Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:16, практическая работа

Описание

Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыздау бөлімі Бостандық ауданы әкімі аппаратының құрылымды бөлімі болып табылады. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық – ұйымдастыру қызметін қамтамасыздайды. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конститутциясы, Қазақстан Республикасы Заңдары, аудан әкімі шешімдері мен қаулысы, аудан әкімі аппаратының шешімдерін басшылыққа ала отырып жүргізеді .Бөлім өз қызметінде басқа құрылымдық бөлімдермен, аудан қызметімен өзара қатынаста әрекет жасайды.

Работа состоит из  1 файл

Дәріс№1.docx

— 21.85 Кб (Скачать документ)

                                                       Дәріс №1

                  Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру.   

   Кадрлық  менеджмент кәсіп ретінде.

     Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық  қамтамасыздау бөлімі Бостандық ауданы әкімі аппаратының құрылымды бөлімі болып табылады. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық – ұйымдастыру  қызметін қамтамасыздайды. Бөлім өз  қызметінде Қазақстан Республикасы Конститутциясы, Қазақстан Республикасы Заңдары, аудан әкімі шешімдері мен қаулысы, аудан  әкімі аппаратының шешімдерін басшылыққа ала отырып  жүргізеді .Бөлім өз қызметінде басқа  құрылымдық бөлімдермен, аудан қызметімен  өзара қатынаста әрекет жасайды.

    . Кадрларды іріктеуге – оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау маңызды.

Кадр бөлімінің мақсаты  – үміткелердің арасынан талап етілген  нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.Бөлім жоспарға сай қызмет жүргізеді.

Бөлім аудан әкімі аппаратының  тікелей жетекшілігімен  жұмыс жасайды.

Бөлімнің бекітілген заң ережесімен  келесі қызметті атқарады.

 *. Басқа бөлімдермен біріге ағымдық жоспарлар мен болашақ жоспарларды құру  ;

*. Аудан әкімі және орынбасарларымен тұрғындармен кездесу ұйымдастыру;

*. Аудан әкімі шешімдерін іске асыру мен кадр саясатын қамту

*.  Берілген квалицикациялық талаптарға сай, мемлекеттк қызметкерлердің бос орындарына конкурс ұйымдастыру

*. Кадрлар жұмысы тәртібін қадағалап,кадрлар тағайындауға ат салысу;

*. аппарат жұмысшыларына жеке іс қағаз жүргізту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізту,  еңбек  телімі жайлы анықтама қағаз беру,еңбек  телімі кітапшаларын сақтау және  толтыру, және кадрлар туралы бекітілген құжаттар толтыру;

*. шешеімдерді  рәсімдеу, жұмыстан босату  құжаттарын толтыру,  қызметтік тізім жүргізту,  т. б.,  ;

*. қызметкерлерді  аттестациядан  өткізу жұмысын ұйымдастыру, осыған қатысты сұрақтарды  қамту;

*. аттестациялық,тәртіптік комиссияға мәліметтер  дайындау

*. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен тәртіпсіздік  орын алған жағдайында аудан әкімінің тапсмырмасымен тергеу жүргізту;

*. Конкурстық, тәртіптік  марапаттау жұмысын ұйымдастыру;

*. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің еңбек теліміне санақ жүргізту және құжаттар рәсімдеу;

*. Аппапраттағы еңбек тәртібін қадағалау;

*. Қызметтік куәлік беріп ,алу тәртібіне бақылау жүргізту;

*. Оқу ұйымдастыру, кадрлар  дайындау және қайта дайындау, мемлекеттік қызметкерлердің білімдерін көтеру байланысты оқудан өтуді бақылау.  

*. Құрамы бойынша жылдық есеп жасау және кадрларды ауыстыру

*.  Айлық, тоқсандық есеп беру;

*. Табельдік есеп жүргізтуді ұйымдастыру, демалыс кестесін ұйымдастыру мен жүргізту,кадрлар ағымына сараптама жасау,аппараттың еңбек тәртібіне жауап беру,мемлекеттік қызметкерлердің ішкі еңбек ережелерін сақтауды бақылап қадағалау,еңбек тәртібті сақтауда тиісті іс шаралар ұйымдастыру;

*. Мемлекеттік қызметке түскен азаматтардың жұмысқа қабылдау тиісті құжаттарын дайындау мен ұйымдастыру;

*. Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға,зейнеркерлікке тиісті құжаттарды дайындау мен ұйымдастыру,;

*. Ауданға қарасты зеәнеткерлер,әлеуметтік жағдай төмен азаматтарды қабылдауға тиістіаудан шешімдерін рәсімдеу, тіркеу және орындау;

    Кадрлар бөлімі - университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

    Кадрлар бөлімінің негізгі міндеттері – университетті қажетті мамандықтар, кәсіптер мен біліктіліктердегі қызметкерлермен толықтыру және оларды іріктеп, орналастыру, университеттің кадрлар есебін жүргізу, кадрлық резерв жасау.

