Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:19, доклад

Описание

Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары.docx

— 24.16 Кб (Скачать документ)

Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы  елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық  жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың  өзінің және олардың өнімдерінің  сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін  қазіргі заманғы экологиялық  менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы  тиіс.

Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары:

  • компания беделінің өсуі
  • апат жағдайларын басқару
  • заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу
  • бақылау органдары тарапынан айыппұлдар санын азайту
  • тендерлердегі басымдылық
  • Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі (OH&S) денсаулық және қауіпсіздік қауіп-қатерін басқарады.
  • OH&S Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі қызметкерлердің өздері атқаратын қызметтеріне байланысты денсаулықтарына келтірілетін қауіпті болдырмау немесе барынша азайту үшін OH&S менеджменті жүйесін құрайды.

 

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі. 
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. 
Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.

Негізгі принңиптері

Экологиялық саясаттың негізгі  принңиптері, міндеттері және шаралары заң¬намалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады.

Cаясаттың жүзеге  асырылуына маңызды ықпал ететін  жағдайлар

Экологиялық саясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар:

  • нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы;
  • эко¬логиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-экологиялық мәселелердің сипаты;
  • экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер;
  • ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі;
  • өндірістің эко¬номикалық тиімділігі және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі;
  • халықтың әлеуметтік жауабы;
  • халықаралық міндеттемелер.

 

Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары

 

Айналадағы орта адамның өмірі мен тұрмысына тұрақты әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі – химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.

Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.

Айналадағы ортаның нашарлауына адамның өмірі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-техникалық прогрестің де әсері мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.

Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол сияқты адамға өнеркәсіптік шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан  адамдар жүйке  жүйесінің науқастарына ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып отыр.

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың қиындай түсуі айналадағы ортаның сапасын күн сайын бақылап отыру қажеттігін туындатады. Бүгінгі күннің басты талабы өнімдердің сапасы мен жұмыс орнындағы жағдайды бақылау болып табылады. Мониторинг (ағылшын тілінен аударғанда «бақылау» дегенді білдіреді) – айналадағы ортаның сапасын бақылау, бағалау, болжамдау жүйесі. Бұл терминді бірінші рет БҰҰ 1972 жылы Стокгольм конференциясында енгізген болатын. Ал, 1974 жылы БҰҰ-ның бағдарламасына сәйкес айналадағы ортаның мәселелері бойынша Кенияда І Мемлекетаралық кеңес өткізілді. Оның негізгі мақсаты – айналадағы ортаның сапасын мониторингтік бақылау жүйесін құру болды. Кеңесте мониторинг жүйесінің мақсаттары мен міндеттері айқындалды. 

Бізде мониторинг қызметі ластанудың химиялық, физикалық, биологиялық көздеріне тұрақты бақылау жүргізеді. Мұндай кездерде физика-химиялық, биологиялық, географиялық және басқа да әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол сияқты бақылаудың ғарыштық әдісі де пайдаланылады.

Академик И.Герасимовтың жүйесі бойынша мониторинг биоэкологиялық, геоэкологиялық және биосфералық болып бөлінеді.

Биоэкологиялық    мониторинг    өз    кезегінде биологиялық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-токсикологиялық болып тарқатылады.

Осы бағыттағы мониторинг айналадағы ортаның сапасын, табиғи нысандардың ластану дәрежесін, ластанудың тірі ағзаға, адамдардың ағзасына ықпалын, аллергендердің, шаң-тозаңның, айналадағы ортадағы ауру тудырғыштардың нақты түрлерін, ауадағы азоттың, күкірттің, ауыр металдардың және басқалардың дәрежесін, су ресурстарының ластану дәрежесі мен көздерін анықтайды.

Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ауадан, судан, топырақтан, тұрмыстық  және өнеркәсіптік қалдықтардан, ағын сулардан бақылау үлгілерін алады. Биологиялық мониторинг метеостанциялар, обсерваториялар және суды бақылау орындары арқылы жүзеге асырылады. Бұдан соң бақылаудың нәтижесі бойынша белгілі бір уақыттан соң шағын елді мекендерден бастап үлкен қалаларға дейін экспресс-талдаулар беріледі.

Сөз соңында айтарымыз – бүгінгі күні айналадағы ортаны қорғау бүкіләлемдік мәселе ретінде қаралады. Көптеген елдер экологияның қоғамның барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ететін стратегиялық сала екендігін жақсы түсінеді. Барлық экологиялық мәселелер жалпыға ортақ пікір бойынша, ең бірінші кезекте адамның айналадағы ортаға антропогендік ықпалымен тікелей байланысты.


Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)