнын, дамуын, әлеуметтің – кеңестіктегі қоғамның ұйымы, адам бірлігін тарихи тұрақты бірлігі ретінде зерттейтін болды. Қала әлеуметтануы қалаларда әлеуметтік-территоиялық бірлік болып қалыптасуында әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби құрылымына, әсіресе, ондағы әлеуметтік институттардың (ұйым, мекемелердің) қызметінің ерекшелігіне, қалалық өмір салты, қала мәдениетіне, қаладағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау салаларына аса үлкен назар аударады. Қала әлеуметтануы бұлар мен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да мәселелері бар, олар: қала әлеуметтану теориясын жетілдіріп зерттеу, урбанизацияның әлеуметтік заңдылықтарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымының даму жүйесінің көрсеткіштерін талдау, т.б.  
     Бәрімізге белгілі қала мен ауыл арасында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Қаланы айтқанда біз алдымен халықтың ең көп шоғырланып жиналған мекенді еске аламыз, көп қабатты үйлер, үзіліссіз ағыл-тегіл жүріп жатқан көлік пен адамдарды елестетеміз. Ал, ауылды тілге тиек еткенде, керісінше, адамдардың аз тобын, бір қабатты үйлер, олардың әр қайсысының жанында бау-бақша, мал қораларын көз алдымызға әкелеміз. Ең басты айырмашылық адам санына байланысты болса, ал, мұның өзі өз кезегінде- адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігінің ұйымдасуына жіне адамдардың жеке іс-әрекетіне, қызметіне, табиғи байлықтарды, ресурстарды игеруге байланысты халықтың еңбек түріне қарай бөлек әрекет етуі қажеттілігінен туындайды. Ал, қалада шикізатты өңдейтін өндіріс, кәсіби ұйымдар болғандықтан және өндірістен тыс еңбек, жұмыс түрлері көп болғандықтан адамдардыңалуан түрі шоғырланады. Қала адамдарды территория ресурстарына тікелей байлап қоймайтындықтан, адамдарды жан-жақты шоғырландырады. Адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігі тек қана қала мен ауыл-селода деп түсінуге болмайды. Бұлардың арасында агломерация деген адамдардың территориялық бірлігі бар. Сонымен, адамдар бірлігінің негізгі территориялық бес орналасу түрі бар.

1. Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін елді-мекен;

2. Азын-аулақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірмейтін елді-мекен;

3. Аграрлы-индустриялды елді-мекен; 

4. Ірі өнеркәсіптік (индустриялды) елді-мекен; 

5. Қала.

 Бұдан біз урбанизациялық (яғни, қалалардың өсуі, қалалық әдет-ғұрып,  салт-дәстүрдің кең жайылуы) процестердің  өсу дәрежесін байқаймыз. Олар мына фактілерден көрінеді:

1. Ауыл шаруашылығының  рөлі төмендеп, өндіріс алдыға  шығады;

2. Елді мекендерде халық  тығызданып, үй-құрылыс процесі артады (көп қабатты құрылыстар көбейеді);

3. Тұрмыс қажетін өтейтін  мекемелердің шоғырлануы және  мамандануы күшейеді;

4. Еңбек, жұмыс орындары  көбейеді, осының салдарынан жұмысшылардың  нақты мамандық түрлері көбейіп,  кәсібилік күшейе түседі;

5. Қоғам дамыған сайын  адамдардың білім дәрежесі, кәсіби  шеберлігі жетіле түседі. Осыған  барып адамдардың тұрмыс салты,  олардың бағалық, құндылық жүйесі  өзгереді.

