Банк менеджментіне жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:06, реферат

Описание

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..…..3
1 Банк менеджментіне жалпы сипаттама
1.1 Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері………………….….4-6
1.2 Банк менеджментінің негізгі бағыттары……………………………......6-9
2 Банктердегі басқару процессіне сипаттама.
2.1 Банктердегі басқаруды ұйымдастыру………………………………...9-12
2.2 Банктерді басқару принциптері …………………..………………….12-14
3 Банктік менеджментті жетілдіру жолдары……………………..........14-15
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………

Работа состоит из  1 файл

Банк менеджментіне жалпы сипаттама.docx

— 47.26 Кб (Скачать документ)

         Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсаттардың өзіндік ерекшелігін анықтайды:

1) ақшалай нарық жағдайында  шаруашылық жүргізуші субъекті  ретінде банк жұмысының пайдалылығын  қамтамасыз ету;

2) банк сенімділігінің  кепілдігі ретінде банк балансысының  өтімділігін қамтамасыз ету;

3) іскер байланыстың тұрақты  болуына әрі ұзаққа созылуына  септігін тигізетін банк қызметінің  ауқымы, құрылымы, сапасы арқылы  клиенттің қажеттіліктерін барынша  қанағаттандыру;

4) ұжымның өндірістік, коммерциялық  және әлеуметтік проблемаларының  сәтті шешілуін ұштастыру;

5) әлеуетті мүмкіндіктерін  толық жүзеге асыруға мүмкіндік  беретін мамандарды дайындаудың,  қайта дайындаудың және орналастырудың  тиімді жүйесін құру.

Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, сапалық  және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға  бағдарланады. Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды:

- банк клиенттері мен  олардың шоттарының саны, депозиттердің,  несие салымдарының, инвестицияның  мөлшері;

- банк орындайтын операциялар  мен қызмет көрсетулердің ауқымы.

Сапа көрсеткіштерін үш топқа  бөлуге болады:

1. Банктің кірістері мен  шығыстарына қатысты көрсеткіш.  Осы көрсеткіштің көмегімен банктің  пайдалылығы басқарылады.

2. Қаражат айналымының  жылдамдық көрсеткіші, операцияларды  орындауға кететін шығынның еңбек  сыйымдылығының, көрсеткіші, құжаттарды  өңдеуден өткізудің жылдамдық  көрсеткіші.

3. Көрсетілетін банк қызметінің  ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын, ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті. Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды. Банк менеджментінің өзге ерекшелігі мынаған байланысты: мемлекет банк қызметін ақшалай слымдар мен депозит иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында қатаң реттеп отырады. Банк қызметін реттейтін мұндай зандардан басқа несие мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті нормативтер мен ережелер бар. Бұл басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда нені білдіреді? Біріншіден, міндетті нормативтер мен ережелерді (ұйғарымдар) сақтау себебі бойынша дербес шешім қабылдаудың белгілі бір шекарасы болады. Екіншіден, тұрақты түрде өзгеріп отыратын ақшалай нарық конъюнктурасы жағдайында менеджердің банк өтімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздестіру (белгіленген нормативтерге қарай) мүмкіндігі.

 

2.2 Банктерді басқару принциптері

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының  ауқымдылығы жатады. Бұл басқару  салаларына мыналар қатысты: макро  және микро деңгейлердегі несие  қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай  операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы. Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады. Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді. Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

1. Бірінші топ банк  құзыреттілігіндегі экономикалық  процестерді ұйымдастыру және  басқару бойынша мәселелерді  қамтиды.

2. Екінші топ банк ұжымын  ұйымдастырумен және басқару  мен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық. 1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады. Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор. 2) Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады — жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету. Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады. 3.Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:

• міндетті резервтерді  қалыптастыратын бөлігін есептемегенде  табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуың-жол бермеу;

• банк өз клиенттерінің  алдындағы тиісті міндеттемелерді  орындауы үшін әрі активтік операцияларды  дамыту үшін қажетті несие ресурстарын  іздестіру;

• банктердің «арзан» ресурстар  есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге  түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы  ақша және қаржы нарығының алғашқы  негізі ретінде болатын акция  айналымының тұрақтылғын қажет етеді.

 

III Банктік менеджментті  жетілдіру жолдары 

Менеджмент міндеттері:

1. Өзіндік банк қаражатын  басқару оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады. Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

2. Банк жұмысының пайдалылығын  басқару оның кірісгері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, каржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз егілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.

3. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді  басқаруға тәуекелдік — менеджменті  жатады. Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б. Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

• қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;

• болжалды зиянның ауқымын  бағалау;

Отандық тәжірибеде банктің  меншікті капиталына мыналар кіреді:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- әр түрлі қорлар;

- ағымдағы жылдың пайдасы.

Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір бөлігін құрайды. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне мьшалар жатады:

- активтер құрылымының  мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;

- белсенді операцияларды  әртараптандыру (диверсификациялау);

- тәуекелділікті бақылау  және резервтер құру;

- активтердің табысты болуын қалау.

Республикада банк жүйесінің  нығаюы мен қаржылық қызмет көрсететін қазақстандық сатушылардың клиеттерінің мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін  шаралар қабылдануда. Оларға мыналар жатады, мысалы:

- халықтың және зейнетақы  қорларының ақшалай салымын 1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын  енгізу кезінде құнсызданудан  қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді  айырбастау (конвертация) (бір валютаны  қолданыстағы валюталық бағам  бойынша басқасына айырбастау; қағаз  ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);

- депозитгердің (оның  ішінде заттай және талап етілгенге)  кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы; Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға мыналар кіреді:

1) несиелік қатынастар  технологиясы;

2) несиелік тәуекелділік.

Коммерциялық банктің  пайдасын басқарудың құрамдас элементтері  бұлар:

- банк кірістерін басқару;

- банк пайдасын қалыптастыруды  бақылау;

- сандық және сапалық  тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы  мен пайда деңгейін бағалау;

- банктік өнім мен көрсетілетін  қызметтің тиімділігін бағалау.

Коммерциялық банктің  өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның іс-әрекетіне  берілетін сапалық сипаттама  болып табылады. Ол коммерциялық банктің  активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы  және шығынсыз есебінен салымшылардың  қажеттіліктілектерін қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Хамитов Н.Н. Банк  ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.

2. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.

3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.

4. Указ Президента РК, имеющий силу Закона «О банках  и банковской деятельности в  РК» от 31 августа 1995г.

5. Финансовый анализ: Учебник /Под ред. Ефимовой О.В.- М.: Бухгалтер, 2002г. — 528с.

6. Финансовый анализ в  коммерческом банке: Учебник /Под  ред.Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. — 256с.

7. Финансовый анализ в  коммерческих и некоммерческих  организациях: Учебник /Под ред.Гвозденко А.А.-М.:Финансы,2001г. — 320с.

 


Информация о работе Банк менеджментіне жалпы сипаттама