Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:36, доклад
Инвестициялық іс - әрекетті сақтандыру үшін мол қаржы қажет. Қазақстандық сақтандырушылардың жеке мүмкіндіктері жетімсіз болып отырған жағдайда сенімді қайта сақтандыру қорғанысының маңызы зор. Отандық қайта сақтандыру жүйесі , жеке мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жағдайда , халықаралық қайта сақтандыру компанияларында ірі тәуекелдер бойынша жауапкершілікті сақтандыруды қамтамасыз етуге арналған. Бұл бағытта сақтандыру пұлдары көп істер атқара алады.
Инвестициялық
процестерді сақтандыру.
Инвестициялық іс - әрекетті сақтандыру
үшін мол қаржы қажет. Қазақстандық сақтандырушылардың
жеке мүмкіндіктері жетімсіз болып отырған
жағдайда сенімді қайта сақтандыру қорғанысының
маңызы зор. Отандық қайта сақтандыру
жүйесі , жеке мүмкіндіктерін барынша
пайдаланған жағдайда , халықаралық қайта
сақтандыру компанияларында ірі тәуекелдер
бойынша жауапкершілікті сақтандыруды
қамтамасыз етуге арналған. Бұл бағытта
сақтандыру пұлдары көп істер атқара алады.
Қайта сақтандыру – шетелдік инвесторлардың
Қазақстанға келуіндегі және батыстық
несиелердің берілуіндегі шарттардың
бірі. Ал қайта сақтандыруға байланысты
валюталардың шетелдерге ағуы шығындарды
төлеу арқылы өтеуде. Сондықтан да ұзақ
мерзімді жоспарда қайта сақтандыру қаржы
ағымның балансында болмақ .
Инвестицияны сақтандыру дегеніміз не?
Кәсіпкерлік және қаржы инвестицияларын
сақтандыру бар. Қаржы инвестициялары
тек инвесторға пайда әкелетін құнды қағаздарды
сатып алу ғана емес , қаражат жұмсау қауіпсіздігін
белгілі бір дәрежеде кепілдік беру деген
сөз. Қаржы рыногындағы операциялар сақтандыру
объектісі ретінде сақтандырудың басқа
дәстүрлі объектілерімен салыстырғанда
үлкен өзгешелігімен ерекшеленеді.
Құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі
келісімдерді сақтандырған кезде сақтандыру
арқылы жабудың бірнеше тәсілдері болуы
мүмкін.
- капитал салудың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін деңгейде инвестордың жылдық табысы
сақтандырылады ;
- дивиденттің жарияланған мөлшері мен
дивиденттер есебіне алынған төлемдер
арасындағы айырмашылыққа тең дәрежедегі
көлем сақтандырылады ;
- акцияның номиналдық құны немесе нақты
төленген сома мөлшеріндегі акцияны не
басқа құнды қағаздарды сатып алуға салынған
капиталдан айырылып қалу қаупі сақтандырылады
;
- құнды қағаздарды сатып алуға жұмсаған
қаражаттан айырылып қалу қаупі ғана емес
, капиталды (не өткен жыл үшін нақты төлемді)
қауіпсіз жұмсау пайдасының көлемінде
айырылып қалған пайда да сақтандырылады.
Құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі
келісімдерді сақтандыруға мүмкіндік
беретін жоғарыда келтірілген бағыттардың
әр қайсысы сақтандыру компаниялары алатын
жауапкершіліктің түрлі дәрежесін көрсетеді
, әрі ставкалардың түрлі деңгейін ғана
емес , сақтандыру төлемінің көлемін де
айқындайды. Ставка мөлшері сатылып алынған
құнды қағаздар түріне , олардың номиналдық
құнына , сатып алған сәттегі нарқына,
эмитенттің қаржы жағдайына , сондай –
ақ қауіпсіздік үшін қайта сақтандырудың
көлеміне , франшиза (шығынның өтелмейтін
бөлігі)
мөлшеріне байланысты.
Бұл жерде сақтандырушы үшін , барлық сандарды
, үшінші тұлға – сақтандыру компаниясы
арқылы реттеудің мүмкіндігі туады. Және
ол
осындай жағдайда әріптесімен арадағы
жақсы қарым – қатынасын сақтап қала алады.
Өйткені сақтандырушы сақтандыру компаниясынан
төлем алған соң рыногындағы инвестицияларға
қызмет көрсету іс - әрекетін сақтандыру
шараларына қаржы рыногында жұм ыс істейтін
тұлғалардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды
, құнды қағаздар нарқын белгілеуде , индекстерді
есептеуде жіберілетін түрлі қателіктерден
сақтандыруды , биржалық емес айналымдағы
құнды қағаздар операцияларына қызмет
ететін электрондық жүйе жұмысындағы
үзілістерді сақтандыруды жатқызады.
