Компанияның дивиденті саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:48, реферат

Описание

*Дивидендтік саясат* атауы негізінен акционерлік қоғамдарда түскен пайданы таратумен байланысты. Алайда оның түскен пайданы тарату қағидалары мен әдіс амалдары кез келген ұйымдастыру құқылық түрдегі кәсіпорындарда да қолдануға болады. Осыған байланысты қаржылық менеджментте*Дивидендтік саясат* атауын кең мағынада пайдаланылады және де оның меншік иесінің кәсіпорынның меншікті капиталындағы салынымына сай түскен пайдадан өз үлесін қайтару жолдары деп түсінеді.

Работа состоит из  1 файл

каржылык менеджмент.docx

— 50.06 Кб (Скачать документ)

Ж.АСФЕНДИЯРОВ  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

 

 

 

 

 

МОӨЖ

Тақырыбы:Компанияның дивиденті саясаты

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Сейділдаева А.Қ..

Тексерген:Төлебаев Ж.С..

 

 

 

*Дивидендтік  саясат* атауы негізінен акционерлік қоғамдарда түскен пайданы таратумен байланысты. Алайда оның түскен пайданы тарату қағидалары мен әдіс амалдары кез келген ұйымдастыру құқылық түрдегі кәсіпорындарда да қолдануға болады. Осыған байланысты қаржылық менеджментте*Дивидендтік саясат*  атауын кең мағынада пайдаланылады және де оның меншік иесінің кәсіпорынның меншікті капиталындағы салынымына сай түскен пайдадан өз үлесін қайтару жолдары деп түсінеді.

Дивиденттік саясаттың негізгі мақсаты түскен пайданың күнделікті тұтыну мен оның келешекте инвестициялық қаржыландыруға жетерліктей өсуінің өзара сәйкестігін  қалыптастыру болғандықтан, ол арқылы кәсіпорынның нарықтық бағасын барынша  көтеріп,алдағы кезеңдерде оның стратегиялық дамуына қол жеткізуге болады.

Алға  қойған мақсатына сай дивиденттік  саясатты кәсіпорынның өз пайдасының тұтынумен дамуға пайдалануға кетер  үлестерін оңтайландыра отырып, оның нарықтық құнының барынша өсуін  қамтамасыз ете алатын өзара оң сәйкестігін  қамтамасыз етер жалпы қаржылық саясаттың  бір бөлігі деп түсіну керек.

Көп тараған  және қажетті деген дивиденттік  саясат теорияларына жататындар:

  1. Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы. Бұл теория бойынша қабылданған дивидендтік саясат

 

күнделікті және келекшектегі кезеңдерде кәсіпорынның нарықтық құнына да оның иегерлерінің хал ахуалына да еш әсер етпейді деп танылады. Бқұл көрсеткіштер пайданың таратылар емес, түсер сомасына тәуелді болғандықтан, дивидендтің саясат ең алдымен ұтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталып, қарапайымды акционерлерге дивидендтер қалған сомадан барып қана төленулері керек деп есептелінеді.

  1. Дивидендтердің артықшылықты теориясы. Бұл теория ағымындағы табыстан бүгінгі тқленген дивиденттердің әр өлшемі ылғи да қымбат болып келеді, себебі оның алдағы кезеңдердегі табыстардан келер тәуекелділік қауіпі жоқ деп түсіндіреді. Сол себепті бұл теория бойынша дивидендтерді барынша мол қарпу, түскен пайданың капиталға айналуынан артықшылықта болмақ. Теорияға қарсы келушілер бойынша дивиденд түрінде түскен табыс көп жағдайда өзінің немесе соған ұқсас компаниялардың акцияларына қайта инвестицияланады, ал бұл тәуекелділік қауіпсіздігін қайсы бір дивиденттік саясаттың пайдасына дәйекті аргумент бола алмайды деп тұжырылымдалады.
  2. Дивидендтерді барынша мол қарпу теориясы немесе салықтық артықшылық теориясы. Бұл теория бойынша дивидендтік саясаттың тиімділігін пайданың капиталға айналуына кетер

 

салықтық  төлемдерді барынша азайту жолдары және түсер жеңілдіктер бойынша, сондай ақ меншіктенушілердің  ағымдағы жіне алдағы кезеңдердегі табысқа төленер салықтары арқылы анықтауға болады деп есептелінеді.

  1. Дабылды белгі беру теориясы.Бұл теория акциялардың ағымдағы нақтылы нарықтық құнын анықтаудың негізгі үлгілері базалық элемент ретінде акцияларға төленер дивидендтер мөлшерін пайланады, сондықтан бұл төленімдердің өсу деңгейі акциялардың нақтылы және белгіленер нарықтық құнының өсуі арқылы анықталады дейді. Ал мұндай өсу өздігінен өтеді және ондай қатар жоғары дивидендтер төлеу компанияның өсу үстінде екенін және алдағы кезеңдерде пайданың біраз өсетіндігін білдіретін дабылды белгі бермек. Теория қор нарығының ашық та айқындығымен тығыз байланысты, ал жедел алынған ақпарат акциялардың нарықтық құнының өзгеріп тұруына әжептеуір әсер етпек.
  2. Клиенттер теориясы немесе дивидендтік саясаттың акционерлер құрамына сай келу теориясы. Бұл теория бойынша компания дивидендтік саясатын өзінің акционерлерінің үмітін ақтайтындай және олардың ділдеріне сай жүргізулері қажет. Егерде дивидендтік саясат акционерлердің қайсы бір бөлігіне компаниялардың акцияларына кұя бастайды, сөйтіп клиентура

 

 

құрамы  бірте бірте бірыңғайланады деп  есептелінеді.

Дивидендтік саясаттың үлгілері және қалыптасу  бағыттары бірнешеу. Әр алуантеорияларды қолдану барысында дивиденттік саясаттың қалыптасуының негізгі үш бағыты жасалынады:

  • Сақтанымпаздық (консервативтік)
  • Нысаптық (компромисстік)
  • Көзжұмбайлық (агрессивтік)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Төлебаев Ж.С., Сыздықова К.Ш. Қаржылық менеджмент. Дәрістік топтама.А.Эверо,2009,188бет
    2. Интернет *Google*

Информация о работе Компанияның дивиденті саясаты