Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні шетелдердегі шағын және орта бизнестің инфроқұрылымын қолдау шаралары мен тәжірибелері. ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы рөлін қарастыру;
2. Шетелдердегі шағын және орта бизнесті қолдау тәжірибесін қарастыру;
3. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
4. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Кіріспе............................................................................................3
1.Бөлім.Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі.................................................................5-19
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.........................................5-7
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ...............................................................................................7-11
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі......................................................................................11-19
2.Бөлім. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................20-30
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............20-25
2.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі......................................................................................25-30
3.Бөлім. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................27-32
Қорытынды....................................................................................33-37
Қолданылған әдебиеттер.............................................................38
Кіріспе.......................
1.Бөлім.Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі...................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі......................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ..............................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................
2.Бөлім. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары ..............................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............20-25
2.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі....................
3.Бөлім. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары..................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
К і р і с п е
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2008 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2009 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2010 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Курстық жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің инфроқұрылымын қолдаудың әлемдік тәжірибесін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні шетелдердегі шағын және орта бизнестің инфроқұрылымын қолдау шаралары мен тәжірибелері. ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы рөлін қарастыру;
2. Шетелдердегі шағын және орта бизнесті қолдау тәжірибесін қарастыру;
3. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
4. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
1. Бөлім. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі.
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касіби» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген3.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген И.Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады »5.
Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және « шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп6.
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды6.
1.2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестіңэкономикадағы рөлі бағалауға клмейтіндей жоғары екнің көрсетіп отыр. Ол мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
1992 – 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);
Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні – шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.
1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)10
кесте №1
№ | Дамыған мемлекеттер тәжірибесі | ҚР деңгейін бағалау |
1 | Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы. | Даму үстінде |
2 | Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру | Даму үстінде |
3 | Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы | Жоқ |
4 | Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау | Даму үстінде |
5 | Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы | Жоқ |
6 | Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу | Даму үстінде |
7 | Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым – қатынасы | Жоқ |
8 | Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым – қатынасты қолдауға бағытталған | Даму үстінде |
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.
1 – сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы
Экономикалық факторлар |
|
|
| Бизнесті мемлекеттік реттеу |
|
| Ортаның бизнеске макро ықпалы |
| |
Әлеуметтік факторлар |
|
| Технологиялық факторлар | |
|
| Ресурстық факторлар |
|
|
Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.
АҚШ – ғы шағын бизнес.
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.
2 – сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны
Фирма көлемі | Фирма саны |
Ірі | 1000 |
Орташа | 134000 |
Шағын | 2000000 |
Шағын кеңселер | 3000000 |
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. Шағын бизнес әкімшілігінде 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:
- мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
- Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.
Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.
Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:
а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;
б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);
в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;
Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.
Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды.
Ұлыбританиядағы шағын бизнес.
Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Франциядағы шағын бизнес.
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
- «Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары» және «шағын және орташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара».
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1. Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада орналақан болса
2. Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)
Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.
Израильдегі шағын бизнес.
60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіене келесідей шараларды:
1. Технопарктердің қызмет ету қағидалары бойынша технологиялық «жылы жайларды» құру және дамыту. Технологиялық «жылы жай» тәуелсіз заңды тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы, ғылыми – зертттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.
2. Бизнес «жылы жайларды» құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар. Бизнес – «жылы жайлар» өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.
3. Ғылыми зерттеулерді сонымен бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру.
4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанынан жұмыс істеу. Қор шағын және орта бизнеске кәсіпорындардың масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.
5. Көптеген Израилдік банктерге шағын бизнеске қолдау арнайы бөлімшелер бар. Олар банктік жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.
6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып мошав – овдимдерді қолдау табылады. Ол әрбір жанұя өз шаруашылығын жүргізіп, өзінің жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:
- сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға га.
- егістік (негізінен көкөніс және техникалық дақылдар) бір жанұяға Қазақстанның шикізат ресурстарынан басқа дамыған ғылымы, біздің еліміздің экономикасы кезіккен қиындықтарды және алатын интеллектуалдық потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.
Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.
Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.
- бірінші екі жылдай пайдаға салық тарифі 70 % проценттен төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.
Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.
Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:
1. Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық саясат.
2. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.
3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.
Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара білу.