    Кадрлар бөлімінің негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу, кадрлық мәселелерін шешу, персоналдармен жұмысты ұйымдастыру болып табылады және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қадағалайды.

    Менеджмент ұғымы – бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың қарым - қатынас әдісі. Менеджменттің басты жұмысы – жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш.

    Менеджмент этикасы – кәсіби этика, сондықтан ол шектелген аяда, яғни менеджент аясындағы адамның мінез- құлығын және амалын қарастырады. Кәсіби этика теориялық, нормативтік және колданбалы бағыттар қиылылы – сында дамиды. Кәсіби этиканың мазмұны кәсіби іс-әрекеттің мәнін құрайтын мәселелер шеңберімен аңықталады. Кәсіби этика белгілі іс-әрекет түрлеріне тән нормаларды, стандарттарды, талаптарды өңдейді. Кәсіби этика – мамандардың өз қызметтік міндеттерін орындау үшін оңтайлы болып есептелетін құндылық және жеке даралық қарым-қатынастардың белгілі түрін талап ететін мінез-құлық кодексі.

    Менеджменттің кәсіби саласында «басшы – бағынышты», «қызметкер – қызметкер», «ұйым менеджері – сатып алушы» және т.б. қарым-қатынас процестері үнемі жүріп жатады. Әрине бұл қатынастар біліктілік және құқықтық шекараларымен реттеледі, бірақ адам аралық қарым-қатынастарда лауазымдық нұсқаумен, заңдар жиынтығымен өлшеуге келмейтін жағдайлар болады. Бұл - қарым-қатынастарда моральдың болуы. Әрбір кәсіби қарым-қатынас кәсіби – этикалық нормаларға, стандарттарға сай жүреді. Бұл нормаларды иелену бірнеше факторға байланысты. Оларды екі үлкен топқа жіктеуге болады:

1.адам өмірге келгеннен бастап иеленетін этикалық нормалар кешені (жақсылық пен жамандық, яғни тұратын орнына, жұмысына байланысты емес өзіндік этикалық кодекс);

2.кәсіби саладан тыс берілетін талаптар: жұмыс жасайтын орындағы этикалық кодекс, ішкі тәртіп ережелері, жоғары деңгейдегі менеджерлердің ауызша талаптары. Қазіргі кезеңде көпшілік кәсіби қауымдастықтар өз этикалық кодекстерін жасаған. Мысалға, дипломатиялық, әскери, соттық, медициналық этика, аудиторлардың, бухгалтерлердің этикасы болады.   Кәсіби салаға этикалық стандарттармен нормаларды енгізу - еңбектің кәсіби аясында тапсырмаларды шешуге және тиімділікті көтеруге бағытталу керек. Кәсіби этика– этикалық нормалардың, стандарттардың, талаптардың мазмұны белгілі аядағы іс -әрекеттің мазмұнына сай келу қажет. Менеджмент, кадрлық саясат іс-әрекет саласында анықтаушы орынды менеджер мен оның жеке тұлға ретінде тұтастығы алады. Қазіргі жағдайда, экономикада миллион адам қызмет етуде, ал басқа адамдардың өмірі экономикаға тәуелді. Экономикалық жетістіктер кадрлардың сапасы мен басқару шеберлігіне байланысты.  Соңғы жылдары менеджментті зерттейтіндердің қызығушылық құрылымы өзгерді: егерде классикалық және оған ұқсас мектептер техникалық жағынан – принциптерді, қызметтерді, құрылымдарды және т.б., адамгершілік қарым-қатынас мектебі мен басқалары адамгершілік факторды зерттесе, ал қазіргі менеджментте қоғамдық роль, қоғамдық орын деген мәселелер белсенді қарастырылуда. Осыған орай, жалпы менеджменттегі анықталатын кадр саясатындағы этикалық аспектілердің маңыздылығы аса зор.


Информация о работе Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру