Кәсіпорынның менеджменті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарқытық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін менеджменттің теориясы мен практикасын экономиканың түрлі салаларында тереңірек меңгеру қажет. Экономикалық дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде.

Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

Работа состоит из  1 файл

Менедж маг каз.doc

— 95.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі  білім беру институт   

Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

«Бекітемін»

     «Бизнес және құқық» факультетінің деканы 

   э.ғ.к., доцент_________ Қалықова Б. Б. 
 
 
 
 

  

6М050700 - « Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының  

БАҒДАРЛАМАСЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011 ж. 

Авторлар: Касенов  К.Р.-э.ғ.д.,рофессор

                   Керимова У.К.-э.ғ.д.,профессор м.а.

                  Есенгазиева С.К.-э.ғ.к., доцент м.а.  
 
 

         Оқуға түсу емтиханы пәндердің типтік бағдарламалары негізінде жасалған (Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, өндірістік менеджмент,инновациялық менеджмент, экономиканы мемлекеттік реттеу, бизнесті ұйымдастыру ) мамандығы (050507-«Менеджмент»)  
 

      Оқуға түсу бағдарламмасы кафедра отырысында қаралды 

          «    »                   2011ж., хаттама № __ 
 

     Кафедра меңгерушісі                                    э.ғ.д., проф.  Қасенов Қ.Р. 
 
 

     Оқуға түсу бағдарламасы «Бизнес және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған   «  »                  2011ж.,      хаттама №  
 

Төрайымы                                        Байболтаева Н.А. 

      Оқуға түсу бағдарламасы жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беру институтымен келісілген

                     

                       ЖООКБ Директоры  ________________________Акилова Ұ.Ш. 

КІРІСПЕ  

    Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында  нарқытық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін менеджменттің  теориясы мен практикасын экономиканың түрлі салаларында тереңірек меңгеру қажет. Экономикалық дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде.

    Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы  жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

    Аталған мамандықтың кәсіби және ғылыми-педагогикалық  қызметі экономиканың нақты секторы, жоғарғы оқу орны, қаржы-банктік жүйе, бизнес және кәсіпкерлік сияқты салаларда жүзеге асуы мүмкін.

    Кәсіби  және ғылыми-педагогиялық қызмет пәні келесідей дұрыс, стратегиялық басқару  шешімдерін қабылдау үшін, объектілердегі ұйымдық-экономикалық және басқару қатынастарының тиімді жүйесін қалыптастыру және қолдау үшін түрлі бағыттар мен ұйым қызметінің салалары бойынша басқару зерттеулерін жүргізу алу болып табылады. Магистранттан қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру үшін стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың әдістерін, ережелерін және тәртібін меңгеру, экономика, маркетинг, қаржы, өндірістік және инновациялық қызмет, персонал менеджменті және т.б. салаларда жоғары кәсіби біліктілік негізінде тапқырлық пен іскерлік белсенділік талап етіледі.

    6М050700 – «Менеджмент» мамандығы магистерлері  кәсіби және ғылыми-педагогикалық  қызметтің келесідей түрлерін  атқара алады:

    • ұйымдық-технологиялық қызмет. Магистер талдау, есеп-нормативтік, кеңес беру қызметі салаларында білікті қызмет ету үшін барлық дағдыларды,  нақты кәсіпорындарында менеджмент технологиясын жасау және қолдануды меңгереді, соның ішінде басқарудың ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын жасауда ат салысады;
    • жобалық. Ол басқарудың жаңа экономикалық әдістерін жасау және оны өндіріске ендіруді, басқару жүйесі дамуының тиімді жолдарын анықтау және жаңалық енгізу бойынша ұсыныстар жасауды, сондай-ақ экономикалық жобаларды талдауды жүргізуді, несие, қарыз, инвестиция және басқа да қаржылық қолдау түрлерін алу үшін қажет, экономикалық жобаға немесе жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға қатысты арнайы құжаттарды (технико-экономикалық мәндегі, бизнес-жоспар және т.б.) жасау және тиімділігін талдауды қарастырады;
    • өндірістік-басқарушылық қызмет аталған мамандықта басқарудың ең басты функциясы болып табылады, себебі білім беру үрдісі олардан басқару процесімен байланысты барлық сұрақтарды терең зерттеуді талап етеді; соның ішінде өндірісті басқару, басқару принциптерінің тиімді жүйесін жасау және оны тәжірибеде қолдану, басқарудың құрастырылған ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын пайдалану, негізгі басқарушылық функцияларды жүзеге асыру, олардың орындалу тиімділігін талдау, басқару технологиясының сақталуын бақылау, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын құру және ағымдағы өндірістік қызметті және т.б. жоспарлау;
    • ғылыми-зерттеу. Магистер қызметін жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының сәйкесінше зерттеу топтары құрамында, аграрлық кәсіпорындарда және өзі жеке  жүзеге асырады;
    • менеджмент магистерінің білім беру және педагогикалық қызметі универститет, институт, гимназия, колледж, лицейлердің кәсіби қызмет түріне байланысты;
    • коммерциялық, басқару саласындағы материалды өндіріспен және әлеуметтік дамумен байланысты.

