Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 10:26, реферат
Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы – Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез-қылығына, дүниетатымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат-мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным-түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды. Кейбіреулер, керісінше, жағымпаздықпен, тамыр-таныстықпен өз дәрежесінен артық мансап, мәртебеге ие болып, халқына түк пайдасы тимесе де «қайраткер», «құрметті азамат», «лауреат», «халық қалаулысы» атанады.
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы – Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез-қылығына, дүниетатымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат-мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным-түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды. Кейбіреулер, керісінше, жағымпаздықпен, тамыр-таныстықпен өз дәрежесінен артық мансап, мәртебеге ие болып, халқына түк пайдасы тимесе де «қайраткер», «құрметті азамат», «лауреат», «халық қалаулысы» атанады.
Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс, ол шын мәнінде адам деген атқа ие болу», - дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой-пікірі: кез-келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекке қабі-летті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы же-місті болып, өмірде жар-қын із қалдыра алады. Алайда, мұндай адамдар ең бірінші, өзінің қандай іске арналып жаратылғанын білсе, халқына да берер жемісі қанша ма мол болар еді...
Өмірде көріп,
біліп жүрген ақиқат: көп адамның
өзіне лайықты орнын таппауы,
кейбіре-улердің өз ақыл-ойы, дүниетанымы,
іскерлігі, білімі, біліктілігі сәйкес
келмейтін жоғары орында болуы, дәрежесінен
артық сый-құрметке бө-ленуі. Бұл барлық
кезде қоғамымызда орын алып келе жатқан
жиіркенішті жаман дерт. Сол себепті де
Жүсіпбек Аймауытовтың айтып кеткен мына
бір сөзі әлі күнге дейін мән-маңызын жоғалтқан
жоқ: «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің
бірі - әлеуметтің мүшесі, әр адам «өз орнында»
қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам
қалай болса солай сүйреуге көне беретін
тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын
«алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен,
еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен
туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке
икемді болып туады; басқаша айтқанда,
әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет,
яки, зеректік болады. Біреу бала оқытуға,
біреу етік тігуге, біреу әкім болуға,
біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу
жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу
саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып
жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ
жан сирек болады; ең болмаса өтірік айтуға
зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне
біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп,
қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де,
үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген
адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.
Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып
алатын адамдар сирек болады. Адамның
көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп,
өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен
күні өтеді. Өз жолында қызмет істемеген
адамның жұмысы бере-кесіз болғаны өз
алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан
өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз
жан болып күнелтеді».
Иә, өте орынды
айтыл-ған, ұлтымызға ұлағат боларлық
асыл сөз. Өйт-кені, адамдардың қай-қайсы
да өзі өмір сүріп отырған елдегі
қоғамның мүшесі, яғни сол әлеу-метке
бір бөлшегі ретінде өз пайдасын
тигізуге, сол үшін еңбек етуге, қоғамдық
жұмысқа ат салысуға тиіс. Алайда, ада-мдардың
сана-сезімі әрқи-лы. Біреулер елі мен
жері үшін көп еңбек сіңіреді, сол жолда
үйін де, күйін де ұмытып кететіндері де
жоқ емес. Екінші біреулер өзінің жеке
басының мақсат – мүддесін көбірек ойлап,
көп еңбектенуден бойын тежейді. Сонда,
әр адам өзі мен қоғамның мақсат-мүддесін
қандай жағдайда бірге тоғыстырып, екі
жаққа да пайдалы еңбек ете алады? Біздің
ше, ол әрбір адам бойына біткен қабілетіне,
ыңғайына, мүмкіндігіне, зеректігіне,
еңбексүйгіштігіне, іскерлі-гіне, жауапкершілігіне,
адалдығына, білімі мен біліктілігіне
сәйкес өз орнында қызмет істесе ғана
жүзеге асады.
«Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамға пайдасын тигізіу үшін «Өз орнында» еңбек етіп жүр ме?». Оны сол адамның елі мен жері үшін атқарған қызметі, сіңірген еңбегі айқындап береді. Бұл қазіргі ел ағалары атанып жүргендерге де, билік басындағыларға да тән. Олардың қайсы жақсы, жаман атымен тарихта қалады, ол уақыт еншісінде.
Сөз орайы келгенде
айта кететін жағдай, қазір оқыған,
ақыл-есі бүтін бірқатар азаматтар
өздерін қызметте тұрлаусыз, не болса
соған тез еліктегіш, одан тез суынғыш,
шала білімділік, мансапқорлық, пайдакүнемділік,
кеңсе-шілдік, даурықпа – даңға-залық,
өз бетінше шешім қабылдай алмаушылық,
жауапсыздық, жағымпа-здық, сөз тасығыштық
тәрізді жағымсыз жақтары-мен, мінез-құлқымен
жиі көрсетеді. «Білгіштер» оған заманды,
тұрмыс жағдайының қиындығын, ардың да,
намыстың да ақшаға сатылатындығын кінәлайды.
Біздің ше, бұл – мұндай адамдардың мемлекеттік,
қоғамдыққызметке, сол мамандық-қа пісіп,
жетілмегенін, тәжірибе жинақтамаға-нын,
лайықты еместігін көрсетеді.
Жасыратыны жоқ,
қазі-ргі көп адамның
Алайда, қазаққа
бірың-ғай басшылар ғана қажет пе?
Еліміздің экономикасын, мәдениетін,
әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартып,
дамыту үшін бізге дәрігер де, мұғалім
де, инженер де, әнші-күйші де, журналист
– жазушы да, жүргізуші, ұшқыш та, тас қалаушы,
ағаш шебері де, аула сыпырушы, етік жөндеуші
де, сатушы, жүк көтеруші де керек емес
пе? Сол жұмыс, мамандықтар ар-қылы да Отаныңның
гүлдеп, көркеюіне үлес қосуға болады
ғой. Жоқ,біздің мектеп бітіруші жастарымыздың
көпшілігі-нің арманы заң, халық-аралық
қатынастар, экономика университеттеріне
оқуға түсіп, прокурор, сот, елші, бизнесмен
болу. Япырмау, сонда басқа, қарапайым
мамандықтарды кімдер меңгеріп, жұмыс
істейді? Олардың бәрін өмірде жолы болмағандар,
тұр-мыс жағдайынан оқи алмағандар, сотталып
келгендер мен ауруға шалдыққандар атқаруға
тиісті ме. Бұл өмірде қарапайым болса
да халыққа керек мамандықтардың қадір-қасиетінің
қашқаны ма, оларды ешкімнің де көңілі
қалап атқармайтын болғаны ма? Біз соны
ойлағанымызда, тақыр жердің төсіне қала
салуды, егін егуді, онда мал бағып, елін
ырыс-құтқа бөлеуді армандап, құрылысшы,
тракторшы, қойшы, бақташы болған өз замандастарымызды,
аға-апаларымызды еске алып, оларға құрметпен
бас иеміз...
Осы орайда біз тағы да Жүсіпбек Аймауытовтың: «Жұрттың бәрі әкім, кемесер (комиссар, М.С.) болғанда, осынша (басқа, М.С.) қызметтерді істеуші кім болмақ? Әрине, ешкім де болмайды. Ендеше әлеумет жұмысы орнынан қозғалмайды. Әлеумет ілгері баса алмаса, әкім де керексіз болады. Бұл дұрыс емес. Әлеуметтің тұрмысы оңалу үшін, онымен бірге әр адамның тұрмысы түзелуі үшін әр адам қолынан келерлік, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе, әлеуметтік пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай, бөтен жолға түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай жерге көміледі. Ондай адам өміріне разы да болмайды. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемдігіне қарай талант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен қандай қасиет барлығын білуі әжет. Дәлелдеп айтқанда, әр адам өзін-өзі тануы керек. Өзін-өзі танымаған өзгені де тануға шорқақ», - деген сөзінің өмір шындығы, оның қазақ халқының дәстүрлі қоға-мында өзгермей, мән-маңызын жоғалтпай келе жатқанына қайран қаламыз.
