Басшылық стилі менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 11:58, реферат

Описание

Басқарудағы автократиялық лидер авторитарлы. Автократиялық басқарушы өзінің айтқанын орындаушыларға істету үшін жеткілікті билікке ие болып, керек кезінде құбылмай осыған жүгіну немесе сүйенуі керек. Автократ өзінің өте төменгі деңгейдегі бағынушыларының қажеттілігін әрқашанда өтеуге тырысады.
Лидерлік саласында әлемге әйгілі ғалым, американдық менеджмент теорияшылы Дуглас Мак Грегор автократиялық басқарушының «Х» теориясының жұмысшыларына қатынасын айтқан. Ол адам факторына ерекше көңіл бөлген алғашқы авторлардың бірі. Өзінің жұрқа белгілі «Кәсіпорынның адамгершілік жақтары» кітабында басшылықтың өктемшілік (автократиялық) және либералдық (демократиялық) түрлерін ажыратып көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Басқару стилі.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

Кадрларды іріктеу түсінігі. Кадрларды іріктеуге – оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының  сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау  маңызды.

Кадр бөлімінің мақсаты  – үміткелердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.

Үміткерлердің келесідей  жалпы сапалары болуы тиіс:

  • жоғары біліктілік;
  • жеке бас сапалары;
  • білімі;
  • кәсіби тәжірибесі;
  • алдыңғы жұмысынан алған тәжірибесі;
  • айналасындағылармен тіл табыса алуы.

Үміткердің сапасына қойылатын талаптар. Кәсіби сапалары:

  • өз  мамандығы бойынша біліктілігінің жоғары дәрежелігі;
  • көп кешенді жұмыстарды орындауға мүмкіншілік беретін басқа кәсіп пен мамандықты жергілікті деңгейде меңгеруі;
  • жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретіндей жақсы денсаулық және дене шынықтыру дайындығы;
  • жинақтылық, ұқыптылық, ұйымшылдық және т.б

Кәсіби сападан басқа  маманның жеке басының сапасы жоғары болуы қажет. Тәжірибеде көбірек  кездесетін іріктеу тәсілдері:

  • анкеталық мәліметтерді талдау;
  • анкета жүргізу;
  • әңгімелесу;
  • жеке басының кейбір қасиеттерін психологиялық тест арқылы білу.

Менеджер қызметінің бос орнына үміткерлерді іріктегенде  персоналды бағалау мен іріктеудің арнайы әдістері қолданылады.

 

 

    1. Персоналдың еңбек қорларының дамуы

 

      1.  Персонал еңбегінің нәтижесін бағалау

 

Персоналды бағалау- ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін  ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды  анқытайтын процесс.

Әр персаналды жеке бағалаудың мәселесі – төмендегі қызметтерді  дұрыс шешу:

  • Марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау
  • Басқару
  • Персоналды дамыту
  • Қызметкерді тиімді пайдалану
  • Еңбек мотивациясы

Бағалау рәсімдерін бағытына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлады.

    1. бағалайтын объект бойынша:
  • іс - әркеті
  • мақсатқа жету, нәтиженің саны мен сапасы, жеке бастың қосқан үлесі және бөлім мен ұйымның жалпы нәтижесіне қосқан үлесі
  • жұмыскерлрдің жеке басына тән қасиеттің болуы.
    1. мәліметтеріне қарай бағаланатын көздер:
  • іс қағаздары
  • кадрлармен әңгімелесі нәтижесі
  • жалпы және арнайы дайындалған тестердің нәтижесі
  • пікірталасқа қатысудың нәтижесі
  • өндірістік тапсырманың орындалуы жайлы есеп беру немесе қиын жағдайларда көрсеткен мінезі.
    1. белгілі  бір көзден алынған мәліметтер арқылы бағалау рәсімерін жүзеге асыру.
    2. ең жақсы немесе нашар көрсеткіштерді бағалау және таңдауға сәйкес қолданылатын критерийлер бойынша.
    3. субъектілер бойынша
    4. контингентті қамту дәрежесі бойынша
    5. мерзімі бойынша.

 

 

      1.  Персоналды оқыту

 

Персоналды дамыту деп  жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағыталған іс – шаралардың жиынтығын  айтамыз. Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:

  • Жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім, тәжірибе жинақтатып және кәсіпті игеруге оқыту:
  • Біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі-дамушы ҒТП-ке байланысты кәсіби білімі мен тәжірибесін жақсарту;
  • Жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде оқыту;
  • Мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең.

Алдыңғы қатарлы ұйымдар  өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына еңбекақы қорының 2 % -дан  10%-ға дейін құрайтын айтарлықтай қаржы жұмсайды. «Дженерал моторс» сияқты компанияларда бұл сома жылына 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

Кәсіби оқыту –  персоналды дамытудың маңызды факторы.

Оқытуды ұйымдастыру  мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың екі түрін көрсетуге болады:

  • Нақты мамандандырусыз
  • Нақты мамандандыру.

Оқытудың әдістері:

  • Дәріс.
  • Топпен талқылау.
  • Жағдайды қолдан жасау.
  • Жағдайды талдау.
  • Басқару ойындары.
  • Модельдеу.

Қазіргі замандағы ұйымдарда  кәсіби оқыту деп келесі кезеңдерден тұратын кешенді үзіліссіз процесті айтады:

  • Қажеттілікті анықтау;
  • Жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту;
  • Жетекшілер мен мамандар үшін жыл сайынға оқыту;
  • Біліктілікті жоғарылату.

 

 

 

 

 

 

      1.  Персонал мотивациясы

 

Еңбек мотивациясы – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс - әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек мотивінің құрамына мыналар кіреді:

  • Қызметкерді қанағаттандыратын – қажеттілік:
  • Осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар – игілік;
  • Игілікті алуға қажет – еңбектік іс - әрекет;
  • Еңбектік іс -әрекетті орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моральдық тұрғыдан шығындар – баға.

Мотивация – бұл, өзін және басқаларды өзінің жеке бастық мақсатына  немесе ұйым мақсатына жету үшін жандандыратын, ынталандырып құлшындыратын процесс.

Мотивацияны басқару  міндеттеріне жататыны-амалдар мен  құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін ішкі қозғаушы күшті (мотивтерді) пайдаланады.

Әр адамның мінез-құлық  ерекшеліктерінің өзіндік себептері бар. Біреулер жұмысқа жанын сала кіріседі, ал екінші біреулер қасақана бас тартады. Мұндайда мінез-құлықтағы мұндай ерекшеліктердің себеп-салдарын іздестіру қажет.

Біреудің тапсырмасымен  адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп  жатқандығын басшы әрқашанда біліп отыруы тиіс. Кезінде адамдарды қорқытып-үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, келе-келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, оларды басқару күрделене түсті.

Бұл бағыттағы алғашқы  жүйелі зерттеулер, біз жоғарыда атап көрсеткендей, АҚШ-та Э.Мэйо және оның қызметкерлері “Вестерн Электрик”  компаниясындағы Хоторне заводында  жүргізген болатын. Бұл зерттеулер көп жылдар бойы жүргізілді. Мұнда сыртқы жағдайлар, климат, жұмыс бөлмесі мен машиналардың жарықтануы, сырлануы, жұмыс орнын ұйымдастыру, өндіріс процестерінің ара шамасын реттеу т.б. жайттар зерттеледі.

Эксперименттер нәтижесін  бағалау үшін қолайлы жағдай жасалды. Нәтижесінде байқалғаны: адамдар өзін құрметтеуді ұнатады.

Алайда, Хоторндегі эксперименттер мотивация моделін бере алмайды, мұнда еңбекке қозғау салатын, жұмысты  ілгері бастыруға ықпал ететін себептер толық ашылмайды.

Мотивацияның мәнін, сондай-ақ концепциялары мен ықпалдарын айқындайтын толып жатқан зерттеулер бар.

Мотивацияның мазмұндық  теориясы, адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей  талаптануды (қажеттілікті) теңдестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдеріне А.Маслоу, Д.Маккеланд, Ф.Герберг және басқалар жатады.

Мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық) теориясы біршама кейінірек  пайда болған. Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың  өздерін қалай ұстайтындығына негізделген. Мотивацияның бұл категориясына Портер Лоулердің үміттену теориясы (теория ожидания), әділдік теориясы және мотивация моделі жатады.

 

 

      1.  Кәсіпорындардағы қызметкерлердің біліктілік талабы

 

Мансап – бұл адамның  өз еңбегі жайлы субъективті түрде  ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс - әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері.

Әрбір адам өз өмірінде лайықты  мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл  бөлген. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі  келеді.

Менеджерлерді шартты түрде үш категорияға бөледі:

  • Төменгі машықтанушы деңгей;
  • Орта шеп;
  • Жоғары буын.

Әлемдік менеджмент тарихында  табысты мансаптың ең ашық мысалы: Ли Якоккидің «Форд моторс» компаниясының  инженер-стажерынан оның президенті қызметіне  дейін жеткен жолы куә бола алады. Қазір ол әлемдегі ең ірі «Крайслер» автогигантының жетекшісі.

Мансаптың екі түрі болады: кәсіби және ұйым ішіндегі.

Кез келген мансап бір  нәрсеге қол жеткізу үшін жасалады, осылайша жылдар бойы өзгеріп отыратын қоғаушы мотив пайда болады. Осылардан  бастау ала отырып, олардың нақты мақсаттарына жету үшін адамдар белсенді түрде өз күшін жұмсайды. Мұндай мотиверге келесілер жатады:

  • Автономия;
  • Функционалды біліктілік
  • Қауіпсіздік және тұрақтылық;
  • Басқару біліктілігі;
  • Кәсіпкерлік креативтік;
  • Біріншілікке деген қажеттілік.
  • Өмір сүру мәні;
  • Материалдық жағдайы;

Мансапты дамыту деп  қызметкерлер өз жоспарын орындаудағы  жасаған іс - әрекеттерді айтады. Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «шатырман»  сияқты модельдерінің бір – бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты аяқтай отырып, қарастырылған тақырыпқа  байланысты бірнеше қорытынды жасауға  болады:

  • «Қазақстан Республикасындағы  еңбек» туралы заңы еңбек қатынастары саласында туындайтын мәселелер санын қысқартуға, жұмыс беруші мен қызметкер үшін қарастырылған көптеген міндеттемелер мен құқықтарды орындауға көмектеседі;
  • жоспарлау процесі, песоналды жинақтау және іріктеу проблемалық болып табылады, және сонымен қатар бұл процесстер кез-келген ұйымның өміріндегі қажетті процесстер болып табылады. Басшының маңызды міндеті – осы процестерді оптимизациялау, оларды максимальды түрде тиімділеу болып табылады.
  • Персоналды оқыту, персонал мотивациясы, қызметкерлер біліктілік дәрежесін бағалау – кадрлар потенциалының өсіруіне, ұйым алдында тұрған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға деген күшті мотивациясы, жоғары мүмкіндіктері бар еңбек қорларын құруға әсерін тигізеді.

 Өнімділік мөлшері  жұмыс істейтіндердің санын есептеу  үшін, еңбек өнімділігін жоспарлауда, еңбекақы төлемін, еңбек өнімі бірыңғай және натуралды шамамен өлшенетіндей өндірістің түрлерін ұйымдастыруға қолданылады.

Қызмет көрсету мөлшері  еңбекті мөлшерлеу үшін және көп  станакта жұмыс істейтін негізгі  жұмысшылардың санын есептеу үшін, сонымен бірге бірқатар көмекші жұмысшылардың кәсібін анықтау үшін қолданылады. Ықзмет көрсету мөлшері деп бір жұмысшымен немесе сәйкес біліктілігі бар жұмысшылар тобымен қызмет көрсетілетін жұмыс орындарының немесе басқа да объектілердің, өндірістік алаңдар мен құрал-жабдықтар бірлігінің саны деп түсіну керек.

Мотивацияны басқару  міндеттеріне жататыны-амалдар мен  құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін ішкі қозғаушы күшті (мотивтерді) пайдаланады.

Әр адамның мінез-құлық  ерекшеліктерінің өзіндік себептері бар. Біреулер жұмысқа жанын сала кіріседі, ал екінші біреулер қасақана бас тартады. Мұндайда мінез-құлықтағы мұндай ерекшеліктердің себеп-салдарын іздестіру қажет.

Біреудің тапсырмасымен  адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын басшы әрқашанда біліп отыруы тиіс. Кезінде адамдарды қорқытып-үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, келе-келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, оларды басқару күрделене түсті.

Информация о работе Басшылық стилі менеджменті