    Магистранттың кәсіби және ғылыми-педагогикалық әрекетінің функциялары:

    • өндіріс пен басқару дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау;
    • басқарудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігі;
    • басқару және өндірістік объект құрылымдарын жасау, өндірістік аппаратты ұтымды құру;
    • өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру;
    • персоналды ынталандыру, оның еңбегін іске асыру;
    • басқару қызметінің барлық жағын үйлестіру және бақылау;
    • материалды және материалды емес өндіріс саласына инновация ендіру.
 
    1. Пән атауы және оның негізгі  бөлімдері
 
      1. Менеджмент  теориясы мен практикасы
 

    Басқару ғылымының пәні, әдісі және міндеттері. Басқару және оның қоғамдағы рөлі. Басқару табиғаты және менеджмент эволюциясы. Табиғат задылықтары және басқарудағы  қоғам. Басқарудағы жүйелік ықпал. Басқару құрылымы және функциясы. Басқарудың экономикалық механизмі. Басқарудың экономикалық процестермен психологиялық мәні. Менеджмент қызмет түрі ретінде.  Ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Менеджменттегі жоспарлау. Менеджменттегі жоспарлпу. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде. Мотивация менеджмент функциясы ретінде. Ішкіфирмалық бақылауды ұйымдастыру. Ұйымды стратегиялық басқару. Қаржы институттарындағы стратегиялық менеджмент. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару. Салық менеджменті. Инновациялық менеджмент. Антикризистік басқару. Жобаларды басқару. Кәсіпкерліктегі тәуекелділікті басқару. Менеджменттегі коммуникация. Басқару шешімдерін қабылдау процестері. Командалық менеджмент. Жетекшілік, билік және бедел теориялары. Кәсіпорын қақтығыстарын басқару. Персоналды басқару концепциясы. Басқару этикасы және ұйымдастыру мәдениеті. Өндіріс басқару объектісі ретінде. Өнім сапасын басқару. Еңбекке ынталандыру және төлемақы. Өнімділікті басқару. Менеджмент тиімділігін бағалаудағы методологиялық әдіс. 

      1. Өндірістік  менеджмент
 

    Өндірістік  менеджмент объектісі және зерттеу  пәні. Басқару мазмұны. Өндірістік процесс және оның құрылымы. Өндірістік күш. Кәсіпорынды орналастыру. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы. Өндірісті арнасыз әдіспен ұйымдастыру.  Өндірісті арналы әдіспен ұйымдастыру. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Аспаптық шаруашылықты ұйымдастыру. Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру. Ішкі завод транспортын ұйымдастыру. Қойма шаруашылығын және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру. Өнім сапасы стратегиясы. Өндірістік қорды басқару. Өндірісті жоспарлау. Өнімді өткізуді ұйымдастыру. Сұранысқа бағдарланған өндірісті жоспарлау стратегиясы. Өнім компонентінде қажеттілікті жоспарлау. Өндірістік бағдарламаларды құру. Құрастырушы цехтарға арналған шығарушы бағдарламаларды құру. Өңдеуші цехтарға арналған өндірістік бағдарламаларды құру. Өндірісті оперативті басқару. Оперативті-күнтізбелік жоспар жасау. Өндіріс ағымын бақылау және реттеу. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру. 

      1. Инновациялық  менеджмент 

    Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазіргі  заманғы тұжырымдамасы. Компанияның  инновациялық қызметін басқару негіздері. Инновациялық процестерді ұйымдастыру  әдістері мен формалары. Кәсіпорынның инновациялық ықпалы деңгейін анықтау. Инновациялық жобаларды басқару және жобаның тиімділік деңгейін бағалау. Өнімнің өмірлік циклінің түрлі этаптарында инновацияны құру және меңгеруді басқару әдістері. Инновациялық стратегиялар. Инетеллектуалды меншік. Технология трансферті. Лизинг. Фрэнчайзинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия. Шығын инновациялық бизнес. Венчурлік қаржыландыру. Инновациялық тип бойынша шаруашылық субъектілерін жіктеу және олардың өзгермелі сыртқы орта жағдайы нарығындағы әрекетін талдау. Инновациялық қызметті қолдаудың әлемдік тәжірибесі. Инновациялық инфраструктура. Жаңалық енгізу инновациялық басқарудың объектісі ретінде.  