2. Бөлім. ҚР – дағы шағын және орта бизнестің
даму тенденциялары.
2.1. ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.
Бұл сұрақта Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің қазіргі кезедегі мен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% - дан аспайды. Мәселен, 2002 жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы іші өнімдегі үлесі 17% болды, ал 2003 жылы бұл пайыздық қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді.
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика бойынша ҚР – сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2004 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779 субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында белсенді кіші кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге және үй шаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған. Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5% , ал осы кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады /3./.
Жоғарыда келтіріліп кеткен статистикалық мәлеметтерден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері көбінесе сауда мен сервис саласында әрекет етеді. Ол көбінесе шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы қапиталдарының аздығымен байланысты. Сондай – ақ, өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын кіші бизнес субъектілерінің аз үлесі мемлекеттік реттеудің жетілмегендігімен және құрал – жабдықтармен технологияларды импорттауға кедендік төлемдердің ауыртпалығымен түсіндіріледі.
Одан ары біз Қазақстанда әрекет ететін шағын кәсіпорындардың салалар бойынша ұсынысының құрылымын қарастырамыз. Олардың ұсыныстарының салалар бойынша құрылымы келесі (2.1. кесте) кестеде берілген .
2.1. кесте. Салалар бойынша кіші бизнес субъектілерінің ұсыныс құрылымы.
Қызмет ету сферасы | Үлесі, % | Орташа құны |
Сауда | 28,9 | 94300 |
Аптекалар, формакология | 2,5 | 90100 |
Ойын - сауық индустриясы | 4,2 | 527500 |
Қоғамдық тағамдану | 11,3 | 240800 |
Өндіріс | 23,1 | 418300 |
Ауыл шаруашылығы | 10,0 | 222100 |
Сервис сферасы | 19,5 | 428050 |
Барлығы | 100 | 288736 |
Келесі статистикалық мәліметтерде біз шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылықтарын беруді қарастырамыз. Олар келесі кестеде (2.1.2) берілген:
2.1.2 кесте. Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылық берулері.
Қызмет ету сферасы | Үлесі, % |
Сауда | 17,6 |
Аптекалар, формакология | 8,8 |
Ойын – сауық индустриясы | 5,9 |
Қоғамдық тағамдандыру | 17,6 |
Өндіріс | 29,4 |
Ауыл шаруашылығы | 10,0 |
Сервис сферасы | 20,6 |
Барлығы | 100 |
Көріп отырғанымыздай кіші бизнес субъектілерінің ұсынысындағы сауданың алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр. Екінші орында өндіріс секторы – 23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3% - бен алады.
Сапалар бойынша инвесторлардыуң артықшылық беруіне келетін болсақ, инвесторлар қазіргі таңда шағын бизнес секторы бойынша өндіріске капитал салымын жасағанды қалайды. 2.1.2. кесте бойынша ол өндіріс секторына инвесторлардың артықшылық беруі 29,4% - да пайыз құрады. Мұндай тендецияның қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі мен экономикадағы сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты. Сондай-ақ сауда секторы бойынша қазіргі кезде бәсекелестік өте күшті және рентабелділік төмен, сол
себепті бірінші орында болып келген сауда секторына инвестициалау қазіргі
кезде төмендеп, шағын бизнестегі инвестиция тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша шағын бизнес секторында 2-ші орында Сервис секторы ашады. Көптеген дамыған елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай экономика дамыған сайын, оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай тендеция бізде де орын алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.
2006 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте жұмысбастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 1998 ж. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте 80 мың адам жұмыс басты болса, 2005ж. осы сектордағы жұмыс бастылар саны 175 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны 95 мыңды құрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2003 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ғы көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады.
Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында бақыланады.