      Қандай да бір елді мекеннің өзіне тән белгілі бір функциясы болады. Мысалы, бір ауыл шарушылық ауданы немесе елді мекені жалпы халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін орталық болуы мүмкін, ал, соы ауданның халық тұрғысынан қарағанда ол демалыс орны болуы мүмкін. Бұл аудан жалпы ауыл шаруашылығы елді мекен тұрғысынан алғанда өмір сүру орталығы болуы мүмкін.  Ауыл шаруашылығының негізгі функциясы, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару және оларды сирек болса да аздап өңдеу. Ауыл-селолық жерлерде өз шаруашылығы, оны дайындау, өз территориясында аң-балық аулау, т.б.қаланың элементтеріне жататын кәсіпорындарының негізгі салалары болуы мүмкін. Әрине, бұл ауыл-селоны қаланың деңгей –дәрежесіне аздық етеді. Бұл шағын кәсіпорындарға құрылыс материалдарын дайындайтын тас карьерлері, бидайды ұнға айналдыратын диірмендер, ұсақ сүт-май зауыттары, т.б. жатады. Ауыл-село рекреациялық қызмет атқарады. Бұл ерекше халық шаруашылық саласы – мұнда қала адамдары санаторийда, демалыс үйлерінде, балалар жазғы демалыс лагерінде демалады. Демалысқа келген қала адамдарына село тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары бұл мекемелер арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді. Ауыл-село тұрғындары табиғатты қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты, т.б. әрекеттерден көрінеді. Ауыл-село тұрғындары экологиялық қызмет атқарады. Өзінің территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға алады. Ауыл-селоның тағы бір маңызды атқаратын қызметі – ауыл-село тұрғындарының қалаларға көшіп қоныстануы. Сөйтіп ондағы өндіріс орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қала өндіріс орындары дамымаған болар еді.  Қала тұрғындарының қызметін екі негізгі салаға бөлуге болады: 1) Қала құрушы; 2) Қалалық тұрмыстық қызмет көрсетуші (градообслуживающие). Қала құрушы факторларға өндіріс, көлік, байланыс, басқару, ғылым, медицина, санатория- курорттық істер, т.б. жатады. Әлеуметтану тұрғысынан бұл жүйе қаланың қоғамға не беретінін бейнелейдң. Мұндажұмыс орнынынң саны, түрі, кадрлардың мамандығы, т.б. ескеріледі, яғни адамның қызмет етуінің әлеуметтік жақтары әр уақытта естен шығарылмайды.  Қаланың тұрмыстық қызметі жұмыс орынның жиынтығы арқылы адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетеді. Бұған көлік-транспорт, балалар мекемелері, мектеп, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет мекемелерінің, мәдени мекемелердің коммунальдық шаруашылық қызметтері жатады. Басқаша әлеуметтік тілмен айтқанда бұл қоғамгың қалаға беретін игілігі, бағалық-құндылықтары. Қаланың бұл негізгі екі қызметінің бөлінуі шартты жағдайға байланысты болады. Өйткені, қаладағы жоғарғы оқу орындары, емхана, театр, сауда орындары, т.б. тек қана осы қала тұрғындарына қызмет етпейді, олар басқаралға да осындай тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала құрушы және қалалық тұрмысық қызмет көрсетуші факторларының жиынтығы, екінші жағынан, қалалық экономикалық және мекеме мен ұйымдардың техникалық даму тұрғысынан еңбек орындарының құрылымын бейнелейді. Енді қала мен селоның өзара байланысына тоқталайық. Ауыл-селоның негізгі атқаратын қызметі- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болса, оны өңдейтін, тұтынатын қызмет қала тұрғындарына жатады. Ағашты өңдей, жиһаз жасау үшін ауыл-селода өндірілген ағаштың қатты бөлігін (древесинаны) пайдаланады. Ауыл-селода коммуникация байланыстары тәртіппен жұмыс істейді. Барлық байланыс тораптары мен жүйелері (орталық жүргізу, хабарлау, реттеу, т.