Басқару имиджі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:17, доклад

Описание

«Жоғары оқу орнының имиджі - көп жағдайда саналы түрде қалыптастырылған, мақсатты көрсеткіштермен бекітілген, қоғамның нақты топтарына психологиялық әсер ететін, мектептің эмоционалды боялған образы» - деп оқу орындарының имиджін қалыптастыру мен құрылымын сипаттаған М.С.Пискунов өз мақаласында айтып кетеді.

Работа состоит из  1 файл

реферат имидж.docx

— 19.73 Кб (Скачать документ)

«Жоғары оқу орнының имиджі - көп жағдайда саналы түрде қалыптастырылған, мақсатты көрсеткіштермен бекітілген, қоғамның нақты топтарына психологиялық әсер ететін, мектептің эмоционалды боялған образы» - деп оқу орындарының имиджін қалыптастыру мен құрылымын сипаттаған М.С.Пискунов өз мақаласында айтып кетеді.

Оқу орнының имиджінің  басты көрсеткіші ретінде «Имиджелогия» кітабының авторы В.М. Шепель бірінші кезекте, жетекшінің образын (оның қабілеттері, шарттары, келбеті, әлеуметтік - психологиялық сипаттамасы) көрсетеді ал одан кейін персоналының образы (әлеуметтік ақпарат, мәдени, кәсіби компеттентілігі, жеке сипаттамалары және т.б.), сонымен қатар, білім беру ретінде көрсетілетін сыртқы ортасы, мектеп стилі, мектеп ортасының ыңғайлылық деңгейі, білім беру қызметінің құны және сыртқы атрибуттары. .

Имиджді қалыптастырудың  басты мақсаты - бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату.  

Барлық ғалымдардың пайымдауынша, оқу орнының имиджін қалыптастыруды оқытушылардың маңызы зор.

Комкон-2 евразия орталығының  көрсеткен деректері бойынша, 1600 сұралған адамның 36 %-ы басқа заттардан  бас тартып, өзінің білім алуына бар ақшасын жұмсауға даярлығын  бңлдңрдң. Себебі,  тек адамның  білімі әлеуметтік статусын көрсетеді. Ал, ЖОО таңдауда, жоғары репутациясы  бар ЖОО басты орындарға ие болады.

ҚР Болондық процеске қатысатындықтан, білім беру жүйесі жоғары деңгейге көтерілу тиіс.

Персонал имиджі - педагогикалық құрамның жалпы көрінісі: мобильділік, тиянақтылығы, ақпараттандырылуы, кәсіби дайындығы, мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы, тартымдылығы.

Ұйым  имиджін экономистер, маркетологтар, менеджерлер, психологтар, PR мамандары, дизайнерлер мен жарнама салаларын  зерттеушілер айналысады. Осы уақытқа  дейін саяси жарнама мәселелерін  талдаулардан кейін, саяси кеңес  беру төңірегінде зерттеулер жүргізе  бастағандықтан, жоғарғы оқу орындарының  имиджі түсінігі жөнінде сараптаманы  жазуға итермеледі.

Жаз мезгілі  мектеп оқушылары мен ата-аналардың  жоғарғы оқу орнын таңдау мезгілі  екені белгілі. Бүгінде жоғарғы оқу орнының имиджін қалыптастыруда оның сайты мен ғылыми басылымдарының болуы қалыпты жағдайға айналды. Еліміздегі үздік жоғарғы оқу орындары деңгейін сақтап отырған білім беру ордалары бұл қажеттіліктердің орнын баяғыда-ақ толтырып қойғаны анық. Жағымды имидж білім беру ұйымының негізгі мақсат-міндеттерін көрсетіп, оның құндылықтарын жоғарылатады. Керісінше, орын алатын жағымсыз имидж өсек, теріс көзқарастар қалыптастырып, білім беру қызметінен бас тартушылардың санын арттырады.

Жоғарғы оқу орнының имиджін жақсарту міндеті білім беру ордасының  тауары (беретін білімі) мен қызметін нақты тұтынушылармен байланыс орнататын басшылыққа артылады. Себебі, аталмыш ұйымның қоғамдағы өз орнын табу үшін ұмтылатын стратегиясы мен ресми саясаты жағымды имиджге ықпал ететін маңызды фактор саналады. 
Жоғарғы оқу орнының имиджі адам санасында оқу орнының оқыту, ғылыми, тәрбие, қоғамдық қызметтері жөніндегі ақпараттардың сақталуы негізіндегі қабылдауы және бағалауы болып табалады. Жалпы бұл түсініктің мазмұны екі құрамдас бөліктен тұрады:

1) ұйым  қызметінің бейнесін көрсететін  ақпараттың түрі;

2) бағалаудан  тұратын қарым-қатынастар түрі.