      1. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)
 

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық  аспектілері. ЭМР әдістеме түсінігі және оның негізгі элементтері. Мемлекеттік реттеу формаларының жалпы сипаттамасы. Болжау және стратегиялық жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдісі ретінде. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері. Экономиканы қаржы-несиелік реттеудің негізгі механизмдері. Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Ғылыми- техникалық прогресс бағыттары және оны жылдамдатуда мемлекеттің рөлі. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатын құру және жүзеге асыру механизмедері. Аграрлық саланы мемлекеттік реттеу.Бәсекелік ортаны қалыптастыру және антимонополиялық реттеу. Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеу. Аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу. 

    1.5 Бизнесті ұйымдастыру 

    Кәсіпкерлік түсініг. Кәсіпкерліктің шығу тарихы және мәні. Кәсіпкерлік формалары мен  түрлері. Кіспкерліктің негізгі  ұйымдық-құқықтық формалары. Бизнесті ұйымдастырудың қаржылық жағдайы. Шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары. Интеграциялық-корпоротивтік құрылым (ИКҚ). Венчурлік (тәуекелді) бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеуші негізгі заңдар. Фирманың банкротқа ұшырауы және ликвидация. Оңалту әдістерін қолану. Компания қызметін бизнес-жоспарлау. Бизнес-жоспар бөлімдері. Қазақстанда лизинг және факторингтің дамуы. Шағын кәсіпкерліктің шетел мемлекеттерінде дамуы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. 6М050700-«Менеджмент»  мамандығы бойынша  магистратураға қабылдау  емтихан сұрақтары  тізімі 
 

      «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі»  пәні 

  1.   Басқару және оның қоғамдағы рөлі.
  2. Басқару ғылымының пәні және объектісі.
  3. Басқару ғылымының категориясы мен әдісі.
  4. Басқару ғылымының міндеттері және оның қазіргі заманғы білімдер жүйесіндегі орны.
  5. Басқарудың экономикалық, ақпараттық, жүйелі-мақсатты және психологиялық мәні.
  6. Басқару ғылымының жағдайы, үрдісі және келешегі.
  7. Басқарудың әлемнің түрлі елдерінде даму ерекшеліктері.
  8. Менеджменттің Қазақстанда және ТМД елдерінде дамуы.
  9. Жүйе анықтамасы және оның сипаты.
  10. Басқару жүйесінің моделі.
  11. Өндірістік-өткізу қызметін басқаруға жүйелі-мақсатты ықпал.
  12. Нәтиже және тиімділік бойынша басқару.
  13. Басқару заңдылықтары мен принциптері.
  14. Басқару функцияларын иерархия деңгейі бойынша бөлу.
  15. Басқару жүйесін құрылымдық ұйымдастырудың объективті қажеттілігі.
  16. Ұйым мен ішкі жүйенің тік және көлденең байланысы.
  17. Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалау, жүйелі-мақсатты ықпал.
  18. Құрылым талаптары және оны анықтаушы факторлар.
  19. Басқарудың ұйымдық құрылымының рөлі мен алатын орны.
  20. Нарықтық экономика басқарудың тиімді экономикалық механизмі ретінде.
  21. Меншік, еңбек, пайда және олардың өзара әрекет механизмі.
  22. Еңбекті бағалау әдістемесі және оны стратегиялық басқаруда қолдану.
  23. Аграрлық сектор және агроөнеркәсіптік кешен салаларының ерекшеліктері.
  24. Экономикалық тәртіп психологиясы.
  25. Нарық субъектісі психологиясы.
  26. Серіктестердің экономикалық қатынастар психологиясы.
  27. Экономикалық  келіссөздер мен сауда психологися.
  28. Екі жақ әрекеттері принциптері мен ережелері.
  29. Бизнес-менеджмент түсінігі.
  30. Менеджмент мақсаты мен міндеттері, менеджер және оның функциясы.
  31. Кәсіпкерлік, бизнес, кәсіпкерлік құрылым менеджменті түсінігі.
  32. Менеджмент кәсіпкерлік қызметті басқарудың тәжірибесі мен өнер ретінде.
  33. Ұйым түсінігі. Ұйымның негізгі сипаттары мен түрлері.
  34. Ресми және ресми емес ұйымдар. Ұйымдардың жалпы сипаттамасы.
  35. Ұйым құрылымы.
  36. Ұйым міндеттері. Ұйым міндеттерінің мақсаттармен өзара байланысы.
  37. Міндеттер мен мамандандыру.
  38. Технология түсінігі.
  39. Жоспарлау мәні мен принциптері.
  40. Стратегиялық жоспарлау.
  41. Жоспар жасау әдістері.
  42. Жоспарлау мазмұны мен міндеттері.
  43. Ұзақ мерзімді жоспарлау.
  44. Тактикалық жоспарлау. Құру тәртібі.
  45. Жоспарлау, графиктер, байланыс, деңгейлер принциптері.
  46. Фирманы басқарудағы бизнес-жоспар.
  47. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде.
  48. Басқарудың ұйымдық құрылымының типтері.
  49. Мотивация анықтамасы және мәні.
  50. Мотивацияның алғашықы концепциялары.

Информация о работе Кәсіпорынның менеджменті