б.) қалада, олар елді мекендердің арасындағы байланыс – хатынастарды қамтамасыз етіп, реттеп отырады.  Қала ауыл-селодан келген қоныстанушыларға (яғни мигранттарға) жұмыс орнымен, пәтер-үймен қамтамасыз етіп отырады. Жоғары оқу орындарында ауыл-селоға жоғары мамн кадрлар дайындайды.  Қала мен ауыл-село арасында мұндай қатынастар өте көп. Осы көптеген байланыстарды жіпке тізіп жатпай- ақ жалғыз ауыз сөздің қауызына сыйдырып айтқанда, оның мәні былай: қала тарихи ұзақ уақыт ішінде ауыл-селоның көптеген мүмкіншіліктерін, әсіресе алуан түрлі ресурстарын пайдаланып келді. Осыған орай ауыл-селоның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қатынастарын біршама жоғары деңгейге көтерді. Бірақ, бұлардың арасындағы өзара көмек тең жағдайда, үйлесімді болмады, яғни теңсіздік пайда болды. Сөйтіп ақыр аяғында ауыл-село тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды.Мигранттардың үлкен топтары қалаларға ағылды. Себебі, қаладғы тұрмыс деңгейі жоғары болды. Атап айтқанда, еңбек ақының біршама жоғары деңгейі, пәтер-үйлердің толық жабдықталуы, жаңа мамандықты іріктеу, оны ауыстыру материалдық және мәдени құндылықтарға жолдың ашықтылығы, т.б. Қаланың тұрмыс деңгейінің жоғары болуы, т.б. сияқты факторлар да ауыл-селоның күйреуіне әкеліп соқты. Қала мен ауыл-село халқын бірнеше, алуан түрлі ерекше топтарға бөлуге болады. Олардың өлшемдері мыналар: мамандық құрылымы, білім дәрежесі, материалдық қамтамасыз етілуі, физикалық дайындығы, әлеуметтік жауапкершілігі,белсенділігі, жасы, отбасы жағдайы заңға, саясатқа қатынасуы, т.б.  
     “Ауылын көр де,  азаматын таны” дегендей аумақты көркейту, жасыл желектендіру және оның өсуіне жағдай жасап, қорғау, тұрғын үйлерді, ғимараттарды күтіп ұстау, көше тазалығын қадағалау да халықтың өзін-өзі басқару органының еншісінде болмақ. “Ауыл – адамдар мекені” деген қағидамен  жазда жекеменшік малды мейлінше сыртта  баққызу, оның бағасын реттеу, дәрілеу, тұқымын асылдандыру, мал індетіне қарсы күрес ұйымдастыру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану да оның құзіретінде болуға тиіс. 
     Егістік жерді тиімді пайдалану, біреудің еңбегін бағалау, су ресурстарын дұрыс пайдалану, ауызсу алатын құдықтардың маңайының тазалығын қадағалау, арықтарды таза ұстау, күл-қоқысты ретсіз төккізбеу, көше, жол тазалығына мән беру ба қылауда болса қандай жақсы.   
   Халық демалатын жерлердің тазалығы, тарихи, мәдени ескерткіштерді,   спорт   алаңдарын күту, жастарды саламатты өмір сүруге тәрбиелеу, адам құқығын дәріптеу, қоғамдық тәртіпті бақылау, отбасындағы жат қылықтарға, ұрлыққа жол бергізбеу,  зираттарды күту, жаназаны ұйымдастыру да жергілікті өзін-өзі басқару органының  қызметі болуға тиіс.  
   Ауылдағы  күнбе-күн  кездесетін көкейтесті мәселелерді шешу, ұсақ-түйектен бастап, туған ауыл өмірінің ыстық-суығына бірдей төзу, жалғызілікті, жағдайы нашарларға, мүгедектерге көмек көрсету назарда ұсталар еді. 
       Жергілікті өзін-өзі басқаруда қазіргі кезде аудандық мәслихат депутаттары өз округінде жұмыс атқаруда деген ұғым бар. Олардың саны кеңес кезінен қазір үш есе кем. Бәрі халықпен етене араласпайды, себебі депутаттық  қызметіне қосымша қосылған өкілет. Ауылдық жерде селолық депутаттар мүлде жоқ. Қалалық жерлерде пәтер, гараж, саяжай иелері құрған ӨӨБ құрылымдары бар. Рас, ауылдық жерлерде ақсақалдардан құрылған кеңес бар, олар әкімдерге қолдау көрсетеді, алайда биліктің айтқанынан аса алмайды. Тарихта дамыған мемлекеттерде өзін-өзі меңгеру жүйесі мемлекеттік құрылымнан бөлектенген, жергілікті мемлекеттік басқарымға кіріккен, мемлекеттік басқарымның өзі болып келеді. Бұл үшеуінің негізгісі және демократиялық қағидаттарға жақыны – мемлекеттік құрылыммен қатар қызмет жасап, ауыл тұрғындарының төл мәселелерін өздері шешіп, өз тірліктерін өздері меңгергені. Ол селолық әкім жұмысын жеңілдетеді, қажет жағдайда әкімнің халық алдындағы есебіне нақты баға береді. Екінші жағынан мемлекеттік құрылым тарапынан өзін-өзі меңгеру ұйымына қолдау көрсету де екі құрылымның жұмысының алға басуына алғышарт болады. Жергілікті әкімді және ӨӨБ ұйымдарын халық сайлайтын болса, әкім мен ӨӨБ құстың қос қанатындай бірігіп жұмыс атқарса, ауыл мәдениеті міндетті түрде көтеріледі Қоғамдағы бүгінгі кездесіп отырған жағымсыз қылықтар: ұйымдасқан қылмыс, пара алу, бюрократтық көзқарас, басшыларға тәуелділік, жағымпаздық та азаяр еді. “Жергілікті жерлерде әкім сайлауы өткізілер болса онда әр ата өз адамын сайлауға күш салып алауыздық туындайды” деген пікір де бар. Біздіңше, әкім болу үшін талапкерге “білімі, іс тәжірибесі, халықпен жұмыс атқарған бірнеше жыл еңбек өтілі болуы керек” деген шарт қойылса, ағасының итеруімен шыққан, халықпен жұмыс істеуге даярлығы жоқ кейбір қалталы әкімсымақтар орын алмас еді.     Бүгінгі нарықта, тірліктің өлшемі ақша болған кезде, әлеуметтік сала кемшіліктері туралы әңгіме көтерілсе”, ақша болғанда ретке келеді” деп жастардың рухани кедейленуіне жол бергізбеу керек. Ұлттық құндылықтарымызды барынша дамытуға тырысқан жөн. Ауыл жастары бүгінде жазға салым қалаға барып пәтерде тұрып, уақытша жұмыс тауып, қысқа қарай ауылға қайтады. Үлеске бөлініп берілген жерлерді толығымен пайдалануға шаруа қожалықтарының қолын қаражат байлап отыр. Алақандай бақшасы мен бес-алты малына қарап отырған ауыл жасының көп уақыты бос. Жұмыссыздық, араққа салыну, темекі тарту, карта ойнау, нашақорлыққа,  ұрлыққа  жол ашатыны белгілі. Аталған жат қылықтардан аулақ болу жолы – ауыл жастарымен мақсатты тәрбие жұмысы. Бірінші жауымыз – қазақтың табалдырығынан аттап төріне шыққан арақты тыю. Мәдениетімізді көтеріп, ұлттық санамызды ояту осы жаман әдеттен арылуға септігі тиер еді. Ата-баба аманаты – қасық қаның қалғанша туған жерді, мемлекет мүддесін жан салып қорғау. Қазақ елі қазақ халқымен бірге әлденеше ұлттардың диаспоралары тұратын  мемлекет. Ұлттар ынтымағына ұйытқы болып, халық үшін адал қызмет етіп жүргендерді, ниеті түзулерді тани білуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама  және ондағы өзекті мәселелер.