Біріншісі, имидж айқындалатын қоғамға жіберілген барлық ақпарат. Вербальды, бейвербальды және нышандық ақпараттарды жүйелендірген жөн. Ақпараттың бұл түрлеріне жоғарғы оқу орнының ғимараты, әкімшілік және оқу корпустары, ішкі бөлмелер өрнегі, оқытушылар мен студенттердің киім стилі, өзара қарым-қатынастарындағы ерекшеліктер жатады. Ғимараттағы естілетін дыбыстар мен жағымды иіс оқу ордасының өңір мен қаладағы білім беру, әлеуметтік және бизнес кеңістіктегі бейнесін айқындайды. 
Екінші, жоғарғы оқу орны имиджінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын оның миссиясы мен тарихы саналады. Жоғарғы оқу орнының ректоры, түрлі қызмет салалары бойынша проректорлар, факультет басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер білім беру ұйымының имиджін қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы барлық ақпарат, түрлі акциялар, жұмыс кездесулері білім беру ұйымының тұрақты мифтерін жасайды.

Білім беру ордасының тауары (білімі) мен қызметінінің имиджі.

Бұл көрсеткіш  білім беру ұйымының студенттерге беретін  білімімен өлшенеді. Мұның негізгі  сапалық құндылығына оқу ордасының  мемлекеттік лицензияға ие мамандығы, мемлекеттік органдардан аттестация мен аккредитациядан өтуі, бітіруші түлектің мамандығы бойынша жұмысқа  орналасуы және ЖОО-ның оған ықпалы, оның бәсекеге қабілетті болуы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, әкімшілік  арасындағы өзара байланысындағы сыйластық  қатынастары жатады.

Білім беру қызметіне қажетті саналатын  келесі ерекшеліктерге де мән берген жөн: негізгі қажетті нышандар (атауы, әнұран, санада тез жатталатын логотип, ту, ғимараттарының орналасу орны мен  архитектуралық көрінісі, дизайны, аудиториялардың  ішкі жағдайы); қуаттаушы, бекітуші нышандар (төлемақысы, жоғарғы оқу орнынан  кейінгі қайта даярлау және біліктілігін арттыру мекемесінің болуы, әлеуметтік кепілдіктер).

Білім беру қызметін тұтынушылар имиджі. Студенттер, олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, ғылыми қызметкерлер өмір салты олардың  қоғамдық мәртебесін көрсетеді. Ол әлеуметтік-психологиялық  тұрғыда айқындалып, өмір салтының келесі үш бөлігін көрсетеді: жеке тұлғалық құндылықтары (өз қызметін бағалау, жұмыс  жасау стилінің көрсеткіші мен нәтижесі, студенттердің білім алуға ұмтылысы); тұлғаның мүдделері мен көзқарастарын  айқындайтын құндылықтар жүйесі (шәкірттерінің білім алуын ойлау  немесе жеке басын ойлау, сыбайлас жемқорлыққа  ұйытқы болуы, ұжым арасындағы өзара сенімсіздік); тұлғаның белсенділігі. 
Жоғарғы оқу орнының ішкі имиджі. Бұл тұста ұйым туралы өз қызметкерлері мен студенттерінің көзқарастары арқылы имидж қалыптасады. Түрлі сыртқы аудиторияға берілетін имидждік ақпараттың маңызды көзін профессор-оқытушылар құрамы жеткізеді. Жоғарғы оқу орны туралы қызметкерлері мен студенттерінің пікірі білім беру ұйымының имиджін қалыптастыру мен қолдаудың маңызды мызғымас құралы. Ішкі имидждің негізгі көрсеткішіне ұйымдастырушылық мәдениеті, қызметкерлерді басқару, білім беру ортасы мен оның әлеуметтік-психологиялық ахуалы жатады.

Жоғарғы оқу орнының визуалды имиджі. Білім беру ұйымы көрінісіне оқу ғимараттарының, аудиторияларының сыртқы келбеті, оқытушылар мен студенттердің мінез-құлқы жатады. Имидждің мұндай түріне жеке, психологиялық және этникалық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сән үлгісі ретінде саналатын әлеуметтік факторлардың да әсері мол. 
Жоғарғы оқу орнының әлеуметтік имиджі. Білім беру ұйымының мемлекеттегі, өңір мен қаланың экономикалық-әлеуметтік өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мақсаттары да имиджді айқындайды. Жастарға жоғарғы білім беру және тәрбиелеу, ғылыми қызметті қарқынды түрде ұйымдастыру, өңірлік ірі жобаларға қатысу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы қызметін де ерекше атап кеткен жөн.  


Информация о работе Басқару имиджі