Ал өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорндар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз
(2.1.3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны
№ |
| Барлық тіркелген қожалықтар | Олардан әрекет етушілердің саны | ||||
барлығы |
| ||||||
бірлік | Бар/на % | Бірлік | үлесі | бірлік | үлесі | ||
1 | Республика бойынша | 132308 | 100,0 | 94696 | 100,00 | 46745 | 100,00 |
2 | Ақмола облысы | 4365 | 3,3 | 3523 | 3,7 | 2174 | 4,7 |
3 | Ақтөбе облысы | 4921 | 3,7 | 3787 | 4,0 | 1520 | 3,3 |
4 | Алматы облысы | 5844 | 4,4 | 4673 | 4,9 | 3181 | 6,8 |
5 | Атырау облысы | 3385 | 2,6 | 2911 | 3,1 | 1044 | 2,2 |
6 | Шығыс Қазақстан | 8971 | 6,8 | 6282 | 6,6 | 3674 | 7,9 |
7 | Жамбыл облысы | 4027 | 3,0 | 2817 | 3,0 | 1131 | 2,4 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 2848 | 2,2 | 2389 | 2,5 | 1296 | 2,8 |
9 | Қарағанды облысы | 8590 | 6,5 | 6585 | 7,0 | 2849 | 6,1 |
10 | Қостанай облысы | 5336 | 4,0 | 4038 | 4,3 | 1981 | 4,2 |
11 | Қызылорда облысы | 2593 | 2,0 | 2157 | 2,3 | 1269 | 2,7 |
12 | Маңғыстау облысы | 3639 | 2,8 | 2922 | 3,1 | 1270 | 2,7 |
13 | Павлодар облысы | 6549 | 4,9 | 5009 | 5,3 | 2832 | 6,1 |
14 | Сол.т Қазақстан облысы | 3055 | 2,3 | 2470 | 2,6 | 1238 | 2,6 |
15 | Оңт.т Қазақстан облысы | 11971 | 9,0 | 7737 | 8,2 | 3180 | 6,8 |
16 | Астана қаласы | 10082 | 7,6 | 8646 | 9,1 | 4582 | 9,8 |
17 | Алматы қаласы | 46132 | 34,9 | 28750 | 30,3 | 13524 | 28,9 |
Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2005 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өтен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның 71,6% –ға жақыны жұмыс ісьтейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын ) кәсіпорындар. Осы кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі(42%) саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін көрсететін сапаларға (13,2%) тиесілі.
Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2004ж. 1 ақпанға есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 ж. қаңтар айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика юойынша 2005 ж. ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожағылы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндй қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.
Жалпы тіркелген шаруа қожалықтары мен оларда жұмыс істемейтін адамдардың саны келесі аймақтық кескін бойынша құрылған кестеден құруға болады (2.1.4 кесте):
Шаруа қожалықтары мен олардағы жұмыс бастылар.
№ |
| Барлық тіркелген қожалықтар | Олардан әрекет етушілердің саны | Әрекет ететін қожалықтарда жұмбастылар | |||
бірлік | Барлығына % - да | бірлік | үлесі | Адам | үлесі | ||
1 | Республика бойынша | 149830 | 100,00 | 121730 | 100,00 | 371890 | 100,00 |
2 | Ақмола облысы | 4455 | 2,97 | 2805 | 2,30 | 10540 | 2,83 |
3 | Ақтөбе облысы | 4587 | 3,06 | 3273 | 2,69 | 9179 | 2,47 |
4 | Алматы облысы | 39195 | 26,16 | 31744 | 20,08 | 96800 | 26,03 |
5 | Атырау облысы | 1466 | 0,98 | 1039 | 0,85 | 2261 | 0,61 |
6 | Шығыс Қазақстан | 13029 | 8,70 | 12218 | 10,04 | 35338 | 9,50 |
7 | Жамбыл облысы | 10641 | 7,10 | 8009 | 6,58 | 26700 | 7,18 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 3748 | 2,50 | 2799 | 2,30 | 9557 | 2,57 |
9 | Қарағанды облысы | 5540 | 3,70 | 4690 | 3,85 | 18350 | 4,93 |
10 | Қостанай облысы | 7887 | 5,26 | 4170 | 3,43 | 10250 | 2,76 |
11 | Қызылорда облысы | 1792 | 1,20 | 728 | 0,60 | 3334 | 0,90 |
12 | Маңғыстау облысы | 727 | 0,48 | 345 | 0,28 | 660 | 0,18 |
13 | Павлодар облысы | 3526 | 2,35 | 2294 | 1,88 | 7850 | 2,11 |
14 | Сол.Қазақстан облысы | 6050 | 4,04 | 4630 | 3,80 | 13000 | 3,50 |
15 | Оңт.Қазақстан облысы | 47115 | 31,45 | 42974 | 35,30 | 128025 | 34,43 |
16 | Астана қаласы | 25 | 0,02 | 3 | 0,00 | 4 | 0,00 |
17 | Алматы қаласы | 52 | 0,03 | 9 | 0,01 | 42 | 0,01 |
Қазақстандағы қазіргі таңда кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау юойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді.
Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:
1. Белсене жұмыс істейтін кәсәпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;
2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;
3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;
4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі
2.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі
Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша Шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.
АҚШ-та Шағын және орта бизнесті несиелендіру Шағын және орта бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы Шағын және орта бизнесті несиелендіру негізінен Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан Шағын және орта бизнесті қолдау.
Жапониядағы Шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы - несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы Шағын және орта кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, Шағын және орта бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған Шағын және орта фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы Шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және Шағын және орта кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған.
Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:
- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);
- Шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең Шағын және орта және ортагірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);
- мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін Шағын және орта кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді.
Экономикасы дамыған елдердегі Шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр.
АҚШ-тағы Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау.
АҚШ-та Шағын және орта бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға:
- Шағын және орта бизнес әкімшілігі - ведомостволар, Шағын және орта және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу;
- Шағын және орта бизнес ісі бойынша конгресс комитеті.
Шағын және орта бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: Шағын және орта кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын және орта бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы Шағын және орта бизнес инвестициялық компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам Шағын және орта бизнес инвестициялық компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:
- Шағын және орта кәсіпорындарға Шағын және орта бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту;
- несиелер бойынша кепілдер;
- арнайы бағдарламаларды қаржыландыру (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту);
- Шағын және орта бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі.
Осындай мақсатпен Шағын және орта және Шағын және орта және ортагірім бизнесті дамыту реттеліп отырады.
Жапониядағы Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау.
Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша Шағын және орта және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын Шағын және орта және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын және орта кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы Шағын және орта кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында Шағын және орта бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, Шағын және орта және ортагірім кәсіпорындарды басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады. Елде Шағын және орта бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар:
- орталық үкімет;
- жергілікті билік органдары;
- ірі бизнес;
- Шағын және орта және ортагірім кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.
Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа Шағын және орта кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі жүйелері қолданылады: несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары Шағын және орта және ортагірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде ұсынылады, соның ішінде:
- өндірістің техникалық деңгейінің көтерілуі (жергілікті және орталық билік органдарына жүктеледі);
- өнеркәсіптегі өндірістік технологияларды жаңарту (орталық үкіметке жүктеледі);
- мемлекеттік зерттеу институттарымен бірігіп жаңа ғылыми техника және технологияны жетілдіру (жергілікті билік органдарымен қаржыланады).
Жеңілдіктер пайызындағы займдар келесі жобаларды ұсынады:
- жаңа өнім түрлерін және жаңа технологияларды өңдеу (жергілікті билік органдары);
- жаңа өндіріс түрлерін өңдеу (орталық үкімет);
- аймақтар экономикасын дамытуда Шағын және орта кәсіпорындар құру (орталық үкімет);
- Шағын және орта және ортагірім бизнес кәсіпорындар арасында өндірістік және техникалық корпорация құру (орталық үкімет).
Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау жүйесінің негізгі элементі болып займдар мен несиелер, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға арналған техникалық жаңартулар табылады.
Сонымен, қазіргі кездегі Шағын және орта бизнесті жүргізу еліміздің экономикасына үлкен әсерін тигізетін көптен - көп факторлардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда елімізде Шағын және орта бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр. Осыған байланысты еліміздегі Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны да өсіп келеді деп айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлік - бұл кәсіпкер тұлғаның өз бағытын әске асырудағы жетістіктерге жету шараларының орындалуы болып табылады. Сондай-ақ, Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі - бұл екінші деңгейлі банктердің Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды несиелендіруі, кәсіпорындардың әр түрлі мерзімдегі инвестицияларды тартуы болып табылады. Осындай қаржыландыру көздерін тарта отырып, кәсіпкерлік бағытты іске асырудағы ірі жетістіктерге жету көзделіп отыр.
3 Бөлім. Қ.Р. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары.
3.1. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процес ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып кешуі мүмкүн де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкүн. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің дамуы сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек (6).