Адам баласын оқытып, үйретіп көп кәсіпке бейімдеуге болатын шы-ғар. Алайда, кейбір зат-тардың түсін айыра алмайтын адамдарға автокөлікті жүргізуге тыйым салынатыны тәрізді, ата-аналарға да ұл-қыздарын еріксіз басқа мамандықтарды, кәсіпті меңгеруге күштеп көндіруге болмайды. Кезінде Кеңестер Одағын-да кәсіпке бейімделудің ғылыми жүйесі жасалынып, ол инженерлік психология мен эргономиканы (жұмыс заңы) зерттеу жұмысымен байланыстырыла жүргізілген-ді. Сонда кәсіпке бейімделу, оның соңғы сатысы, яғни, кәсіпті таңдау –азаматтық міндетке айналып, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Балтық бойы республикаларында тамаша тәжірибелер жүзеге де асырылған еді. Нарық келгеннен кейін адамдардың кәсіпке бейімделуі, бір мамандықтан кейін екінші мамандықты меңгеруі, бұл салада табысқа жетуінің жолдарын зерттеу, сол бойынша жұмыстар жүр-гізу ұмыт қалды. Кезінде Өзбекстанда балалар мен жасөспірімдерді, жігіт-қыздарды кәсіпке бейімдеу мақсатымен әр жаққа тартқылауды және әбігерлікке салуды болдырмауда, олардың жүрер жолын әуел бастан-ақ білуіне көмектесу мәселесінің мемлекеттік деңгейде қолға алынғаны да есімізде. Бұрын да, қазір де адамдарды кәсіпке бейімдеуде Қазақстанда қандай жұмыстар атқары-лғанынан, қазір де бұл бағытта қандай шаралар қолға алынып отырғанынан көп халық хабарсыз...
Атаққұмар деген сөзайтылғанында көз алды-ңда арзан даңққа жету үшін ешнәрседен де тайынбайтын, жиренбейтін безбүйрек таныстарыңның жағымсыз бейнесі елес береді. Өз дәуірінде Спиноза атаққұмарлық жөнінде былай деп айтып кетіпті: «Атаққұмарлық дегеніміз - шамадан тыс даңқын асырғысы келу». Ал кейбір данагөйлердің пікірінше, атаққұмарлық – ақыл арсыздығы.
Тек, «атаққұмарлық
сезімі таза болса, әрбір адам жақсы
болуға талпынады» (Виктор Пекелис), - дейтіндер
де бар. Олар Лев Толстойдың күнделік дәптерінде
өзін жас кезінде намысқорлық пен атаққұмарлықтың
әрекет етуге итермелегенін жазып кеткенін
мысал етеді. Және де шығармашылық қызметтерді
зерттеуші-лердің пікірінше, атаққұ-марлық
осы қызметтерге ең басты дем беруші күштердің
бірі. Себебі, атаққұмарлық адамда жігер
шақыратын көрі-неді...
Өмір тәжірибесі
көрсет-кеніндей, атаққұмарлық пен
мансапқұмарлық текбасшыларға, шығармашы-лық
адамдарына ғана емес, басқа да мамандық
иелеріне тән. Мысалы жөндеушінің кәсіпорын
басшысы бола алмауы мүмкін. Алайда,
оған өз ісінің шебері атануға, өзге жөндеушілерден
артық маман болуына жол ашық тұрған жоқ
па? Әріптестерінен асып түсуді армандау
– бұл да атаққұмарлықтың бір көрінісі.
