Банк менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2012 в 09:16, реферат

Описание

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Биржа.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)


Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Биржа түрлері

Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

Валюта Биржа — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

Еңбек Биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек Биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

1.      саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық Биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;

2.      өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі Биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.

Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым Биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда Биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор Биржалары шапшаң дамыды.

Биржа Айналымы — белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері Биржа Айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық Биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.

Биржа Бағасы — биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл — биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.

Биржа Дағдарысы — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.

Биржа Делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т.б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы Биржа делдалдары, негізінен, делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын Биржа Делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.

Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.

Биржалық үрей.Құнды қағаздар бағамының (ең алдымен ақциялардың) күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей кеулеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономиқалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.

Биржалық баж.Биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.

Биржа дүрлікпесі.Өз болмысы бойынша объективті экономиқалық негізі жоқ, құнды қағаздар бағамы мен қор биржасындағы жалпы айналымды жасанды түрде қолдан көтеру. Биржа дүрлікпесі құнды қағаздарға дүрліге сұраныс жасаумен сипатталып, алыпсатарлық, операциялардың мөлшері бірден ұлғаяды, жалған капиталды жасанды жолмен «ұлғайту» орын алады. Егер биржалық операциялардың қатысушылары экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін недәуір асыра бағалайтын болса, биржа дүрлікпесінің заңды нәтижесі міндетті түрде биржалық үрей мен күйреуге апарып соқтырады. Бұл өз кезегінде қор құндылықтарының рыногын қайтадан белгілеуге әкеліп соғады.

Биржалық мәмілелер.Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер.Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.



Информация о работе Банк менеджменті