Дағдарыстың процесі байланыстар - қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуын білдіреді.
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады. Күйзелістен процесінің кәсіп орында оның құрлымына иновацилық әлеуетіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен, интенсивтілігімен және түрлі ауырлығы түрлі дәрежеге салдармен сипатталады.
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын түрлі динамикалық түрдегі қойымдылары мен көз қарастары болады.
Мюллер өзінің зерттеулерінде стратегиялық дағдарыстар, нәтижелердің дағдарысы және өтемпазықтық дағдарысы тұралы айтады. Бұл дағдарыстардың арасында оның пікірі б/ша уақыттық байланыс болады./6/.
Дағдарыстың мұндай турлерінің туындау процесі келесіні білдіреді: Мюллер б/ша кәсіпорын табыстардың дені сау жағдайында назар аударатын табысталыққа жетудің потенциал түсінігін қолданады. Бірақ потенциал біртіндеп таусылады және егер жақсы айналымды берген ескірген кеткен Өнімдер-киделер орнына жаңа ауыстырмалы табылшасы, кәсіп орнына стратегиалық дағдарыс бойында болады. Нәтижелердің дағдарыс,мысалы бұрынғы Өнім-лидер қоймалық шығындардың жоғарлағында туындайды, ол өз кезінде сыртқы көздерден аиынатын инвестицияларды танар етеді. Ал өтемпаздық дағдарысы классикалық түрде,мысалы кәсіпорындағы барлық процестер сыртқы көздерден қарыпсыландырылғанда несие берушілердің шектеулерінен туындайды
(3.1сурет).Мюллер бойынша дағдарыстың процесі.
Бұл сурет бойынша ерекше момент – бұл дағдарыста айқындаудың дағдарыстың даму процесіне қайшылығы, яғни кәсіпорын өзінің дағдарыс жағдайында екенін, көбінесе күйзелістің «Нәтижелер дағдарысы» мен «өтемпаздық дағдарысы» сатыларында түсіне бастайды.
Дағдарыстық процесті түрлі сатыларға бөлудің қажеттілігі ең алдымен, дағдарысқа ықпал ету және дағдарысты болдырмаумен одан өті бойынша шараларды қолданудың кезі мен уақытын анықтау мен байланысты.
Крисиек бйынша дағдарыстың процестің сатыларын дағдарыстан өтупотенцияның, мүмкіндігі және оны ертерек анықтау тұрғысынан сипаттайды. (3.1.2.)
3.1.2. сурет. Дағдарыстық процестің сатылары.
Кристек бойынша дағдарыстық процестің сатыларын келесідей түрде сипаттауға болады:
1. Саты: потенциялды дағдарыс. Мұндай дағдарыс- тізбекті процес секілді өзін мүмкінді, потенциялды фазада тауып, ол кәсіпорынның нақты дағдарысы ретінде айқындалмайды. Дағдарыстың айқын сипаттарының жоқтығынанкәсіпорының мұндайжағдайы квазинормалды деп силпатталады,яғни әдетте кәсіпорын басталғанын көрсететін уақытынан сипатталады.
2. Саты: латехтті көрінбейтін дағдарыс. Дағдарыстық бұл фазасы енді басталып келе жатқан дағдарыстың асқынуы бойынша ықтималдықтың үлкен шамасымен сипатталады. Мұндай дағдарыс сатысында кәсіпорын оны стандартты инструменттер көмегімен ықпал етуі қолдану арқылы дағдарыстың осы сатысына белсенді әсер ету алдын – ала айқындау шараларын жүзеге асыру көмегімен болады. Жалпы дағдарыстың осы кезеңінде оны жойюдың потенциясы толығымен пайдаланбайды. Бұл әсерде ең негізгісі ертерек айқындау жүйесіне сүйену керек.