Сөйтіп, инвестицияны сақтандыру , құнды
қағаздардың рыногқа шығу , инвесторға
қарай жылжу , қосалқы айналымда болу прцесіне
ықпал ететін басты факторлардың бірі
болып табылады. Ол қор рыногының әлемдік
стандарт бойынша дамуына , инвестициялық
айналымға қосымша қаржы ресурстарының
тартылуына және елдің қор рыногындағы
инвестициялық потенциалды жүзеге асуына
жағдай жасайды.
Дүниежүзілік тәжірибеде құрылыс жұмыстарына
тапсырыс берушілерді сақтандыру ісі
де кеңінен таралған. Мердігер тұлға жұмыстарды
көрсетілген смета шегінен шықпай аяқтауға
міндетті болған жағдайда сақтандырудың
мұндай түрі өзекті болады. Мұндағы тапсырыс
берушінің нақты қаупі құрылыс жұмыстары
үшін бөлінген қаражат біткен, ал құрылыс
әлі аяқталмаған жағдайда негізделеді,
бұл, тапсырыс берушінің алдында қайтадан
келісім – шарт жасау немесе жұмыстарды
бұрынғыдан да жоғары бағаға атқаруға
келісім беретін жаңа мердігерді іздеу
қажеттігі туындайды деген сөз.
Сақтандырудың мұндай түрінде әдетте,
мердігер келісім – шартта ескерілген
ерекшеліктерге сәйкес жұмыстарын аяқтайды
және тапсырыс беруші істелген жұмыстар,
материалдар мен құрал – жабдықтар, қосымша
мердігерлер үшін барлық шоттарды төлейді
деген кепілдік те болады. Демек әрдайым
тек тапсырыс беруші ғана сақтанып қоймайды.
Өзін, тапсырыс берушінің жұмысты атқару
және аяқталу барысына қатысты кінәларынан
қорғау үшін мердігер де сақтандыру келісімін
жасауы ықтимал.
Сақтандырудың айтылған түрі тапсырыс
берушіге құрылыс жұмыстары үшін берілген
несиелерді сақтандырумен тығыз байланысты.
Тек бұл жағдайда, сақтандыру келісімін
тапсырыс беруші кредитордың пайдасына
жасайды. Қарыз алушы қарызын қайтара
алмаған жағдайда сақтандыру компаниясы
шығынды өтейді. Айырмашылығы сол.
Тапсрыс берушіні мердігерді аукциондық
сауда процесіне іріктеп алу барысында
туындайтын әр алуан қауіптерден сақтандыру
Қазақстан сақтандырушылары үшін үйреншікті
емес. Қаржы инвестициясындағы тәрізді
мұнда да инвестор – кәсіпкер тек өзінің
капиталын ғана емес, нақты инвестициялық
салымға байланысты түсетін болашақ табыстарын
да сақтандыра алады.
Табыстарды сақтандыру түрлерінің бірі
жұмыс істеп тұрған объектілердің табысты
екендігі жөніндегі деректерге негізделеді
және тікелей мүліктік сақтандырумен
байланысты. Бұған, мысалға сақтандыру
арқылы жабу көлеміне, өрт не апат тәрізді
тікелей шығындарды ғана емес, осы табыстарды
есептеуге кететін шығындарға байлаысты
залалды енгізу де мысал бола алады.
Инвестициялық процестің барлық мүшелері
үшін жұмыс берудің жауапкершілігін, қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығын сақтандыру шараларын
қолдануға болады. Олармен бірлескен жұмысқа
қатысушы ұйымдар (поставщиктер, көлік
ұйымдары және т.б.) келісім міндеттерін
орындауға байланысты жауапкершілікті
сақтандыра алады.
Инвесторларды сондай- ақ саяси қауіптен
сақтану мәселесі де қызықтырады.
Саяси қауіптерді сақтандыруда сақтандырудың
бұрын белгіленген шарттары болмайды.
Олар әрбір нақты жағдай үшін жасалады.
Бұл арада
қалыптасқан халықаралық тәжірибені есепке
ала отырып, саяси қауіптерді
сақтандырудың, мемлекеттің, не болмаса
мемлекет капиталы салынған ірі
сақтандыру компанияларының ісі екендігі
атап көрсету қажет. Сондай –ақ
ұзақ мерзімді инвестицияларды шетелдік
қайта сақтандырушыны қайта сақтандыру
арқылы Қазақстандағы ірі сақтандыру
компанияларының бірінде сақтандыруға
болады.
Ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асырудың
ұзаққа созылатынын есепке ала отырып,
процестің бет алысын, әрбір мүшенің жағдайындағы
өзгерістерді үнемі бақылап, қажет болғанда
сақтандыру қорғанысын түзетк қажет. Қазіргі
кезде инвестиция рыногындағы сақтандыру
маркетингі бойынша жүргізілетін жұмыстарды
байыпты ғылыми базаға қою және сақтандыру
компанияларының инвестициялық рынокты
жұмыс істейтін инвестициялық диллерлік
фирмалармен өзара қарым – қатынасын
үйлестіру
керек.