Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 13:06, реферат
Шешімнің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді қарау ұсынылады:
1. Қазақстанда басқарудың корпоративті принциптерін бекіту;
2. Компанияны басқарудың құрылымын КБ принциптері мен оның бизнесінің даму деңгейін жетілдіру;
3. Меншікті басқаруды КБ маңызды элементі ретінде жетілдіру;
4. КБ дамуында маңызды буын ретінде компанияның ақпараттық айқындығын басқару мен кеңейту;
5. Қазақстанда КБ даму деңгейінің маңызды индикаторы жəне оны бақылау, қажетті буын ретінде КБ нарығын жетілдіруде қор нарығын дамыту;
6. КБ ұстанымдарында корпоративті бизнеске қатысушылардың өзара əрекетімен басқаруды жетілдіру;
Корпоративтік басқару модельдері
Англо-американдық тәжірибесі |
Германдық тәжірибесі |
Жапон тәжірибесі |
Қазақстандық тәжірибесі |
1. Тарату облысы | |||
АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, жаңа Зеландия |
Германия, Австрия, Нидерланды, Франция, Скандинавия, Бельгия |
Жапония |
Қазақстан |
2. Артықшылықтары | |||
|
Барлық корпорати-втік компоненттері-нің деңгейіндегі банктің рөлі |
Банктік және корпоратив аралық бақылауға көңіл бөлу |
Заңды және нақты тұлға акционерлерінің өкілдігі |
3. Үлгіні жүзеге асырудағы | |||
|
|
Банк Аффилирленген корпоративтік акционерлер Төраға |
|
4. Акцияны иемдену құрылымы | |||
Жеке және инвестициялық инвесторлардың ие болуы |
Банк және корпорация ие болу |
Аффилирленген банктер және корпорацияның абсолюттік ие болуы |
Отандық және шетелдік инвесторлардың бар болуы |
5. Қызмет мониторингі | |||
Нарықтық артықшылығы |
Тұрақты негізінде банктің артықшылығы |
Банктік және корпоративаралық абсолюттік ие болуы |
Нарықтық артықшылығы |
6. Қаржыландыру | |||
Ішкі қаржыландыру қайнар көздерінің ие болуы |
Бақылауға бейімделу – бақылау негізінде инвестициялық шешім қабылдау |
Ақпараттандырылмаған |
Қазақстанның корпоративті бизнесінінің өзекті мəселесі корпоративті
басқарудың сапасын көтеру. Бұл үшін меншік иелерінің құқына, жекелеген
компаниялардың мүдделерінің балансын сақтау жəне тұтастай корпоративті
құрылымға байланысты мəселелердің тиімді шешімін табу өте маңызды. Бірлесіп басқаруды жетілдіру көпқырлы жəне кешенді түрде қарауды талап
ететін іс. Ол үшін біз корпоративті құрылыс концепциясын ұсынамыз. Шешімнің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді қарау ұсынылады:
1. Қазақстанда басқарудың корпоративті принциптерін бекіту;
2. Компанияны басқарудың құрылымын КБ принциптері мен оның бизнесінің даму деңгейін жетілдіру;
3. Меншікті басқаруды КБ маңызды элементі ретінде жетілдіру;
4. КБ дамуында маңызды буын ретінде компанияның ақпараттық айқындығын басқару мен кеңейту;
5. Қазақстанда КБ даму деңгейінің маңызды индикаторы жəне оны бақылау, қажетті буын ретінде КБ нарығын жетілдіруде қор нарығын дамыту;
6. КБ ұстанымдарында корпоративті бизнеске қатысушылардың өзара əрекетімен басқаруды жетілдіру;
Компаниялардың
құрылымын қайта қарауда
үнемі күрес кезеңі əлі өтіп болмаған. КБ принциптерінің Қазақстанда нығаюына атқару органдарының, сот билігінің, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлығы, тиімді жұмыс істемеуі, əлсіздігі кедергі болып отыр. КБ корпоративті принциптерінің бекуі үшін бұл салаларды реформалау өте
маңызды болар еді. Бұған қаржы жəне басқа да есеп берулерді халықаралық
стандарттарға сай келтіру көмектесуі тиіс.