3. Саты:өткір өтуге болатын дағдарыс. Бұл сатыда кәсіпорын дағдарыстың негативті әсер етулерін сезе бастайды. Сонымен бірге бұл сатыда кәсіпорынға бағытталған деструктивті ықпал етудің интенсивтілігі үшееді. Ол болса уақыттың тапшылығына, қысымына, тезділігіне/ шешім қабылдаудың тезділігіне алып келеді. Дағдарыстың бұл кезеңінде одан ары пробле малары (дағдарыстан өту факторлары) шешудің әрекет етуші жолдарын табуға талаптар уақыттың тығыздығына байланысты жоғарлайды. Сондай-ақ бұл кезең барлық үлкен күштерді жұмылдыру арқылы дағдарыстан шығу бойынша шаралар мен қолда бар резервтердің таусылуымен сипатталады. Бұл жағдайда жалпы өткір дағдарыстан шығудың мүмкіндігі жоғары болады. Тағы да дағдарыстан өтуге талаптар шегіне дейін жоғарлап, аз уақыт аралығында ситуацианы жақсарту үшін шаралар өзінің нақты қабілеттілігі мен әрекеттілігін көрсету қажет.
4. Саты: өткір өтуге болмайтын дағдарыс. Егер дағдарыс локализациялау жүзеге аспаса, онда кәсіпорын жоюменаяқталатын дағдарыстың процестің соңғы соңғы сатысына көшеді. Бұл сатыдадағдарыстан өту үшін кәсіпорынға қойылатын талаптар оның потенциялынан әлдеқайда жоғары болады. Бұл жағдайда кәсіпорынның дағдарыстан шығуы мүмкін емес болады. өйткені осы кезеңде нақты әрекеттер болмайды немесе олар потенциалдың төмендігіне байланысты тиімсіз болады және уақыттың күшті қысымымен кәсіпорынға қарсы де структивті ықпал етілердің интенсивтілігі күшееді.
Дағдарыстық жәйттардың жіктемесі. Батыс экономистері дағдарыстық жәйттің дамуының 3 сатысн бөледі. Бірінші саты тауарлық материалдық запастардың сату көлемінің тұрақты не төмен өсу қарқындары кезеңіндегі көбеуінен, несиелік береноктың айналмалығы тездетілгенінен, жабдықтау мен өнім сапасымен байланысты туындаған проблемаларынан көрінетін жекелеген жағдайлармен сипатталады.
Аралық саты болса (тараулыматериалдық запастарды қысқарту арқылы ақша ресурстарын үнемдеу салдарынан) материалдың тапшылығымен, жабдықтаушылардың несиеге сатулардың тоқталуымен және қолма-қол қаражаттармен есеп-айырысу талаптарымен, жалақыны уақтылы төмендеуімен айырықшаланады.
Дағдарыстың соңғы кезеңдерінде компания хаостық жағдайға душар болады.осы кезең өндірістік графиктер орындалмайды, өте жиі өнімнің төмен сапасына байланысты олар қайтарылып береді, өндіріс жиі материалдардыңқ жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалады, дебиторлық берешекті жинаудың көп уақыт алуымен сипатталады. Сондай-ақ бұл кезде жабдықтаушылар мен мердігерлер қолма-қол қаражат беруді талап етеді және несие берушілер де заемның шарттарын өзгертуді талап етеді. Нәтижесінде, компанияда меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі байқалады.
Осыдан келесі қорытынды жасауға болады:критерийлерге сүйену арқылы біз қазақстандық ауыл шаруашылығында шағын ж/е орта бизнес субъектілері болып табылатын шаруа. қожалықтарының жағдайы осы соңғы сатыға жатқызамыз .
Сонымен біз дағдарыстық жәйт түсінігін кеңейтуді ж/едағдарыс пен банкроттық (қабілетсіздік )түсініктерін ажыратужы ұсынамыз. Төменде берілген тұжырымдама маневр жасаудың үлкен бостандығы мен заңнамалық антидағдарыстық реттеу процесімен асырылатын шаралармен салыстырғанда дағдарысқа қарсы процедуралардың кен таңдауын беретін – кәсіпорын толығымен меншік иегері мен тартылған мекеменеджерлердің бақылауында болу жағдайындағы негативті тенденцияларға сәйкесінше бейімделу мақсатымен дағдарыстық жайтты ертеректе идентивикациялауды көздейді. Дағдарыстық жайтты – кәсіпорын иелерінен ақша қаражаттарының басқа жаққа кетуіне себепші болатын активтерді және кешелік берешекті тиімсіз басқару реттінде сипаттауға болады. Осыған орай біз дағдарыстық жайыттын келесі жіктемесін ұсынамыз :
1. кәсіпорын иелері үшін дағдарыс;
2. несие берушілер үшін дағдарыс ;
3. несие берушілердің мудделеріне сәйкес заң нашалық реттеу :
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады.оны анықтау критерші ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған,яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы реттінде тәуекелдері теңдес альтерпативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп,кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құным тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағындық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті инвестициялық жұмсалымның құны меншікті капиталдық ағымдық нарықтық құнынан көп болса, онда кәсіпорынның иегері үшін жоғалтулардың бар екені және дағдарыстық жайыттын бірінші сатысы басталғаны туралы айтуға болады.Сондықтан қарстырылып отырған дағдарыстын сатысын иденфикациялау үшін бастапқы альтернативті капитал жұмсалымының кәсіпорын иесінің табысының екі құраушысы – кәсіпорын иесі үлесінің құны мен үлестік табысымен салыстыру қажет.