Оны жақсыға, жаманға бағалау әркімнің
өз шаруасы. Жазушы - психолог Виктор Пекелис
бұл орайда тағы да былай дейді: «Генерал
болуды арман етпейтін жауынгер жаман»,
- дейтін мақал бар. Бұл, білгіңіз келсе,
қалыпты атаққұмарлық формуласы. Мансаптық
реттегі «генерал» - бұл қарабастың қамы,
аясы тар мақсат, бұл бір-ақ нәрсеге –
қайткен күнде де жоғары көтерілуге тырысу!».
Сондай-ақ, кейбір психолог, данагөйлердің пікірінше, пайдалы да таза атаққұмарлық та болады. Паскаль бұл хақында былай деп жазып қалдырған: «Жер бетінде адам неге ие болса да (тамаша денсаулық, өмірдің барлық игілігі), егер адамдардың сый-құрметіне бөленбесе, ол бәрі – бір өзіне-өзі риза болмайды. Адамның ақыл-парасатына жаны құмарлығы соншалық, адамдардың көңілінен шықпағанша, көңілі көн-шімейді».
Психологтардың,
зерттеушілердің пайымдауынша, «Басшының
басқару стилі адамдарға әсер етудің алуан
түрлері мен тәсілдерінен тұрады». Олар:
жуастық пен қатаңдық, жеке дара бақылап,
байқау мен ұжымдық талдау, талап ету және
қол астындағы адамдардың өзіне талабын
бұлжытпай орындай білу, сену мен ресми
қарым-қатынаста болу, бұйыру мен сұрау,
адамдарды жолдастық сезімде жақын тарту,
ренжу мен жымиып күлу тәрізді қылықтар
мен қарым-қатынастар.
Кім бастық болуға
лайықты? Бұл сұраққа жауап беру
үшін кімнің белгілі бір ұжымды басқаруға
мүмкіндігі, құқы жоқ, сол туралы ойлансақ,
артық емес тәрізді. Өйткені, ойшыл У.Пенн
айтқан ғой: «Өз басын басқара алмайтын
адам басқаларды басқаруға да жарамайды»,
- деп. Біздіңше, бұл сөзде үлкен мән, маңыз
бар. Иә, өзін де, өзгені де басқара білу
үлкен өнер. Оны игеру үшін талап, талант,
білім, тәжірибе, қайрат – күш қажет. Оның
кәсіби, рухани жағынан үнемі өсіп, дамуына
ынта-ықыласының болуы да басты шарт. Ең
бастысы, басшы қарамағындағы қызметкерлерден
ой-пікірі, дүниетанымы, білімі, іскерлік
қабілеті, интеллектуалдық, адам-гершілік,
этикалық жағы-нан жоғары деңгейде болуға
тиіс. Соған қарамастан, ол өзін-өзі қарапайым,
мәдениетті, мейірімді етіп ұстаса, тіпті,
жақсы. Әйтпесе, басшының өз ұжымы алдында
беделі болмайды. «Беделсіз басшының ұжымында
береке жоқ».
Басшы болсын, қара-пайым жұмысшы болсын, әркімнің өмірде өз орнын тапқанынан артық бақыт та, байлық та жоқ. Ал адамдардың өз орнында емес, өзгенің орнында отыруы, шын мәнінде сый-құрметке лайықтылардың атақ-абыройын лайықсыз иемденуі - әлеуметтік әділетсіздік қана емес, қоғамдық кесел, күнә.
Өмірде өз орныңды
таптың ба, сен, замандас?!
Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не ғып өткізгеніңде өзің де білмей қалыпсың?
Абай Құнанбаев.
1) Нені тез орындау көзделсе, қандай
жағдайлар кездеспесін, орындайтын бол. 2) Орындайтын ісіңді жақсылап орында. 3) Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны есіңе түсіруге тырыс.
4) Ақыл-ойыңды
барлық күш-жігеріңмен тез
Л.Н.Толстой.
...адамның өзін-өзі
тексеруі оның жан
тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт.
Мағжан Жұмабаев.
Информация о работе Кәсіпорын персоналын басқаруды жоспарлау және бақылау