Мемлекеттік қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:45, реферат

Описание

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялык, басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік каржыны баскару.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Қаржылық бақылау  комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәрсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды  функцияларды Салық комитеті орындайды.

Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Қаржы министрлігі  жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы  органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандык, қаржы басқармалары мен  бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкішаруашьшық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.

Жергілікті қаржы  органдарының міндеттеріне мемлекеттік  қаржы тәртібін сақтауды бақылау  кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған  жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.

Салық заңнамасына  сәйкес салық органдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар  бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.

Салық органдары  тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі белгілі бір түрде  қатысады. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.

Қаржыны басқаруға  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялык, жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және ұйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді бөліп көрсетуге  болады: Салық саясаты және болжамдар  департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті; Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті; Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті; Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қәуіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті; Әлеуметтік сфера шығыстарьш жоспарлау департаменті және басқалары.

Елімізде Республикалық  бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Есеп комитетінің  құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының  Коституциясымен, зандарымен, Қазақстан  Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Мемлекеттік бюджетті  жоспарлау 

     Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

     Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық  мағынасы барлық қаржылық жүйенің  әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.  Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

     Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың  және оның маңызды құрамалы  буыны – бюджеттік жоспарлау,  яғни барлық халықшаруашылығын  жоспарлаудың органикалық бөлшегі  болып табылады. Сонымен қатар,  қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

     Бюджеттік жоспарлау қаржылық  жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың  мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

     Мемлекеттік бюджетті жоспарлау  процесінде келесі негізгі мақсаттар  шешіледі:

  • Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
  • Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
  • Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
  • Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
  • Бюджеттің жалпы және  шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

     Бюджетті жоспарлау процесінде  осы мақсаттарды шешу бөлек  бюджеттер арасында мемлекеттік  бюджеттің кірістері мен шығыстарын  тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық қарастырылады.

     Мемлекеттік бюджетті болжамдау  маңында бюджеттің кірістік және  шығыстық бөлімдерінің дамуының  ықтимал бағыттарына нақты бағаларын  анықтау процесі түсіндіріледі.  Бұл экономика дамуын болашақ  жоспарлауына негізделеді, себебі  натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

     Бюджеттік болжамдаудың негізгі  мақсаты – ол экономикада қазіргі  кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық  шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

     Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

  • Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
  • әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
  • қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;

     Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің  негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік  мұқтаждыққа қажетті бюджеттік  құралдарды тұрақты және бірқалыпты  түсуін қамтамасыз еру.

     Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асылылады.

     Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік  принципі құрамына республикалық  және жергілікті бюджеттер кіретін  елдің мемлекеттік бюджетін құрумен  қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау негізделеді.

     Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі  орта мерзімді фискалдық саясаттың  бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық  даму болжамдарына негізделген  ағымдағы және болашақ бюджеттік  жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз етіледі.

     Басымдылық принцип елдің орта  мерзімді әлеуметтік-экономикалық  даму жоспарының басымдылықты  бағыттары негізінде бюджеттік  жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

     Бюджеттің кірістері мен шығындарының  теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Информация о работе Мемлекеттік қаржыны басқару