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – нң заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетік бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды арбитраждық сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструментарилері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай – ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек. /8/.
Бұл бітіру жұмысында «Дағдарысқа қарсы менеджмент» түсінігі ең кең мағынада қарастырылады. Яғни ол мақсаттылық пен уақыттылық сипаттамаларын ескереді. Сондықтан «Антидағдарыстық менеджментті » кәсіпорындағы базалық айналмалы көрсеткіштерді сақтау бойынша шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру болып табылады. /9/
Өтімділік, табыс немесе айналым сияқты айнымалы базистік көрсеткіштерді сақтауды қамтамасыз етуге тікелей ықпал ету салдарынан «Реактивті дағдарысқа қарсы менеджменттің » жекелеген құрамдас бөліктерін нақты мақсаттылығын сипатталады, мәселен өтімділік пен табыстылықтың белгілі бір деңгейіне жету. Бұл мақсаттылық және сонымен қатар уақыттың жетіспеушілігі дағдарысқа қарсы салмақталынған тұжырымнаманы әзірлеуді, сондай – ақ бұрынғы мақсаты мен нормалды қайта қарауды қиындатады. «Рекактивті дағдарысқа қарсы менеджментті» жағдайда қалпына келтіруге бағытталған жоспарлау мен критерийлердің көп емес санына негізделген шараларды енгізу ретінде «Антиципативті дағдарысқа қарсы менеджмент» нақты шараларды әзірлеу міндетіне қарағанда тек қана төмен деңгейде қалыптастырылатын жалпы мақсаттарды әзірлеумен байланысты шараларға бағытталады. Антицепативті қатынас кәсіпорынның барлық облыстарын қамтитын менеджменттің ұзақ мерзімді міндеттері ретінде түсіндіріледі. /10/
ҚОРТЫНДЫ
1. Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың 3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлемі 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
2. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
3. АҚШ тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері ісерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса,екіші біреулері ашылады.
Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Қазақстандық тәжрибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолдаған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті-шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубатролар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжрибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенненсоң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес- -инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды роль ойанйды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты-қаржылық жеңілдіктер, кңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардыңболуы ықпал етті.
Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі-шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тарады.шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықттық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Фрацуз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға аусуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде- аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар.80-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын жіне орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%-зы кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұтап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздануірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаға азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағынжіне орта бизнестідамытуды жолдамдатты.
4. Бұл сұрақта Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің кәзіргі кездегімен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.
Дамыған индустриялды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ-гі сыбағалы үлнесі 30%-дан аспайды. Мәселен, 2005жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің ЖІӨ-гі үлесі 17% болды,ал 2006 жылы бұл пайыздық қатыныс 20% шамасында болды.Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экномикадағы елеулі еместігін көрсетеді.
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады.Осы саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.
Мұдай жағдайдың қалыптасуы ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенің көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы 5 жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Малый бизнес № 23 – 24. Декабрь. 1998г
2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.
3. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ. Алматы, 1999 г.
4. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва, 1999 г.
5. Гражданский кодекс Республики Казакстан.
6. Аль – пари. Август – октябрь, 1997 г.
7. Статистический сборник Казакстана за 1998 и1999 г.\\ оперативная информация.
8. Аль – пари № 2, 1998 г.
9. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.
10. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана,
1996 г.
11.Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000. стр 146-155;
12. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.
13.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2001.
14.Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – с.284.
5