Басқару ғылымының пәні мен әдiсi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 21:50, реферат

Описание

Басқару ғылымының пәні әр-түрлі тізбектерінде және басқарудың әр-түрлі деңгейлерінде материалдық құндылықтарды өндіру саласында басқарушылық қатынастар болып табылады (олардың мәні, жүйесі мен өзара байланысы).
Ғылымның мазмұны – өндірісті басқарудың заңдылықтарын зерттеу, басқарылатын және басқаратын жүйелердің бірлігі мен арақатынастылығы.
Басқарудың негіздерін зерттеу кезінде теориялық және әдістемелік келістер болып табылады: тарихи, кешенді, жүйелік, құрылымдық, жүйелік-құрылымдық.
Басқару ғылымы басқа ғылымдардың категорияларына сүйенеді – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық.

Работа состоит из  1 файл

менеджмент.doc

— 31.00 Кб (Скачать документ)

Басқару ғылымының пәні мен әдiсi

Басқару ғылымының пәні әр-түрлі тізбектерінде  және басқарудың әр-түрлі деңгейлерінде  материалдық құндылықтарды өндіру саласында басқарушылық қатынастар болып табылады (олардың мәні, жүйесі мен өзара байланысы). 
        Ғылымның мазмұны – өндірісті басқарудың заңдылықтарын зерттеу, басқарылатын және басқаратын жүйелердің бірлігі мен арақатынастылығы. 
Басқарудың негіздерін зерттеу кезінде теориялық және әдістемелік келістер болып табылады: тарихи, кешенді, жүйелік, құрылымдық, жүйелік-құрылымдық. 
         Басқару ғылымы басқа ғылымдардың категорияларына сүйенеді – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық.  
         Өндірісті басқарумен барлық қатынастар тығыз өзара әрекеттеседі, демек, өндірісті басқару әлеуметтік басқарумен қабысады, жалпы оның негізін құрайды. Сипатына байланысты өндірісті басқару қатынасы жеке аралық, жүйе аралық және аралас болып жіктеледі. 

Басқару ұғымы және мазмұны

Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің  қара басына пайда табушылар”,ал маркетингті “жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі” деп есептеп келдік.Бұрын “менеджмент” және “менеджер” ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды.Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып,адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін,оларды арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді.”Менеджмент” сөзін қазақшаға аударатын болсақ,онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету болып шығады.Менеджмент ағылшын сөзі,оның түп төркіні гректің монус,яғни қол күш деген сөзінен шығып,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.

Басқару қатынастары  және өндірісті басқару

Менеджмент  пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық,қаржылық,ақпараттық ресурстармен басқаруды игереді.         

Менеджмент дегеніміз  – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайдалану молайту мақсатында  қолданылатын принціптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.        

 Менеджменттің  міндеті тиімді өндірістік күшке  ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт  беру:

·       Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

·       Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбекақымен  ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;

·       Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

·       Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

·       Нақты мақсаттарды анықтау;

·       Мақсаттардың басымдылығын, олардық кезектілігін,шешімдердің дәйектәләгән анықтау;

·       Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

Басқару әдiстерiнiң жиынтығы

Бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу  процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Басқарудың шеберлігі  осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған   мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда.


Информация о работе Басқару ғылымының пәні мен әдiсi