Транзитті экономикалы елдерде , отандық жағдайда КБ өзіндік моделі қалыптасты. Ол модельде меншік иелері, жалдамалы менеджерлер бар, бірақ олардың компаниядағы өкілеттігі қатаң бөлінбеген. Көрсетілген өтпелі кезең моделінде меншік иесі құқығы мен осы меншікті басқару құқығы арасы анық бөлінбеген. Керісінше, қуатты бағыт пайда болады: меншік иесі – директорлар кеңесі – менеджмент; бөліктерден басқару өзегі қалыптасады. Ол компанияда кəсіпкерлік, əрі бақылаушы функцияларын атқарады. Бұл модельдің басты кемшіліктерінің бірі басқару өзегі деген өзінше ішкі ашық акционерлік қоғам құрады,ал корпоративті басқарудың барлық формальды механизмін алмастырады. Басқарудың негізгі өзегіне ілікпей қалғандардың ешқандай мүддесі қорғалмайды. Мұндай жағдайда , кəсіпкерлік функциясын жаулап алуға үздіксіз күрес жүреді,ал ол тіпті кəсібилігі жоғары менеджментке де компания тиімді басқаруға табанды бəсекелестік артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
КБ ішкі процестерін тəртіпке келтіруге тиісті сыртқы факторларды сараптасақ, онда төмендегі көрініс пайда болады. Қазақстанда қаржы нарығы əлсіз дамыған, тиімсіз, сондықтан бағалы қағаз курсы компанияның нақты құнын көрсетпейді. Дисконттау ставкасын анықтау табысын басты есеп нүктесі ретінде алуға болатын қаржы құралдары жоқ. Осының кесірінен компаниялардың құнын, оның динамикасын анықтау өте қиын; ал осының нəтижесінде КБ нарығын жəне компанияның нарықтық құнын, оны бақылаудың менеджментін тəртіпке салатын маңызды индикатор іс жүзінде болмай тұр. Сонымен, тіпті КБ формальды механизмі дұрыс жасалса да, олар жұмыс істемейді, менеджерлер мен акционерлердің тəртібін сыртқы механизмдер тəртіпке келтіре алмайды, акционерлік капитал өсіміне стимул жасамайды. Бұл қорытынды КБ жүйесінің барлық буындарын қарау, Қазақстандағы корпоратив құрудың концепцияларының жүзеге асуына жүйелі келуді қажет деген қорытындыны нығайта түседі.
ЭЫДҰ Корпоративтік басқару принциптері ЭЫДҰ-ның министрлерімен 1999 жылы ұсынылған және әлемдегі жоғары қызметтегі саясатшыларға, инвесторларға және іскерлерге халықаралық эталонға айналды. Олар корпоративтік басқару мақсаттарын ілгерілетті және ЭЫДҰ мүше және мүше емес елдерде заңнамалық және басшылық бастамаларды ерекше нұсқаулармен қамтамасыз етті. Тиімді корпоративтік басқару құрылымының негізін қалау. Корпоративтік басқару құрылымы рыноктар мөлдір әрі тиімді болуына көмектесу керек, заңға сәйкес болу тиіс және қадағалау, реттеу және атқарушы әкімшіліктер арасында жауапкершілікті түсінікті бөліп тұжырымдау керек.
Тиімді корпоративтік басқару құрылымын қамтамасыз ету үшін, барлық рынок қатысушылары өздерінің жеке келісімді қатынастарын орнатуға сенім арта алатын тиісті және заңды, реттеу және институционалдық негіздері қаланғаны қажет. Осы корпоративтік басқару құрылымы әдетте елдің нақты жағдайлардың, тарихының немесе дәстүрінің нәтижесі болып табылатын заңнама, реттеу, өзіндік реттеу шаралар элементтерін қамтиды. Сондықтан заңнама, реттеу, өзіндік реттеу шаралар және осы саладағы тағысын тағылар арасындағы қалаған жинағы елден елге өзгереді. Жаңа тәжірибе жиналған сайын және бизнес жағдайлар өзгерген сайын, осы құрылым мазмұнын реттеу керек болу мүмкін. Принциптерді жүзеге асырғысы келетін елдер корпоративтік басқару құрылымын, оның ішінде реттеу және листингтық талаптар мен бизнес қызметін, рынок тұтастығын және экономикалық қызметін қолдау мақсатымен бақылау керек. Осының бөлігі ретінде этикалық, жауыпты және мөлдір корпоративтік басқару қызметін ынталандыру үшін корпоративтік басқару құрылымының әр түрлі элементтері және оның жалпы мүмкіндігін арасында өзара қатынастар мен қосымшаларды ескеру маңызды. Осындай талдаулар тиімді корпоративтік құрылымды дайындау үдерісінде маңызды құрал деп есептелу керек. Ақырында, жұртшылықпен тиімді және тұрақты жиналыс тиісті қызмет деп саналатын қажет элемент. Сондай-ақ әр юрисдикцияда корпоративтік басқару құрылымын дайындауда ұлттық заң шығарушылар мен реттеушілер тиімді ұлттық сұхбат пен өзара қатынасты тиісті қарау керек. Егер бұл шаралар сәйкес келсе, басқару жүйесі артық реттеуді болдырмауы, кәсіпкерлік қызметін қолдауы және жеке меншік секторда және мемлекеттік ұйымдарда қатты қақтығыстар тәуекелдерін шектеуі мүмкін.