Басқарудағы коммуникация процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 15:10, реферат

Описание

Әлемдік қоғам қазіргі уақытта нағыз ақпараттық революцияны басынан өткізуде.Ақпарат күнделікті қажеттілік болып танылады. Бұл жерде сөз мақсаттар және оларға қол жеткізу тәсілдерін таңдау, жоспарлау, нарықтағы қимылдар, қызметті баылау туралы бола бермек . Ақпараттандырудың жаңа заманға сай процестері, тұтынушыға ақпараттың жеткізілуін қаматамасыз ететін қоғам өмірінің маңызды факторларының біріне айналды және де қоғамдық өндірістің барлық салаларында басқарудың тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Содержание

Кіріспе
I. Мәлімет туралы түсінік, оның қозғалысы
1.1. Мәліметтерді жіктеу
II. Басқарудағы коммуникация процесі
2.1. Коммуникация түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Реферат мн.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

    Вербалды коммуникация – жіберілетін  ақпаратты кодтау үшін қолданылатын  тіл мен сөздер таңдауы.

    Вербалсыз коммуникация – бет-әлпеттің қозғалысы, интонация, дауыс тембрі.

    Ақпаратты жіберу. Жөнелтуші коммуникациялық  құралдарды пайдалана отырып, ақпаратты  алушыға жіберуі керек. Көптеген  ұйымдар ұйым мүшелерін ақпаратпен  қамтамасыз ететін информатик мамандармен қамтылған.

    Декодтау. Ақпаратты алушының ойындағы  жөнелтуші символдарының аудармасы.  Алушы ақпаратты жіберілген ескерту,  сынау, зерттеу немесе көмек  ретінде қабылдауы мүмкін.

    Декодтау процесі ақпарат алушының  жіберілген ақпаратты немесе жағдайды қалай түсінгендігіне байланысты. Ақпаратты алушыдан да жөнелтуші жіберген ақпаратты дәл анықтауы талап етіледі.

    Шу. Комуникация процесіне кері  әсерін тигізушілер. Ақпаратты  жіберу тарихында дабыр мағынаны  бұзушы саналады. Дабырдың кесірінен кодтау немесе декодтау процестері кезінде ақпараттың мағынасы өзгереді.

    Кері байланыс – бұл екіжақты  байланыс:

    • ақпаратты алушының ақпаратты алғандығын көрсетеді;
    • ақпаратты алушының ақпараты түсінгендігі жөніндегі ақпараттармен жөнелтуші құлақтанады;
 

                                 2.1. Коммуникация түрлері

    Коммуникация бағыттары. Ақпарат  ұйым ішінде бір деңгейден  екінші бір деңгей шеңберінде  вертикальді түрде алмасады. Ұйым  ішіндегі бөлімдер мен бөлімшелер  арасындағы ақпарат алмасулар көлденең бағытта жүзеге асады.

    Персоналаралық қатынастар және  бейресми коммуникациялар. Екі  адам немесе топ арасындағы  қатынастар, сонымен қатар коммуникация  процесі кезіндегі климат та  жіберілген немесе алынған ақпараттың  анықтығына әсер етеді. Егер адамдар бр біріне сенсе, олардың арасындағы коммуникация да барынша анық және ашық болады.

   Бейресми коммуникациялар ұйымда «жүзім сабағы» деп аталатын коммуникация үрдісін құрады. Жұмысшылар қатынастарын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ұйым ішінде шешім қабылдағанда немесе басқа да қызметтерде жұмысшыларға эмоцианалды жауап береді. Менеджерлер және ұйымның басқа да мүшелері ұйымның барлық қызметтерінде «жүзім сабағы» үлгісін кездестіреді.

       Көпмәдениетті және көпұлтты коммуникациялар. Мәдениеттердің әртүрлілігі коммуникация процесінің дамуына әсер етеді. Мысалы, персоналдардың әртүрлі мәдениетке деген қатынастарының көптеген түрлері болады.

    Ақпаратты алушы ақпаратты басқа  бір мәдениет арқылы түсінсе,  қате коммуникацияның орын алғандығы. 

    Вербалды және вербалсыз стильдердің орынды немесе орынсыз қолданылуы мәдениетаралық коммникациялардың дамуына өз әсерін тигізеді.

    Жетілген коммуникация – географиялық, кәсібилік, функционалдық, әлеуметтік  әртүрліліктер арқылы адамдардың  негізгі құндылықтардың, талпыныстар мен қалауларының кеңеюін талап етеді.

     Коммуникацияның дамуын жетілдірудің  келесі жолдары бар:

    • коммуникацияға көмектесетін климаттың құрылуы;
    • ұтымды коммуникациялық қатынастардың қолданылуы;
    • «тыңдай білу» белсенді техникасының қолданылуы;

  
 
 
 
 

                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

    Нарықтық экономика жағдайында  коммуникация рөлі арта түседі. Басқару құрылымын, олар атқаратын  қызметінің құрамы мен мазмұнын  түбегейлі өзгерту коммуникацияның  дұрыс жүзеге асуына, ақпараттың мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау-экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.

    Әміршілдік-әкімшілдік жүйелерді қайта құру жағдайындағы өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дербестік алуы, басқару шешімдерінің көпшілігін негізгі буын деңгейіне ауыстыруды талап етеді, демек, осыған орай мәліметерді қалыптастыру мен тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болады деген сөз.   

     Актуалды ақпараттық ресурстар  және дұрыс жоспарланған автоматтандырылған ақпараттық жүйе бүгінгі күнде менеджердің кез-келген салада тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиетер тізімі: 

  1. Н.П.Резникова, Е.В.Демина – Менеджмент в телекоммуникациях
  2. Ахметов – Менеджмент  негіздері
  3. Г.Саймон, Д.Смитбург, В.Томпсон – Менеджмен в организациях
  4. www.google.ru

Информация о работе Басқарудағы коммуникация процесі