Басшылық стилі менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 17:58, реферат

Описание

Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары. Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Работа состоит из  1 файл

Басшылық стилі менеджмент.docx

— 22.84 Кб (Скачать документ)

Басшылық  стилі 

     Басшылық  стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары. Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

     Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек  өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.

     Басшылық  стилі тұрақтылығымен, амалды жиі-жиі  қайталамауымен ерекшелінеді. Бірақ  мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша  стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың  тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық-бұл  ырғақтылық, және де басшылық ете білу-бұл басшылық стилін өзгерте білу».

     Басшы жұмысшының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

     Басқару тәсілі-басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер  мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді  қамтамасыз ету.

     Басшының  дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл  ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны  түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі  объективтік факторлардың ықпалымен  қалыптасады:

  1. Іс-әрекет сипаты;
  2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
  3. Психологиялық қасиет;
  4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

    Стильдің  қалыптасуы-бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан  сипатта тексерілген тәсілдер мен  амалдарды қолдана білуі тиіс.

    Стиль түрлері және олардың  сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

    Стиль дегеніміз-әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы  мен снімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың  ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

    Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет  елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше  жіктеледі.

    Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша  бөледі:

  1. Бір жақты автократтық стиль;
  2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
  3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі;
  4. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;
  5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

    Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

    Ең  қолайлысы коопаеративтік стиль-«жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді  жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.

    АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару  жүйесі деп аталады):

  1. Қызметті беру стилі;
  2. Міндетті бөлісіп басқару;
  3. Ерекшелеу тәсілімен басқару;
  4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.
  5. «Қызметті беру стилі» әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.
  6. «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндетті бірлесір қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
  7. «Ерекшелеу тәсілімен басқару» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.
  8. «Жүйені ретке келтіру арқылы басқару» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.

    Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.

    Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы қызметкерлерге қарайлайды.

         Мұндай стильдегі басшы тәртіп  бұзушыға қатаң талап қоймайды,қарамағындағылардың  білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

         Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды.Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,берекесіздік,тәртіптің

бетімен кетушілігі орын алады.

      Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады.Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған.1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынады.

         Авторитарлық стильге (батыста  мұны тиімсіз деп есептейді  және де мүлде дерлік кездеспейді)  шешімді бір адам қабылдайды,ол  жарлық,бұйрық түрінде келеді.Бұйрық  талқыланбайды,күдіктенуге хақың  жоқ.

         Автократ бағыныштыларының іс-әрекетіні  өз жауакершілігіне алады. Тек  қажетті мәліметтер жөнінде ғана  пікір алысып,өз жоспары туралы  әңгіме қозғамайды.

    Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағыларды қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейреси топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчествалық  белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басшының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның  құрылымына байланысты. Егер басшы  өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады.

    Авторитарлық  стильдің алуан түрлі нышаны болады:

  • Патриархалдық: барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиіс, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;
  • Харизматикалық (харизм-Құдай шапағаты): лидерді ең көрнекті дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
  • Автократтық: жеке адамдардан горі институтқа тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстациялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады;

    Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.

    Демократ  басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына  айтылған сын-ескертпелерді дұрыс  қабылдайды, бағыныштыларменқарым-қатынас  жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда  бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымңың басшысы емес, соның  бір мүшесі ретінде әрекет етеді.

Мұндай  басшы жақсы ұйымдастырушы,ұсақ-түйекті  елемейді, басты назарын түйінді  міндеттерді шешуге щоғырладырады.Өзінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді  дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен  санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметіндегі жауапкершіліктерді қарамағындағыларға сеніп тапсырады.

        Қарамағындағыларға нақты міндет  те,нұсқаулар береді. Тиісті жерінде  мадақтай да, жазалай да біледі. Жұмыс тәсілін әділ бағалайды.  Өзіне-өзі қатал,жұмысты құлшына  істейді,құрмет пен қошеметті  күтпейді. Мұндай жағдай ұжымда  белсенділік, творчествалық ахаул,  ауыз біршілік туғызады.

        Әрине,өмірде аталған стильдердің  арасында айқын шекара жоқ.Барлығыда  өте күрделі. Басшы үнемі адамдар  арасында болады,ал олар оның  жұмыс стилі мен тәсілін мақтап, кейде кінәлап отыруы мүмкін.

        Біз басшылардың 3 түрлі стильдеріне  сипаттама бердік,бірақ практикада 

мұнымен шектелмейді.Туа біткен кемістік қашан  да болсын байқалады.Дұрыс 

бағытты,ойластырған  мінез-құлықты таңдау,жұмыс бабындағы,нақты  әңгімедегі жағдайда тез шешім қабылдап,лезде  жауап қайтару әркімнің қолынан  келе бермейді.Басқаша айтқанда,мұның  өзі әр адамның шама-шарқына,білім  дәрежесіне байланысты қасиет.

     
     
     
     
     
     
     
     

    Халықаралық Бизнес Университеті 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Тақырыбы: Басшылық стилі 
     
     
     
     
     

    Орындаған: Нурлыбаева Балнур 202 топ 

Тексерген: Айдарханова  Райхан Аймағанбетовна 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Алматы 2009 жыл

Информация о работе Басшылық стилі менеджмент