           Кез-келген  мемлекеттің өркениеттілігі орнда  өмір сүретін халықтың өнегелілігімен  бағаланады, ал өркениеттіліктің  негізі мектепте қаланып, мектепте  өркен жаяды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында  сөйлеген сөзінде:«Мектеп туралы  мәселенің көтеріліп жатқаны  өте дұрыс.Мектеп әлеуметтік мәселелердің  ішіндегі ең өзектісі» деген  пікірді айта келе, әсіресе ауыл  мектебін өркуендетуге, ауыл мектебінің  жағдайын жақсартуға баса көңіл  бөлу қажет екенінемән береді. Осы тұрғыдан қарағанда,  еліміздегі  мектептердің, оның ішінде ауыл  мектептерінің жұмысын жандандыру,  ондағы тәрбие процесінің сапасын  жетілдіру, жасөспірімдерге ұлттық, өнегелілік негізде тәрбиелеу  бүгінгі күннің басты көкейтесті  мәселесіне айналып отыр

        Ауыл мектептері  әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары   өмірінде маңызды роль атқарады.

         Гурьянова  өзінің мақаласында ауыл мектебіне  мынадай сипаттама береді:Бұл  ауыл аймағында орналасқан жалпы  білім беру ұйымдар түрлерінің  жиынтығы, олардың территориялық  орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық  құрылымы әр түрлі, оқушшылардың  білім және еңбек дайындығының  ерекше міндетін орындауға және  балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға  тырысады» делінген.

          Ал Л.Ф.Стерлин  мен Е.С.Зайцевтің айтуы бойынша  «Ауыл мектебі --- ауылда болып  жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық  үрдістердің белсенді аймағы  болып табылады. Ол ауылшаруашылық  өндірістерінің кадрларын дайындап, өз оқушыларын еңбекке баулып, туған жердегі жұмысқа сүйіспеншілігін  тәрбиелейді».

      «Ашығын айтар  болсақ ауыл мектебі дегеніміз  – қазақ мектебі. Ол еліміздің  білім жүйесінің түп қазығы. Қаймағы  бұзылмаған ұлттық тәлім мен  тәрбиенің қара шаңырағы. Осы  тұрғыдан келер болсақ, сол ұлттық  тәрбиені қазіргі заманға сай  ілім мен білімге ұштастыра  жүргіземіз десек, ауыл мектебінің  жағдайын жасау – кезек күттірмейтін  мәселе. Бұл бағытта Үкімет түбегейлі  шаралар жүргізетін болады» деп  кезінде И. Тасмағанбетовтың өзі  айтқан болатын.

“Ауыл мектебі” бағдарламасынан

            Ауылдық жерде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту,  кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қылмыстар мен қадағалаусыздықты ескерту және алдын алу ауылда қосымша білім беруді талап етіп отыр.

       Ауыл  педагогтарына көмек  ретінде  тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік  ұсынымдар әзірлеу, озық педагогикалық  тәжірибені қорыту және тарату, оны ауыл мектептерінің практикасына  белсенді енгізу қажет.

        Жалпы  білім беретін мектептер мен  мектептен тыс ұйымдарды тиісті  кадрлармен қамтамасыз ету, бұрын  қысқартылған педагог ұйымдастырушылардың,  педагог-психологтардың, әдіскерлердің  лауазымдарын қалпына келтіру  қажет.

         Ауылда қосымша білім беру  жүйесі құқықтық, санитарлық  ағарту  жөніндегі білім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы  жастарға психологиялық және  педагогикалық қолдау көрсетуге  арналған жасөспірімдер мен жастарға  әлеуметтік-психологиялық көмек  көрсету орталықтарына қатты  мұқтаж.

         Жасөспірімдердің өзін-өзі тану, интернационализм, қазақстандық патриотизм  сезімдерін тәрбиелеу мәселелерінде  қоғамдық бірлестіктермен, ұлттық  мәдени орталықтармен бірлесіп  жұмыс істеуді жандандыру қажет.

           Салауатты өмір салтын енгізу, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру  мақсатында балалар мен жасөспірімдерге  рухани-адамгершілік тәрбие беру, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын  ұйымдастыру жөніндегі таңдаулы  ауыл мектептерінің тәжірибесін  қорыту әрі тарату қажет.

 

 

 

 


Информация о работе Ауылдағы менеджмент