Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері Жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 16:49, реферат

Описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Содержание

Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Работа состоит из  1 файл

Экономиканы мемлекетт.doc

— 227.50 Кб (Скачать документ)

    3-сұрақ. Тақырыптың келесі сұрағына көше отырып, әлеумет–тік-экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында негізделуі көрсеткіштердің әдістерін атап өтеміз:

  • экономиканың математикалық, құрылымдық-логикалық модельдері;
  • келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және факторлық әдістері;
  • «мақсат ағашы» құралын пайдалаумен әлеуметтік-экономикалық дамуды мақсаты белгілеудің әдістерін әзірлеу;
  • әлеуметтік-экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және осы негізде мемлекет тарапынан басымды қалдау бағытын айқындау;
  • салааралық баланс – келешектегі экономикалық салалық құрылымының негіздеме құрал ретінде;
  • аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық әдісі.

    Экономикадағы баланс экономика арасында өзгермелі бай–ланыс орнатады. Олар екі немесе экономикалық (мемлекеттік бюджет, табыстар және тұрғындардың шығындары, сыртқы экономикалық баланс, төлем балансы және т.б.) көбірек бөлігінің теңдігін көрсететін кесте немесе теңдеу түрінде көрсетілген.

    4-сұрақ. ЭМР-дің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталамыз.

    Дамыған елдердегі шетел тәжіриебесі  біз үшін тұжырымдама–лық негіздердегі анықтауда бағдар болып табылады, бірақ әлеуметтік-экономикалық дамуда шетел моделін біздің жағдаға абсолютті және өзгеріссіз көшіріп алу міндетті емес.

Бұл бірнеше  себептерден мүмкін емес:

  1. Республика геосаяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этномәдени және басқа да ерекшеліктер–мен айрықшаланады.
  2. Қазақстан жағдайында директивтік-жоспарлы экономика–дан (ұқсастығы әлемде жоқ ) нарықта көшу үдерісі өтуде.
  3. Басқару мен шаруашылық жүргізу жүйесінде көп жағдайда негізгі өзгерістер тиісті негіздерсіз өтеді және «төңкерісшіл» сипатта болады, онда нарықтық экономикалы елдердегі мемлекеттік реттеу шаралары, олардың эволюциялық дамуының «өнімі» болып табылады.

Бақылау мен талқылау сұрақтары

  1. Елдің мемлекеттік органдарының құрылымы туралы айтып беріңіздер және олардың қызметін атап өтіңіздер .
  2. Қоғамдағы экономикалық үдерістерге жауапты, мемлекеттік органдардың қызметінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.
  3. ЭМР-дің тұжырымдамасы неден құрылады?
  4. Әлеуметтік-экономикалық даму барысында қабылданған шешімдер кезіндегі көрсеткіштер негізделуінің әдісін атап өтіңіздер.
  5. ЭМР-дің шетелдік тәжіриебесі туралы (Қытай, Үндістан) әңгімелеңіздер.
 
 
 
 

4-ТАҚЫРЫП

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҒА МОНИТОРИНГІ

Жоспар.

  1. Монополиялар және мемлекеттік реттеу.
  2. Мемлекеттік монополияға қарсы саясаты. Монополистік тенденцияны зерттеу және қолайлы бәсекелестік ортаны құру.
  3. Баға саясаты және оларды мемлекеттік реттеудің тетіктері.

    1-сұрақ. Белгілі тезистерден бастайық.

    Нарық экономикасының басты қозғаушы  күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі.

    Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың) тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді.

    Егер жалпы бәсекелестік қатнастар  туралы айтылса, онда бәсекелестік  қатнастары кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шарушылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбір болады.

    Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылатынын атап өткенбіз. Монопоияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің

арқасында ғана болуы   мүмкін.                                                         

    Сөйтіп,  монополия  бәсеке –

лестікке   қарама-қарсы  жұмыс

істейді.

    Алайда, таза монополия өмір-

де сирек кездеседі. Нарық-та бір

фирманың билік  жүргізуі жеткі-

лікті түрде  шартты болады. Шы-

найы өмірде белгілі бір салаларда

ірі фирманың шектеулі саны бол-

ғанда, олигополия жиі кездеседі.

    Жетілген  бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады.

3-суретте  нарық құрлымының жіктелімі көрсетілген.

Нарық құрылымының  түрлері

      Жетілген            Монополистік        Олигополия          Таза монополия

    бәсекелестік          бәсекелестік      

3-сурет. Нарық құрылымының жіктелімі

    2-сұрақ. Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (тізетуші) ықпал жүргізетін әдістері енеді.

    Мемлекет тиімді нарықтық ортаның  қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы  мемлекеттік реттеу бағыттарының  бірін құрайтын монополияға қарсы  саясат жүргізеді және қалыпты  бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.

    Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (трестке қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.

    Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі.

    Монополияға қарсы саясат шеңберінде  екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.

    Бірінші бағытқа төмендегілер  жатады:

  • жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;
  • бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;
  • ерекше күрделі жағдайда (бұл көбінесе табиғи монополияға қатысты) баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау (бұл белгілі бір кездері теріс пайдалану туындаған жағдайда);
  • бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;
  • кішірейту жүргізу.

   Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің  дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау  қажет. Белгілі бір тауарлар мен қызметтің барлық рыноктық ұсынысы бір сатушының қолына жинақталған болса және бәсекелестік ортаны құру тиімді болмаса, табиғи монополия орын алады. Көлем нәтижесінің зорлығы сондай, екі немесе бірнеше бәсекелесті фирмаларда пайда болуы мүмкін шығындармен салыстырғанда, өндірістің аз шығыны жағдайында бір фирма ұсынысты толық қанағаттандыруы мүмкін.

    Табиғи монополияның қызметін  реттеу жоспарлы экономикадағы  тәрізді, қағидалар негізінде  жүзеге асады: мемлекеттік басқару  органы (Монополияға қарсы комитет) немесе ьағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрыпталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды.

    Қазіргі заманғы экономикалық  ғылым мен заң қабылдауға болады  деп есептейтін және сондықтан қуғындамайтын монополияның нысандары болады.

    Бәрінен бұрын, рыноктың төмендегі  есебінен елеулі үлесін монополияған  фирма жазалануға жатпайды:

  • сирек кездесетін тауарлар

шығару;

  • тиімді маркетингті;
  • бағаға      шығынды   елеулі

төмендетуге          мүмкіндік

беретін  жаңа   технологияны

әзірлеу  мен   игеруде    және

осы  негізде  пайдадан қағыл-

май, тауарларды мүмкіндігін-

ше  төмен бағада сату.

   Табиғи  монополияға  бәрінен 

бұрын көлік, байланыс, газ-су –

мен   қамтамасыз    ету,    электр

тораптары және әуе тасмалдауы

кәсіпорындары жатады. Табиғи

монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді. Бірақ  мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға  шығынды төмендетуге ынталандыруға  залал әкеледі.

    Табиғи монополияны мемлекеттік  реттеудің мақсаты екі жақты:  бір жағынан ол рынокта монополисттік  жан-жақты билеуінен бағаны реттеу  жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынын, оларды тиімді  дамуына жағдайды қамтамасыз етеді.

    Табиғи монополияны реттеу кезінде келесі шаралардың құрамдастыруы қолданылады:

  • өнімге белгіленген бағаны бекіту;
  • баға өзгерістерінің шектеулі коффициентін бекіту;
  • еркін бағаның тәртібін бекіту.

    3-сұрақ. Мемлекет тарапынан тұрақты көңіл аудару мен реттеудің объектісі баға болып табылады.

    Бағалар – тұтынушылардың, өндірушілердің, импорттаушылар – дың және  экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын,  экономикалық және әлеуметтік-саясаи  өмірдің сыни нүктесі. Бағаларға  ықпал ету ЭМР-дің ғаламдық мақсаттарына, жағдаят және құрлымдық саясат мақсаттарына, инфляцияға қарсы күресте әлемдік рынокта ұлттық бәсекелестік қабілетін күшейтуге және әлеуметтік дағдарысты жұмсартуға қызмет етеді.

    Бағаларды бақылаумен орталық  статистикалық басқару органы  айналысады. Бағалардың қозғалысын  жеке зерттеуді кәсіподақтардың ғылыми-зерттеу орталығы, халаықаралық ұйымдардың тапсытысымен арнаулы комиссия жүргізеді.

    Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік  әріптестер тарапынан бағаны  бақылаудың басты мақсаты –  еңбекақы мен зейнетақының жыл  сайын атаулы көтерілуінің индексін анықтау үшін, өмір сүру құнының өсуін өлшеу, сондай-ақ өндірістің шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне бағаның өсуінің ықпалын анықтау.

    Мемлекет сыртқы саудада бірігу  одағына кіріп, есептік мөлшерлемені  өзгертіп, салықты құбылтып, ақша шығаруды жүргізіп, сандық және кедендік шектеуді алып немесе енгізіп, бағаға ықпал жасауы мүмкін. Қандай мақсаттарға қызмет етпесін, тәжірибе жүзінде барлық мемлекеттік реттеуші акциялары бағаға жанама ықпал көрсетеді.

    Мемлекеттің араласуы көтерілген өтелім шегерімінің өзіндік құнын қосу арқылы және басқа қорға аудару арқылы өндіріс шығынын өсіруге мемлекеттік органдардың ықпал шара қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, тұтас салаларда «шығындар бағаны қысымға алатын» жағдай туындайды, және өндіріс шығындарының есеп айырысуы (шынайы емес) үкіметтің жарияланған жеңілдігі нәтижесінде барлық кәсіпорын салаларында өндіріс шығындары жоғары болатыны сондай, бағаны көтермесе болмайтын жағдай туады. өйткені жеңілдік барлық салаға тарйтындықтан, ішкі салалық бәсеке қолайлы жағдаят жағдайында бағаның өсуі үшін жеткілікті кедергі бола алмайды.

    Бағаның өзгеру үдерісіне тікелей  мемлекеттің араласуы акциздік  тауар деп аталатындарға, бағаны  белгілеудің мемлекеттік саясаты  болып табылады.

   Бағаның қалыптасуына мемлекеттік демеу қаржы тікелей ықпал етеді. Бағалық демеу қаржы өндірушіге немесе тұтынушыға  арнаулы төлем беру жолымен бағаны төмендетуді қарастырады. Бағаға тікелей әсер ету және бағаның жетекшілігі тауар мен қызметті тұтынудың мемлекеттік үлесі елеулі салада, мысалы, өнеркәсіптік әскерей саласында, құрлыстың кейбір салалық бөлімдерінде орын алады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері Жоспар